2-сабақ Алгоритмді график түрінде кескіндеу. «Орындаушы» ұғымы. Орындаушының командалар жүйесі.

жалғасы, алдынғы сабақты қарау

2-сабақ  Алгоритмді график түрінде кескіндеу. «Орындаушы» ұғымы. Орындаушының командалар жүйесі.
IІІ Үй тапсырмасымен жұмыс 

10 мин.

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу 

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес – 1 ұпай,
жартылай дұрыс – 2
толық дұрыс       –  3
жоқ                    –  0

2. Қысқаша сұрақ-жауап немесе арнаулы тест-программа бойынша тест. (1-2 ұп)

  • Алогритм деген не? Бұл сөз қайдан шыққан?
  • Негізгі қасиеттері қандай? (5 сұрақ)
[Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.]
IV Жаңа сабақ 15 мин. 1. Алогримнің блок-схемасы.
Алгоритмнің жазылу жолдары 

сөзбен (алдынғы сабақта бұлай жазу тәсілін қолдандық)

блок-схема түрінде (бүгінгі сабақта қарастырамыз)

алгоритмдік тілде. (келешек сабақтарда өтеміз)

программалық  тілде (келешек сабақтарда өтеміз)

[Оқулықтың 15-бетіндегі  кестені пайдаланып БС туралы түсінік береміз]

БС құру ережелері:

  1. БС басын және соңын көрсететін блок міндетті түрде болуы қажет;
  2. БС-да бір-бірімен қосылмаған блоктар болмауы тиіс;
  3. болкатар алгоритмдегі амалдардың орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы тиіс;
  4. арифемтикалық амаладар (процесс) орындалатын блоктың бір ену, бір шығу сызығы, шарт тексеру блогының (ромбы) бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Алты бұрышпен белгіленген цикл басы блогының екі ену, екі шығу сызығы болады.

2. «Орындаушы» ұғымы.

Алдынғы «интегерал» есебін шығаранда мен алгоритмді оқып тұрыдым, сіздер оны орындадыңыздар. Бұл жерде сіздер алгоритмді «орындаушы» міндетін атқардыңыздар.

Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде  атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.

Компьютер – кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.

3. Орындаушының командалар жүйесі.

Тағы да жоғарыдағы инетеграл мысалын қарастырайық. Ол алгоримтдегі әрекетердің  бөлшектер мен әрежелеу амалы болғандықтан төменгі сынып оқушылары атқара алмайды. Себебі; оларға бұл команда түсініксіз немсе бұл командалар төменгі сынып оқушысының командалар жүйесіне кірмейді. Яғни алгоритм командары орындаушыға түсінікті болуы тиіс.

V Сынып жұмысы
10 мин.
[Оқулықтың 10 бетіндегі ЕҮОБ алгоритмінің түрлі нұсқаларын жазуға тапсырма беру] 

Екі бүтін m және n сандары берілген.. Олардың ЕҮОБ табу керек. Олар тең болса кез-келгенін ЕҮОБ деп аламыз. Олай болмаса екі санның үлкенін анықтап, оны үлкен мен кішінің айрымасымен ауыстырамыз да екі санды салыстырамыз. Егер тең болмаса ЕҮОБ табылғанша жоғарыдағы әрекетті қайтала береміз.

Осы жұмысты алгоритм түрінде жазыңыздар. Бірнеше жолын қарастырыңыздар.
Оқулықтан 13 беттегі №5 есептегі мәндерді әр оқушыға өзгертіп беру.

Бағалау 

5 мин

Оқушыны 1-2-сабақ бойынша бағалау парағы: 

Ұйымдастыру Оқулық  бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Дәптер   бар – 1 ұп, жоқ -0
Қалам    бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Үй жұмысы Үй жұмысы
Бар, бірақ дұрыс емес -0,5
жартылай дұрыс – 1,5
толық дұрыс       –  3
жоқ                     –  0
Сұрақ-жауап н/е тест Бір дұрыс – 1 ұп барлығы 10
Өзіндің жұмыс Бір дұрыс –  ұп
Сынып жұмысы
А-нұсқа
В
С
мұғалім бағалайды
5 ұп
10 ұп
15 ұп
белсенділік 2 ұп /мұғалім қояды/
тәртіп-мәдениеттілік 3 ұп /мұғалім қояды/
Жалпы жинаған ұпайы б/ша
31-ден көп екі рет «5»
23-30 ұп – «5»
15-22 –  «4»
7 – 14 – «3»
0 – 7 – «2»

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.