Дүниетану. Қала. Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері

Әбілдаева Б. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш пән мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың көріп-білгеніне сүйеніп,қала туралы білім қалыптастыру.Көлік түрлерін меңгерту.
2. Теориялық білімді меңгере отырып,ауыл мен қаланың ерекшеліктерін арттыру.Ой-өрісін дамытып,сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Көшеде  жүру ережелерін,көше тәртібі мен мәдениетін сақтауға,әдептілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
Көрнекілігі: ауыл мен қаланың суреті, көлік түрлері, қима қағаздар, бағдарлама.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

ll. үй тапсырмасын тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру:

-Сенің ауылың қалай аталады?

-Ауылыңда тұрмыс қажетін өтейтін қандай мекемелер бар? (Ауыл көрінісі,қима қағаздар).

Дүкен
Мектеп          Балабақша
(оқушылар ауылдағы мекемелерді атап шығады).
-Осылардың ауыл үшін пайдасын айт.
-Сенің туыстарың қайда істейді?

2) «Ауыл-қазақтың алтын бесігі».

lll.Білімді жан-жақты тексеру.

1)    Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. «Ой қозғау».
-Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды?
-Сенің үйіңде көліктің қандай түрі бар?
(Көлік-алыс жерге қатынайтын,жылжымалы мүмкін)

2)    Көліктің қандай түрлеріне білесің? (суреттер)
Салт  атты,ат-арба деген сөздерді түсіндір.

ll.Сабақты қабылдауға даярлық.

1)Өзінің үйің қайда тұратынын,мекенжайыңды айт.

(Әр отбасының тұратын жері.Мекенжай ауылда не қалада болады.Мекенжайға үй,қора-қожы,тұрмысқа қажетті заттардың бәрі кіреді).

2)Мектепке баратын жолыңдағы көшелерді ата.

3)Ауылдағы көлік түрлері есіңе түсір.

 

Автобус

Жеңіл машина

Ауыл                              Жүк машина

Арба

Трактор

Сергіту сәті: (Сабақтың тақырыбын айттып өту)

V.Жаңа сабақ.

1)Оқушыларды қатыстырып,көрген-білгендеріне сүйене отырып,сұрақ-жауап түрінде өткізу.

А)Қала көрінісі:Суретке қарап әңгімеле,ауылмен салыстыр.

2)Қала тұрмысының ауылдан айырмасын айт оқушылардың жауаптарын толықтыру

Ауыл шаруашылығы

 

Астық қоймасы                        Егін егеді                       Мал бағады      Ферма

 

Нан тағамдары                  Ет тағамдары

-Осы өнімдер қалаға жіберіледі.

Ауылдағы тұрмыс қаладағыдан басқаша.Ауылда,үй маңында мал қор,тауық қора,сарай болады.Итке де бөлек үйшік салынады.Малдың жем шөбін үйетін де орын керек.

Қалада көп қабатты үйлерде барлық жағдай жасалған.Қала тұрғындары отын дайындап,мал ұстамайды.Себебі азық-түлікпен ауыл қамтамасыз етеді.

(қала-цирк,театр,жоғары оқу орындары)

Б)Көлік түрлері

-Ауылдағы көлік түрлерін қаладағымен салыстыр.
Сергіту сәті.

Vl.Сабақты бекіту.

1) Дәптеріңе трамвай,траллейбус,автобус деген сөздерді жаз.
Осыларға мініп,түсі ережелерін айт.
А)Көлікке мінген сәттен біз-жолаушыларымыз.

v Автобустың артқы есігінен мініп,алдыңғы есігінен түсеміз.
v Құламау үшін ұстағыштан ұстап тұру.
v Автобустың алдыңғы орындары қарт адамдарға және балалы аналарға арналған.Үлкендерге орын бер.
v Автобуста қатты сөйлеуге болмайды,ал-қоғамдық көлік.

v Көлік жүріп бара жатқанда секіріп түспеу,толық тоқтағанда күту.

v Автобустан түскеннен кейін,алдынан емес,артынан айналып өт.

Ә)Көше ережелерін еске түсіру;

Үйден шыққан сәттен бастап сен жаяу жүргіншісің.
v Жолға жетіп тоқта.
v Жолдан өтпестен бұрын сол жағыңа,сонан соң оң жағыңа және машина келіп қалады-ау деген жақтың бәріне қара.
v Егер сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең,сонда ғана жолдан өтуге болады.
v Жиекжолдың оң жағын бойлай жүріп отыр.
v Көшеде келе жатқанда абай бол!Асықпа!

Б) Көшедегі сенімді досымыз:
«Көгі» жүр дейді,
«Қызым» тұр дейді.

(Бағдаршам)

Vll.Қорытынды.  а) –Сабақтан не біліп шықтық?
ә) Бағалау
Vlll.Үйге: көліктің суретін салу.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.