ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ

Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы, Бейнеу лицейінің тарих және «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында жақсылық, әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу мәселесі қалыптасты.

Бүгінгі балалардың бойында руханилылықтың жоқтығына байланысты ерекше алаңдаушылық білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды оқытуға бағытталған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуге негізгі себеп болып отыр.

Рухани-адамгершілік жөніндегі жаңа тәртіп балаларда (мектепке дейінгі кезеңнен жоғары оқу орнына дейінгі деңгейде) жеке ерекшеліктері мен халықтық педагогика әдісін, қазақ халқының ұлы мұрасы, сонымен қатар әлем тәжірибесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарын есепке ала отырып адамгершілік және руханилық сапасын дамытуды жорамалдайды. Жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаева есептегендей «әрбір адам туғаннан қалыптасқан қабілеттіліктерді толықтай мүмкіндігінше іске асыру үшін, сонымен қатар тек мемлекетке ғана емес Жердегі барлық адамдарға пайда әкелу үшін білім арқылы біз өз коғамыңызда адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңартуды тілейміз».

Осы пәнді енгізу мектептік оқытудың нақты мақсаты ретінде өзін-өзі тәрбиелейтін және дамытатын адамды қалыптастыру тапсырмасын ұсынуға мүмкіндік берді.

«Өзін-өзі тану» педагогтар мен ата-аналардың қызметін жастарды әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды.

Сондықтан да өзін-өзі тану пәні мұғалімдері ата-аналармен жұмыс жоспарлағанда отбасы ролінің қалыптасуын және оның мүшелерін бағалаудың маңыздылығын ескеруі тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының баланың жеке дамуына, оның мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Осы факторларды есепке ала отырып, педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттердің ең әсерлі үлгілерін таңдай алады.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білген жағдайда ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатырған Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарлама сегіз жыл экспериментте болып, өз нәтижесін берген соң жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына енгізілгеніне бір жыл толуына орай Бөбек» ҰҒПББСО 2011 жылы қарашаның 9-11 аралығында Алматы қаласында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Өмір ұстазы болу – борышым» атты І республикалық фестивалін ұйымдастырды. Фестивальге әр облыстан ең үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері шақырылды. Маңғыстау облысынан шақырылған үш мұғалімнің бірі мен болдым.

Қарашаның 8 күні ұшақтан қарсы алған сәттен бастап 4 күн бойы «Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институтының қызметкерлері және «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтарының авторлары Ж. Әкімбаева, Ж. Қажығалиева, Р. Ізғұттынова жанымызда болды. 9 қарашада фестивальдің ашылуынан кейін пән мұғалімдерінің өзін-өзі таныстыруы және портфолиосын қорғауы, «Өзін-өзі тану педагогтерінің шеберханасы» атты семинар тренинг ұйымдастырылды. Келесі күн ашық сабақтар мен оқушы шығармашылығын қорғау күні болы. Осы шараларға сегіз жылдық тәжірибесі бар педагогтермен қатар мен де қатысып, тәжірибемді ортаға салдым.. Түстен кейін қалаға саяхат жасап, кешкісін Абай атындағы драма театрда Д.Вердидің «Аида» операсын тамашаладық. Ал фестивальдің үшінші күнінде фестивальдің жабылу салтанаты мен үшін ерекше оқиға болды, осы кеште «Бөбек» ҰҒПББСО-ң «Өзін-өзі тану пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісіне белсене қатысып, Қазақстан Республикасының жас жеткіншектеріне рухани-адамгершілік білім беруге қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталдым.Осы бір әсерлі кештен соң дүние жүзіндегі санаулы обсерваторияның бірі – «Бөбек» орталығы обсерваториясында аспан денелерін тамашаладық.

Фестивальден алған әсерім мол болды.Республиканың түкпір-түкпірінен келген әріптестеріммен тәжірибе алмасып, өзіме бірталай рухани азық алдым. Осындай сәттерге мүмкіндік берген облыстық білім арттыру институтына,аудандық білім беру бөліміне , өзімнің қызмет орным- «Бейнеу лицейі» ММ ұжымына шексіз алғысымды білдіремін.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.