Жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы, Бейнеу лицейінің тарих және «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы,отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.Бағдарламаның мақсаты-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді,жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары менмерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

Бағдарламаның «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде мақсаттар мен міндеттер айқындалған.

Мақсаты: Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтікжауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жәнекөшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Міндеті:

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Нысаналы индикатор:

Қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру,жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студенттер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту міндеті жүктеледі.

Еліміздің әрбір азаматы «Мен- қазақстандықпын» деп шынайы патриотизммен жауап бере ала ма? Патриоттық сезім- адами келбеті қалыптасқан, тілін, дінін қастерлейтін, әке-шеше, Отан алдындағы парызын жауапкершілікпен түсінетін азаматтардың бойында болатын отаншылдық сезім.Сондықтан да Отанға деген сүйіспеншілікті кешенді түрде қалыптастыру керек.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» – деп жазса, ал мұғалімдер съезінде: «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткен.Елбасы соңғы Жолдауы- «Қазақтан-2050» стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту міндетін жүктейді.

Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш – жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.

Ұлан-байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді. Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Мектеп жасындағы баланың рухани-адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Н.Ә.Назарбаев:«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.

Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруш, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.Жастардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды.

Қорыта айтқанда, сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес.Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп,ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түседі.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.