Бастауыш. Тәрбие сағаты. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Абилдаева Бота Асилбековна. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш пән мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жақсы мен жаман әдеттердің айырмашылығын түсіндіру.
2. Сөйлесу тілін дамыта отырып,ойлау,көру,сезіну,қабылдау қабілеттерін  дамыту. Топ алдына еркін сөйлесуге,дауыс ырғағын дұрыс сақтауға,өлеңді дұрыс оқуға,яғни шешендікке баулу.
3. Өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:  Абайдың суреті,нақыл сөздер.
Сабақтың түрі:   жарыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
1)Психологиялық дайындық.Ьір-бірімізге қарап,жымыямыз.
2)Суретте не көріп тұрмыз? («Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік»)

ll. Сабақтың мақсатын хабарлау.
1) Бүгінгі сабақ сайыс (жарыс) түрінде.Жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу.Айырмашылықтарын ұғындыру.
2) Әділ қазылар алқасын сайлау. (Нағима Өскембаева Зәуреш,Гулназ-әпкейлер).

lll.Топ басшыларының таныстырулары.
1-топ басшысы: Тоқтарбек Нұрсұлтан.
«Бес нәрседен қашық бол!»
Ұраны: Бес жаманнан қашық бол.
Армандайық алысты.

2-топ басшысы: Жимаханов Ғалымжан.
«Бес асылға асық бол!»
Ұраны: Бес асылға асық бол,
Қамшылайық намысты!
«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

lV.  1) Топтар тақпақтарын айтады. (Мәнерлі оқуға көңіл бөлінеді)

Мұғалім:
Ісіңе жұрт сүйінер,
Бала болсаң әдепті.
Дос -жараның күйінер,
Таста жаман әдетті.

«Бес нәрседен қашық бол!»,-
Деген Абай атамыз.
Әдепсізге машық сол
Бес жаманды атаңыз.

1-оқушы:
«Өтірік,өсек,мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ.»
Сақтандырған атамыз
Бес жаман іс,аңғарсақ.

Мұғалім:
Өте дұрыс жауабың,
Таудай болсын талабың!
Өтірік жайлы,қанеки,
Бар ма ортаға саларың?

2-оқушы:
Тілазар
Жұмсай қалсаң Бектұрды,
Сылтауы бар көп түрлі.
Бірде «сылти» қалады,
Бірде қары талады.

Ал,шақырсаң тамаққа,
Бәрі ұмыт боп заматта,
Сылтаусыз-ақ ешқандай
Ұмтылады ес қалмай.

Мұғалім:
Бұл жаманы жаманның,
Бала кезден қашпасаң.
Өтірікші адамның
Сыйы болмас ешқашан.

Айналдырып бар өңін,
Естігенін ұлғайтар.
Өсек жайлы,ал енді
Қане,бізге кім айтар?

Екі оқушы кезекпен:
–          Тұрғанды айт оңбаған,
Болып жүр-ау сол да адам.
–         Ойбай,айтпа,төр жақта
Құдайы бар қолдаған.
–   Баласы ше?
–   Самат па?
Жүрген біреу санатта.
Жылдан-жылға көшіп жүр,
Бармаса да сабаққа.

Екеуі қосылып:
Осылайша ма құяр
Өсекшілер өрт сөзге.
Бұдан асқан жан қияр
Көре алмадым дертті өзге.

Мұғалім:
Өсек айту жасыңда-
Деттің дерті,расында
Ал кеппені күлкі етер
Қайсың барсаң?Тосылма.
5-оқушы:
Бөспе
Көршіміздің өсері
Әй,келіп бір бөседі.
Айдаһармен айқасып,
Жеті басын кеседі.
Жауды қуған кешегі
Батыр да боп еседі.
…Зәресі ұшар,ал бірақ,
Ақырса атам есегі.

Мұғалім:
Сілтей салар әрдайым,
Ертеңі бар дап-дайын.
Айтып берер кім,қане,
Еркіншектің жағдайын?

6-оқушы:
Ертеңшіл Есбай
Көрсең біздің Есбайды,
Аспайды да,саспайды,
Тамақ болса,қашпайды,
Жұмыс болса баспайды.
«Аула сыпыр» дей қалсаң,
Күнде ертеңге тастайды.
Жүз айтсаң да,ең кемі,
Таусылмайды ертеңі.

Мұғалім:
Өкіндірер,мұңайтар
Тексіз мінез-құлықтар.
Тағы  қандай,кім айтар
Жағымсыздау қылық бар

7-оқушы:
Ұрыншақ
Жайдан қарап тұра алмай,
Әркімге бір соқтығар.
Құтырыншақ,сірә,ондай.
Дүниеде жоқ шығар.
Сондықтан да Әбсетті
Ұнатпайды бар бала.

Мұғалім:
Көптің ойын бүрлетіп,
Әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол,үлгі етіп,
Бес асылдан сөз басын.

1-оқушы:
Тәрбиенің асқары-
Абай атам табынған.
Әдептілік бастауы
Бес асыл боп табылған.

2-оқушы:
Қанағат,Рақым,Терең ой,
Талап,Еңбек-өркен-ді;
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің-ертеңгі.

3-оқушы:
Қанағат
Ақылға сап,ой қылып,
Тыңда,тәжел,мен десең,
Қарыныңды тойдырып,
Сусын болам шөлдесең.

Мен боламын өмірің,
Байлығың да,барың да.
Тоқ болады көңілің,
Жүрсем әркез жанында.

4-оқушы:
 Рақым
Шарапаттан тұратын
Мен боламын рақым.
Тек жақсылық жолында
Салтанатын құратын.
Сыйым-ізгі махаббат,
Тигізерім-шапағат.
Кішілерге қамқор боп,
Қартқа тұрам «аталап»

5-оқушы:
«Терең ой»
Қыран қанат құстаймын,
Талабыңды ұштаймын,
Зерделіге достаймын,
Дарындыны қостаймын.
Ақылы азға қонбаймын
Сол ғой менің зор қайғым.

6-оқушы:
Талап
Таудай болса талабың,
Бағың болып жанамын.
Мен бар жерде болмайды
Алынбас еш қамалың.
Бап тілеймін құстай бір.
Қанатымды ұштай біл.

7-оқушы:
 Еңбек
Бәрі де менің жеңісім,
Зейнетім,демек, жемісім,
Шалқыған астық,кенішім-
Ырысты бейбіт ел үшін!

Мұғалім:
Бес асыл іс-бұл арлы,
Үлгі болған ғасырдан;
Қастер тұтып бұларды
Ардақтап өс жасыңнан.

    2)Мақал-мәтелдер айту.
Бес нәрседен қашық бол!

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.