«Хантағы» сайысы (6-7 сыныптар аралығында)

 

Теңізбаева Меруерт. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы,Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің тәлімгері.

Мақсаты: жарысқа қатысушы хан тағынан үміткер жастарды қазақ халқының дәстүрін білуге, адалдыққа, жан-жақтылыққа, біліктілікке, батырлыққа, мергендікке, ой өрісін дамытуға, елін, жерін сүюге, елінің болашағын ойлауға, ұтымдылыққа жеткізуге тәрбиелейді.

Барысы:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады.
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды

Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан
Қазақстың қасиетті жігіттері
Жанына, жыр дарыған, нұр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар
Айнымас алмас қылыш атанғандар
Қазақтың қасиетті жігіттері
Халқына қалқан болған қаһармандар-деп

meruertten003Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдіт-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»-деп ерекше бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

  1. Армысыздар құрметті қонақтар мен әлеумет қауым және ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін мектебімізде 6-7 сыныптар аралығында «Хантағы» сайысы өткелі отыр. Бұл сайысқа әр сыныптан бір ержүрек жігітіміз шығып, сайысқа түседі.

Ханның тағына отыру үшін құралайды көзге атқан мерген-батыр, қамал бұзатын мықты қолбасшы, небір қиын қыстау кезеңде жол таба білетін тапқыр, заманына сай әрі білімді, шешендікті игерген қара қылды жаратын, әділ баға беретін адам болуы тиіс.

Төле би бабамыз ақылдылығы, әрі данышпан-данагөйлігі, саясаткерлігі және рухани көсемділігімен өмірінің соңына дейін Ташкент қаласының әмірі болса, батырлығымен көзге түскен Абылай хан үш жүзге, ал Жалаңтөс Бахадүр Самарханға әмір болған.

Үш жүзге Абылай хан шыққан атың,
Ешқашан білінбеген жаман затың.
Өзіңді қошеметтеп елің сыйлап,
Тағына отырғызған бүкіл халқың,-

Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда қанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

деп айтқандай, хан тағына үміткер жас жігіттерімізді ортамызға шақырайық.

Сайысты кім бірінші болып бастайтынын анықтау үшін ортаға түстері әртүрлі асықтар салынған қоржынды әкелеміз. Жігіттеріміз өздеріне тиісті нөмірлерді төстеріне тағып алады.

Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау – Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдайболып,
Заманға сәйкесімен келген еді,-

деп, ендігі кезекті билер алқасымен таныстырып өтейік.

Енді батырларымызды бүгінгі ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.

  1. Мен, мен, мен едім!  (әр оқушы өзін-өзі таныстырады)
  2. «Құралайды көзге атқан» (нысананы көздеп ату арқылы ұпай жинайды)
  3. «Білекті бірді жығар » (кір тасын көтеру)
  4. «Күш атасын танымас» (күш сынасу, білектесу)
  5. «Білімнің мініп кемесін» (әр сайыскерге бір жұмбақ, бір мақал, салт-дәстүрден сұрақтар қойылады)
  6. «Егер мен ел басқаратын хан болсам…» (ой толғау)

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы,-дей келе

сайысымызды бастайық.  Бірінші кезең:

1. Мен, мен, мен едім! (әр оқушы өзін-өзі таныстырады)

1……………………………..

  1. ……………………………..
  2. ……………………………..
  3. ………………………………
  4. …………………………….

Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы
дей келе болашақ батырларымызды сайысқа шақырамыз.

2.  «Құралайды көзге атқан» (нысананы көздеп ату арқылы ұпай жинайды)
 

  1. ……………………………..
  2. ……………………………..
  3. ……………………………..
  4. ………………………………
  5. …………………………….

Осы сайысымыздың қорытындысы бойынша жеңген батырымызға «Мерген-батыр» атағын табыстаймыз. Атағыңыз құтты болсын! (Төс белгі тағу).

Енді сайысымыздың үшінші кезеңі:

3.   «Білекті бірді жығар » (кір тасын көтеру)

«Бұл кезде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұздым талай тау мен тасын.
Кешегі қыркүйектің базарында,
Көтердім 51 пұт кірдің тасын»-

деп Балуан Шолақ атамыз айтқандай, сол батыр бабаларымыздың ұрпақтарын ортамызға кезекпен кір тасын көтеруге шақырамыз.

  1. ……………………………..
  2. ……………………………..
  3. ……………………………..
  4. ………………………………
  5. …………………………….

 

Сайыстың шарты бойынша кір тасынең көп көтерген сайыскерге «Әскер басы» атағы табыс етіледі. Бұл атақ сендердің хан тағына бір табан жақындағандарыңызды білдіреді. Қазылар алқасы екінші сайыс қорытындыларын шығарып болғасын ұлттық киім киген қыздарымыз батырларға «Әскербасы» төс белгісін қадайды.

Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай,-

дегендей сайысымыздың келесі шарты

  1. Сайысымыздың келесі кезеңі  «Күш атасын танымас»  деп аталады. Бұл жерде жеребе тастау арқылы сайыскерлеріміз білектеседі. Ең соңында жеңіп шыққан батырымыз «Уәзір» атағын алып, төс белгісін тағады. Уәзіріміз хантағына жақындай түседі. Олай болса, сайысымызды бастайық.

 

  1. ……………………………..
  2. ……………………………..
  3. ……………………………..
  4. ………………………………
  5. …………………………….

 

Ертеде қазақтың ханына жоңғар қонтайшысы елші жіберіп, «Анау бәйге атын берсін немесе елін шабамын» деп жатыр дейді. Қазақ ханы аз ғана ойланып «Ел тыныш болсын » деп атты беріп жібереді. Келесі жылы тағы да елші келіп «Пәлендей сұлу қызын маған берсін немесе елін шабамын» деп хабар береді. Ханның қабағы түсіп, біраз ойланып «елім аман болсын» деп қызды беріп жібереді. Келесі кезекте елші “Пәлендей шұрайлы жерін берсін” деп жатыр дегенде, қазақ ханы еш ойланбастан, найзасын жерге бір-ақ ұрып «Кездесетін жерін айтсын» деген екен.

Міне, біздің бабаларымыз осынша ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен ғана емес, ақылдылығымен, саясаткерлігімен қорғаған.

Ендеше келесі кезеңіміз:

  1. «Білімнің мініп кемесін» деп аталады. Сайыскерлеріміз әділ қазылардың алдынан сұрақтар жазылған конверттерді алады, конвертте бір жұмбақ, бір мақал, салт-дәстүрден сұрақ бар, ойланып, дайын сайыскерлеріміз жауап бере беруге болады.

«Күн шығар ертең ерте таудан асып,
Әлемге он сегіз мың нұрын шашып.
Бұл жерге тамашалап келгеннен соң
Өлең айт көпшіліктің көңілін ашып» – дей келе

әділқазылар қорытындысын шығарып болғанша ортамызға

8 сынып оқушысы Нұрымбаев Жоламанды ……………………… әнімен ортаға шақырайық. Әділқазылардың қорытындысы дайын болған сияқты, олай болса «Бас уәзір» атағы кімге бұйырды екен, соны білейік. «Бас уәзір» атағын жеңіп алған батырымызды төс белгісімен құттықтаймыз!

«Адамның біліміне ақыл серік,
Ақылмен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай жауап беруің өзіңе ерік»- деп,

  1. Сайысымыздың соңғы шарты «Егер мен ел басқарған хан  болсам…» деп аталады. Бұл жерде сайыскерлеріміз үйден дайындап келген ойларын ортаға салады. Сайыскерлерімізді ортаға бір-бірлеп шақырамыз, қалған сайыскерлеріміздің акт залдан шыға тұруын өтінеміз. Олай болса бастайық:

 

  1. ……………………………..
  2. ……………………………..
  3. ……………………………..
  4. ………………………………
  5. …………………………….

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар қорытындылап болғанша ортаға …………………………. шақырамыз. Ең соңында әділ қазылар алқасы қатысушылардың барлық сайыс бойынша алған ұпайларының қосындысы арқылы жеңімпазды анықтайды. «Хантағына» қай батырымыз отырады екен, оны сәлден соң білетін боламыз.

Хан тағына отыратын батырымыз белгілі болды. Олай болса, қошеметтеп батырымызды хан тағына отырғызайық. Барлық сайыскерлерімізге үлкен рахмет айтамыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.