Сыныбы: 8. Практикалық жұмыс Power Point

Семей қаласы -2014 ж

Күні_____________

Сабақтың тақырыбы: MS Power Point бағдарламасында практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Activ voіte  тест пульті, интерактивті тақта, Sin оқулығы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (3мин)
ІІ. Үй жұмысын тексеру (8 мин)
ІІІ. Практикалық жұмыс (25 мин)
ІV. Қорытынды (5)
V. Үйге тапсырма, оқушыларды бағалау (3 мин)

І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. (3 мин)

ІІ  Үй жұмысын тексеру

1.      Power Point не үшін арналған бағдарлама?  (Презентация жасауға )
2.      Power Point-ты  іске қалай қосуға болады?
3.      Слайд дегеніміз не? (Мәтінді,объектілерді,клиптерді іске қосатын күрделі объект)
4.      Презентация деп нені атайды (Слайдтардың жиынтығын)
5.      Слайдтарды қалай қосуға болады? (Алдыңғы слайдты белгілеп,ENTER пернесін басып)
6.      Слайдтарға қандай  графикалық объектілерді орналастыруға болады? Кестелер,диаграммалар,суреттер,бейнеклиптер
7.      Жаңа презентация құру командасы    ( Файл-Создать командасы арқылы)
Презентацияны сақтау командасы? (Файл-Сохранить )
9.      Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы (F 5 )

ІІІ.  Практикалық  жұмыс

1 тапсырма  «Туған қалам Семейім» тақырыбында  презентациялар жасау.  Оқушылар әр слайд бойынша сөйлеп, презентацияны талдайды. Ең жақсы жасалған 2 -3 презентацияны қорғайды.

2 тапсырма  Әр топ  қаламыздағы ірі компьютерлік дүкендердің бірі “Fora”  және “Logycom” дүкендеріне ролик дайындап,  жарнамалайды.

VІ. Қорытынды

(Activ voite  тест пульті арқылы)
1. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
б) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді;
2. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
а) Показ слайдов – Начать показ;
ә) Показ слайдов – Настройка демонстрации;
б) Файл – Предварительный просмотр;
3. Жаңа слайдты қай команданың көмегімен құруға болады?
а) Файл – Открыть командасының көмегімен;
ә) Файл – Создать командасының көмегімен;
б) Файл – Выход командасының көмегімен;

4. Слайд деп….
а) көзге көрінетін обьектті айтамыз;
ә) терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін айтамыз;
б) слайд кескінінің толық экранда орналасуын айтамыз;
5. Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін қай команданы орындаймыз?
а) презентацияны ашып, Файл – Выход командасын орындау;
ә) презентацияны ашып, Файл – Печать командасын орындау;
б) презентацияны ашып, Файл – Открыть командасын орындау;
6. Слайдта қандай обьектілер орналастыруға болады?
а) фон, мәтін, кестелер, диаграмма, фильм, дыбыс, графикалық бейнелер т. б.
ә) тек қана мәтіндер мен кестелерді;
б) кадрлар, презентация жоспарын графикалық пакеттерді.
7. MS Power Point бағдарламасы үлгітүрдің қандай типтерін ұсынады?
а) Автомазмұн шебері, бос презентация, ұсынылған қалыптар негізінде;
ә) презентация түрі, презентация стилі, слайдтың көркемделуі;
б) презентациялар үлгітүрі, көркемдеу үлгітүрі.
8. MS Power Point бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілі бар? (қате жауабын көрсет)
а) Автомазмұн шебері, презентация шаблоны арқылы;
ә) Бос презентация арқылы;
б) Программалық тілдер жазу арқылы.
9. MS Power Point бағдарламасында құжат бейнелеуінің қандай режимдері бар?
а) презентациялар үлгітүрі, көркем үлгітүрі;
ә) Әдеттегі, құрылымдық, слайдтар, слайдтарды сорттаушы, слайдтарды көрсету;
б) Тақырып жолы, меню қатары, құралдар панелі, жұмыс аймағы, қалып – күй қатары.
10. MS Power Point бағдарламасын іске қосу жолы:
а) Пуск – Все программы – Стандартные – MS Power Point;
ә) Пуск – Все программы – MS Power Point;
б) Компьютерді қосқан кезде өзі қосылады.
V.  Үйге тапсырма, оқушыларды бағалау
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру, «MS Power Point бағдарламасын қайталау» «Менің достырым» тақырыбында презентация жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.