Білімің ұшар қанатың (стс)

 Теңізбаева Меруерт. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы,Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің тәлімгері.

Мақсаты: оқушыларды инабаттылыққа, байсалдылыққа, алғырлыққа, шешендікке, сыпайылыққа, өнерге-білімге құштар болуға, төзімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар, оқушылар! «Білімің ұшар қанатың»-бұл дегенің, ішіндеміз бәріміз бір кеменің! – деген сөз.

Бізді осы білім нәрімен сусындататын, үлгі өнеге көрсететін абзал жан ол-Ұстаз. Осы жерде ұстаз туралы бірер ауыз сөз айтқанды жөн деп санаймыз. Мұғалім-мектептің айнасы,  бәйтерегі. Ұстаздаржайында халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы:«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өріседі… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»,- деген. Бойымызға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, әдептілік, ар – ұят, ұлттық сана – сезімді сіңіруші адам – МҰҒАЛІМ.

Жүргізуші:

Өмір атты кеме кетіп барады,
Тыным таппай су сылдырап ағады
Барма екен, тоқтар жері кеменің,
Жо – жоқ, өмір таңдамас еш жағаны.

Өмір жылжып барады бір тынымсыз,
Ал, адамзат өтпейді арман – мұңсыз.
Келіңіз, өмір жайлы сырласайық,
Бүгінгі өмір жолаушысы Сіз және Біз.

Ендеше бүгінгі «Білімің ұшар қанатың» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңының ұл – қызысыз
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз – дей тұрып, ортаға
«Бес жұлдыз» тобымен «Шапағат» тобын шақырайық.

(Әр команда капитандары жеребе алып, бірінші қай топ бастайтыны анықталады)

meruertten002Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды саралап, әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар.

  1. ………………………………….
  2. ……………………………………
  3. …………………………………….

Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

1. Таныстыру
2. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар (екі топқа ортақ 15 сұрақ қойылады, бірінші таяқшаны көтерген топ жауап береді)
3.  «Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар»(бір қызықты жағдаят беріледі, олар өздерінің тапқырлығын, ақылдылығын, жауаптарымен дәлелдеу керек.)
4. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін ортаға салу)
5. «Мақал-сөздің мәйегі» (берілген мақалды аяқтау)
6. Капитандар сайысы ( 15 сұрақ қойылады)

Жүргізуші:

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы!

Бірінші бөлім «Таныстыру» бөліміне кезек берейік.
Әр топтың топ басшыларыөз топтарының  мүшелерін таныстырады.

Жүргізуші:

«Талпынған бала, талпынған құстай, Құмары қанбас, аспанға ұшпай..»,- деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.

Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы білімді, шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжи аламыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ.

Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріңе — дей келе екінші бөлім «Сұрақ – жауап».

Бұл «Сұрақ – жауап» бөлімінде сендерге 15 сұрақ қойылады. Сендер алдарыңдағы таяқшаларыңды көтеру арқылы жауап бересіңдер.

Сұрақтар:

1.      Қ.Р. ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993,12 қараша)
2.      Дүниежүзілік мұхиттың ауданы (361,1 млн.км2)
3.      Үш арсызды ата (Ұйқы, тамақ, кұлкі)
4.      50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек? (5 баланың)
5.      Бір тоннада неше кг бар? (1000 кг)
6.      «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)
7.      «Менің атым Қожа» повесінің авторы? (Б.Соқпақбаев)
8.      Тәуке ханның тұсындағы заң жинағы қалай аталыд? («Жеті жарғы»)
9.      Африка қанша мұхитпен шектеседі? (2)
10.    Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем)
11.    Тудың авторы кім?
12.    Гимннің бірінші шумағын жаз.
13.    Гимннің сөзін жазғандар?
14. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубәкіров)
15.  Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (Бәйшешек)

Үшінші кезең:

Таза мінсіз асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Таза мінсіз асыл тас,
Жел толқытса шығады-
дегендей келесі бөліміміз:

«Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар»(бір қызықты жағдаят беріледі, олар өздерінің тапқырлығын, ақылдылығын, жауаптарымен дәлелдеу керек.)

«Бес жұлдыз» тобына:

  • Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.