Информатика оқу кабинетiнiң жабдықталуына қойылатын талаптар

Гүлназ Нұрғожина.

  1. Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар енедi:
  • Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы;
  • Арнайы жиһаз бен оргтехника;
  • Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар;
  • “Информатика” курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына негiзделген программалық құралдар;
  • компьютерде оқушылардың өзiндiк жұмысы мен тапсырмаларды орындау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастыру;
  • ғылыми-танымдық, анықтамалық және әдiстемелiк әдебиеттер жиынтығы;
  • Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерiнiң құрылымдық жүйеде жүргiзуге арналған, игерiлетiн материалдың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу, демонстрациялау құралдарының жекелеген түрлерiн жинақтауға болатын оқу-әдiстемелiк жинағы;
  • Техника қауiпсiздiгi бойынша оқушыларға нұсқаулар жүргiзу мен оны мерзiмдi түрде тексерiп отыру журналы;
  • Компьютердiң iстен шығуы мен оны жөндеу журналы;
  • Оқушылардың жұмысын көрсететiн кестелер мен қабырға материалдары;
  • Мектеп директоры бекiткен информатика кабинетiнiң жабдықталу жоспары, кабинеттегi құрал-жабдықтардың есебi жазылған кiтапша;
  • Алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қажеттi дәрi-дәрмектер қобдишасы;
  • Өрт сөндiруге қажеттi құрал-жабдықтар;
  • Техника қауiпсiздiгi мен оның сақталуын қамтамасыз етуге арналған құрал-жабдықтар.
  1. Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолданатын зерттеу-тәжiрибе жұмыстарын өткiзуге арналған зертхана (лаборатория)
  2. Болашақта әлемдiк деңгейде  және аймақтық телекоммуникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi)

3.Информатикадан дидактикалық материалдар жүйесi

  1. Программалаудан (сыныптар бойынша) бақылау жұмысының материалдары.
  2. 2. Әрбiр тақырып бойынша деңгейлiк тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдар.
  3. 3. Сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық)
  1. 1. 8-11 сыныптар үшiн информатикадан олимпиада материалдары (мектепiшiлiк, аудандық, қалалық (облыстық), республикалық).
  2. 2. Сыныптар бойынша жұмыс дәптерлерi
  3. 3. Информатикадан бақылау және жаттығу программалары

4.Нормативтiк-ұйымдастырушылық құжаттары

  1. ҚР “Бiлiм туралы” Заңы.
  2. 2. Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы
  3. 3. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасы.
  4. 4. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандарты
  5. 5. ҚР Бiлiм және Ғылым министрлiгiнiң әдiстемелiк нұсқау хаты.
  6. 6. Сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары
  7. 7. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан күнтiзбелiк-тақырыптық жоспар.
  8. 8. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан сабақ жоспарлары
  9. 9. Кабинет жұмысының жоспары
  10. 10. Кабинет жұмысына талдау
  11. 11. Кабинет активiнiң жұмыс жоспары
  12. 12. Кабинеттi дамытудың келешек жоспары
  13. 13. Оқу процесiн ақпараттандыруды дамытудың жоспары

5.Информатикадан оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң тiзiмi

  1. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан оқулықтар мен оқу құралдары
  2. Мұғалiмге арнлаған әдiстемелiк құралдар
  3. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан электрондық оқулықтар
  4. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан деңгейлiк тапсырмалардан құрастырылған жұмыс дәптерлерi

6. Кабинет кiтапханасы

  1. Анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер
  2. Сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдебиеттер
  3. Мерзiмдiк басылымдар
  4. Мұғалiм мен оқушының шығармашылық жұмыстары

7.Техника қауiпсiздiгi

8.Санитарлық-гигиеналық нормалар9.Информатика кабинетi мазмұнын зерттеу белгiлерi

Бағалау белгiлерi ұпайлар саны Эксперт бағасы
1. Информатика кабинетi ережесiнiң талаптарына сай жабдықталуы мен безендiрiлуi. (Кабинеттiң төлқұжаты, кабинеттiң келешек жоспары, орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасын дамыту жоспары, кабинет кеңесiнiң жоспары, оқу кабинетiнiң жабдықталу тiзiмi).
2. Құжаттар (төлқұжат, есепке алу кiтабы, оқу жабдықтарының каталогы).
3. Жаңа типтi техникалық құрылғылармен жабдықталуы (компьютер, қолмен және дистанциялық басқарумен жабдықталған диапроекторлар, кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон, видеокассеталар, лазерлiк дискеталар, слайдтар және т.б.), оларды пайдалану тиiмдiлiгi.
4. Оқу-әдiстемелiк жинақтармен жабдықталуы (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдiстемелiк әдебиеттерi, факультативтiк курстарға арналған құралдар, сөздiктер, тест жинақтары, дидактикалық материалдар, базалық программалық қамсыздандыру, электрондық оқулықтар, мультимедиялық программалар).
5. Алынған және өздiгiнен дайындалған оқыту құралдары (көрнекi құралдар, плакаттар, кестелер, кескiндер, деңгейлiк тапсырмалардан құралған карточкалар, сыныптар бойынша бақылау тестiлерi (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық), слайдтар, үйрету және бақылау программалары). 1 – 10
6. Оқу-көрнекi құралдарын жүйелеу (электрондық картотекалар) 1 – 5
7. Оқушылардың өзiндiк шығармашылық жұмыстары (рефераттар, бағдарламалар, орындалған шығармашылық жұмыс үлгiлерi) 1 – 10
8. Информатикадан ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар (олимпиада материалдары,  ғылыми жобаларды қорғау, үйiрмелер, факультативтер және оларды сыныптар мен тақырыптар бойынша жүйелеу) . 1-5
9. Оқушылардың бiлiм сапасының мониторингi (графиктiк ақпарат түрiнде) 1-5
10. Бiлiм беру технологияларын енгiзудi негiздеу, оларды сипаттау, дәстүрлi оқыту әдiстерiмен салыстыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 1-10
11. Педагогикалық iс-тәжiрибенiң бөлiктерiн айқындайтын сандық және сапалық көрсеткiштерi (сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, технологиялық карта және т.б.) 1-10
12. Кабинеттi жабдықтау: қазiргi талапқа сай болуы, ұқыптылығы, оқытылатын материалдарға сай болуы, оқушы мен мұғалiмнiң оны жабдықтауға үлесi 1-10
13. Техника қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерiн сақтау 1-5
Барлығы 100

10. Кабинет паспортын жабдықтаудың құжаттар тiзiмi

  1. Сыртқы бетi
  2. Оқу жылына информатика кабинетiнiң дайындық актiсi
  3. Өрттi сөндiруге арналған құралдар
  4. Техника қауiпсiздiгi мен оны сақтауды қамтамасыз етуге арналған құралдар
  5. Жұмыс орнының жарықтылық деңгейi
  6. Информатика кабинетiндегi оқу-көрнекi құралдары мен жиһаздар және техникалық құралдар тiзiмi
  7. Информатика кабинетiн жабдықтау шараларының жоспары
  8. Информатика кабинетiнiң жұмыс графигi
  9. Оқытудың техникалық құралдары тiркелген инвентарлық журнал
  10. Бiлiм мекемелерiнде информатика кабинетiнiң орналасу кескiнi
  11. Электр желiлерiнiң жүргiзiлу кескiнi

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.