Әлмерек абыз туралы

***** Қазақ халқына адал қызмет етекен батырлары мен шешендері, билері мен көсемдері, хандары мен сұлтандары, ақындары әлі де толық зерттеліп хатқа түсірліген жоқ. Сондай ақындардың бірі Жамбылға батасын берген құлан аяқ Құлмамбет болса, аталмай жүрген батырлардың бірі атақты Райымбек батырдың рухани және әскери ұстазы, Қазақ халқы Абыз атағын берген екі адамның бірі Әлмерек батыр.

Әлмерек батыр туралы жазба деректер ешкімнің колында жоқ деуге болмас. Ол кісінің тікелей ұрпақтарынын бірі 1953 жылы Шығыс Түркістанда қайтыс болған марқұм бабам Керменұлы Тұрысбек деген кісі. Ол кісі жастайынан білім қуып, кітап құмар болып өседі. Үлкейе келе имамдық құрып, бала оқытады. Көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ол кісінің Баубек ата -деген бір шәкірті Алматыдағы Әлмерек Абыз кесенесінде шырақшы болып отыр. Тұрысбек атам дүниеден өткенше елге сыйлы болып кеткен екен.

Қытайдағы аты шулы мәдени төнкеріс кезінде, ескіліктің қалдығы ретінде имамдар мен олардың қолындағы кітаптарды жоя бастайды. Атамыздың ескіден келе жатақан көптеген кітаптары болыпты. Ол кісі көзі тірісінде заманның ауанын байқап, балаларына осы кітаптарды киізге орап
көмдіреді. “Мен қайтыс болғанда, осы кітаптардың қасына жерлеңдер” деп өсиет айтады.

Міне, осы кітаптардың арасында қадірлі бабамыз Әмерек абыз туралы деректер, немесе бабамыздың өз туындылары да болуы мүмкін деп ойлаймын. Бабамыздың ұрпақатарының ішінде атақты батырлар, билер, шешендер мен әулиелер шыққан. Кейінгі ұрпақатарында да атақты азаматтар бар. Атақты Сұраншы батыр Әлмеректің немересі болып келеді.

Кейінгілерден Ұзақ батыр “Албан көтірілісін” Ұйымдастырып, ақ патшаға қарсы соғысқан көзсіз ерелердің бірі.. М.Ауезовтын «қилы заманында» оның басынан өткен оқиға шындықпен сәйкес айтылған. Ұзақ батырдың қызының қызы, яғни, жиені Күміс әжеміз Тұрысбек атамның үлкен баласы Сейділ (ел ішінде қара молда аталып кеткен) атамның кемпірі 1998 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындаңы Белбасар ауылында 103 жасқа келіп, көз алдымызда қайтыс болды.

Әлмерек бабамыздың біздің заманымыздаңы атақты ұрпағы Бердібек Соқпақбаев. Кеңес үкіметінің тар заманын мойындай алмай, кең дүниеге сыймай кеткендердің бірі. Қазіргі кезде бабамыздың тәуіпшілік-емшілік өнерін бойына сінірген ұрпақтары Ермек Мырзагелді деген азаматтың
басқаруымен “Әлмерек Абыз тегін емдеу орталығы” деген мекеме арқылы халыққа тегін кызмет көрсетіп, елдің алғысына бөленіп жүр.

Әлмерек Абыздың ұрпактары Албан ішіндегі құрман руы. Құрмандар Албанның ішінде ең көп тараңан ру болып табылады. Сатистикалық есеп бойынша Әлмерек Абыздың ұрпактарының саны казіргі күні 300 мыңнан асып түседі. Құрмандардың тағы бір ерекшелігі 12 атадан асып кетсе де әлі күнге бір-бірімен қыз алыспайды. Мысалы мен Әлмеректін 13-ші ұрпағы
болам. Әлмерек Бабанын өсиеті бойынша мен Бердібек Соқпақбаевтың аулымен қыз алыспайтын туыс болып табылам. Бұл жолды біз әлі күнге дейін ұстанамыз.

Бұлай болу себебі түсінде Әлмерек Абызға Домалақ ананың бата беруінен деген аңыз бар. Әлмерек Абыздың қасиеттері де сол Домалақ анадан ауысқан дейді аңызда.

Бүкіл қазақ тарихы аңыздардан басталып жаткан жоқ па? Олай болса, арнайы зерттеген адам болса бұл аңыздан да бір дерек табылар еді.Әлмерек ұрпақтары бабамызды жазба тарихқа қайтару үшін қолынан келгендерін істеп жатыр деп ойлаймын. Осы сайтты ашу менін қолымнан келгені болып отыр.

Ел аузындаңы аңыздар бойынша Райымбек 7-12 жасар бала кезінде Әлмеректен оқып жүргенде бабамыз 82 жаста екен дейді. Райымбек батырдың туған жылы тарихта белгілі 1705 жыл. Он 12-ге толңанда
1717 жыл болады. Сонда Әлмерек Абыздың туған жылы 1717-82=1635 жыл болады екен. Аңызда ол кісінің ұзақ жасағаны айтылады. Сонымен абыз ұрпақтарына Әлмерек Абыздың туған жылы 1635 жыл деп келісуді ұсынам. Сонда биыл бабамыздың туылғанына 370 жыл толып отыр екен. Әрине қолы ұзын ағайындар арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге демеушілік етіп көмектеседі деп сенем.

Әлмерек Абыздан бата алған қазақ батырлары:

1. Райымбек батыр

2. Сұраншы батыр (өз баласы)

3. Жәнібек батыр (немересі)

4. Бәсентин Малайсары батыр.

т.б. білетіндер болса осы мақаланың астынғы жағына жазып қойсын.


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.