Теориялық білім беру әдістері

Ләззат Мақпалбай. Қызыл-Орда обысы

Төмендегі 11 әдіс теориялық оқытудың әралуандығын көрсетіп, бұларды қолданғанда оқытушы әдістемелік біліктілікті, әрбір әдістің артықшылықтарын ескере отырып, дұрыс пайдалану үшін меңгерген жөн деп есептейді.

Әрбір жағдай үшін әрқашан ең ыңғайлы әдіс пайдаланылуы қажет!

Келесі шолу әрбір әдістің артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталады.

1.Баяндама

Жағдай: Оқытушы оқу тобының алдында тұрады және фактілер, түсініктер, негіздер және үрдістер туралы көбіне мүдіріссіз айтады. Ол толық жете зерттелген білімді алдыға тартады, жол-жөнекей сұрақтарды күтпейді.

Егер ауқымды тақырып бойынша кіріспе әрекеттер беру керек болса, бұл әдіс өте тартымды.

Артықшылықтары:

         Үлкен көлемді деректерді қысқа мерзімде беруге болатындығы

         Қарапайым әдістемелік және ұйымдастырушылық дайындық мүмкіндігі

         Логикалық жүйелілікті сақтауға жеңіл қол жеткізуге болатындығы

Кемшіліктері:

         Кең көлемді білімді қабылдауға үлкен күш керек, есте сақтап қалу қиын

         Шаршатады, 20 минуттен артық назар салып тыңдау ылжыратып жібереді!

         әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы

         сұрақ қою мүмкіндігі жоқтың қасы

         оқушыларға жоғары талап қойылу қаупі бар

         оқу енжар түрде өтіп жатады

2. Презентация

Жағдай: Оқытушы оқу тобының алдында тұрып, нақты заттарды, модельдерді, жұмыс мысалдарын, сондай-ақ фотосуреттерді, постерлерді және есту-көру ақпарат құралдарын – фильмдерді, диапозитивтерді және т.б. ұсынады. Алға тарту түсіндірумеен қоса жүріп жатады. Білім беруді қызықты, көрнекті және практикаға жақын етіп іске асырып, фактілер қабылдауды жеңілдету үшін бұл әдіс орынды.

Артықшылықтары:

         оптикалық қолдау қабылдау қабілетін және түсінуін ынталандырады

         әдістемелік дайындық қиын емес

         логикалық жүйелілікті оңай қабылдауға болады

         оқушылардың басқадай тек орнында тұрғанда ғана мағлұмат алатын нақты заттар мен жағдайларды көз алдына келтіре алатындығы

Кемшіліктері:

         егер талқылау жүрсе, білімді қамту тек біржақты жүреді

         егер қосымша шаралар болмаса, біржақтылық қаупі бар

         әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы

         егер оқушы құрылғыларды қолдануда тәжірибесіз болса, құрылғыларда техникалық сәтсіздіктер болу қаупі бар

         оқу енжар түрде өтеді

         20 минутттен артық назар салып тыңдау қалжыратып жібереді

3. Көрсету

Жағдай: Оытушы оқу тобының алдында тұрып, сайманды ұстауды немесе машинаны күтуді немесе белгілі бір жағдайда тығырықтан қалай шығу керектігін көрсетеді.

Егер практикалық жұмыс әрекеттері көрсетілуі керек болса, бұл әдіс әсіресе ыңғайлы.

Оны нұсқанаумаға қатысты қолдануға болады.

Артықшылықтары:

         егер соңынан еліктеу болатын болса, көптеген дағдыларға үйрету оңай

         бұрыс әрекеттерден және қателерден аулақ болып немесе басталғанша жөндеуге болады

         қадамдардың дұрыс жүйелілігін оңай құруға болады

         егжей-тегжейлі тәжірибе беруге болады

         әртүрлі жылдамдықпен дағды көрсетудің жақсы мүмкіндігі

Кемшіліктері:

         оқытушының мүмкін болу қателіктері оқушыға ауысады

         20 имнуттен артық назар салып тыңдау қалжыратады

         әралуан алдыңғы білімдерді ескерілмейді

         азғантай ғана оқушының көре алатындығы

         оқушылар тез шаршайды

         дайындық көп уақытты тілейді

4. Барлау (зерттеу)

Жағдай: Оқытушы бақылау үшін негізгі баптары белгіленген есептерді дайындайды. Ол берілген есептерге жауап табу үшін белгілі бір жерде барлау жасауға тапсырма береді. Оқытушы оқушыларды бақылап және топты бағдарлайды (қауіпсіздік шаралары). Бұл – оқу тобын белгілі бір ортаға енгізуге арналған жақсы әдіс.

Артықшылықтары:

         оқу орнымен танысудың босаңсыған және қызықты жолы

         оқушылар назар салып бақылауды үйренеді

         оқушылардың алдыңғы білімін қатыстырудың қысқа жақсы мүмкіндігі

Кемшіліктері:

         көп уақыт талап етеді

         оқушыларға келесіде әлі де өңдеуді талап ететін толық емес түсінік берілуі мүмкін.

5. Оқу сұхбаты

         Жағдай: Оқытушы білімді фактілер, негіздер мен үрдістер түрінде береді және ойлану бағдарына әсер ету үшін сұрақтарды пайдаланады да, жауаптар мен талқылаулар күтеді. Бұл жерде барлық дидактикалық негіздерді ескеруге болады, бұл ең кең тараған оқыту әдісі. Бұл түсінуді және “байланыста ойлауды” дамытуға өте қолайлы.

Артықшылықтары:

         Оқытушы парасаттық (танымдық) қабілетті даму үрдісін тікелей қолдап отырады

         Ауқымды деректер аздаған қадамдармен талдана алады

         Оқудың өте белсенді жолы

         Оқушылардың алдыңғы білімін қатыстыруға жақсы мүмкіндік

Кемшіліктері:

         Сұрақтар қоюдың қате техникаларын қолдану қаупі бар

         Оқытушы оқушыны асыра бағалап жіберуі мүмкін

         Оқушының өз пікірінің бағытын ойластыруына әсер ету қаупі бар

 

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.