Информатика 11. Орта мерзімді жоспар (І-жж).

Түсінік хат
1. Профильді 11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.
2. Оқыту міндеттері:
1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
2) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
3) дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;
4) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Күнтүзбелік жоспар 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары негізінде жасалынды және «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынды.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен анықталған

11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны

1. Кіріспе (1 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы, сараптама жүйесі, жасанды интеллект.
3. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу, программалық қамтамасыз етуді орнату және жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
4. Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат):
деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік), реляциалық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер), деректер қорын ұйымдастыру, көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру;
желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері, жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық;
алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары;
HTML-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары, Web-беттер және сайттар, тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер, Web-бетте графиканы орналастыру, түстер, Web-беттегі гиперсілтемелер, кестелер, Web-беттегі пішіндер, Web-беттерді құру құралдары, Web-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу.
5. Жобалық іс-әрекет (6 сағат).
6. Резерв (1 сағат).

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Егер сізге 5 – 11 сыныптарға арналған Инфорамтикадан ОМЖ жылдық жоспары керек болса немесе 7 – 11 сынып физикадан ОМЖ керек болса (барлығы жаңа бағдарлама бойынша)

хабарласыңыз 87025493013, 87477656621

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

16 комментариев

  1. Гулсамал

    Орта мерзим жоспар оте жаксы курылган керемет коп комеги тиди рахмет шыгармашылык табыс тилеймин осындай иги истериниз кобейе берсин

  2. сәлеметсіздерме, маған 5-11 сыныптарға арналған сабақ жоспарлары керек еді. почтам: talgat-90-90@mail.ru

  3. Анжела. anzhela.74_72@mail.ru

    Сәлеметсіз бе? Өте жақсы, ұнады, 5-10 сынып ҚМЖ жібересіз ба? Алдын ала рахмет.

  4. Алтынай

    11 сыныпқа құрылған ОМЖ жақсы екен, сайтқа салғаныңызға рахмет, 5-10 сыныптарға құрылған ОМЖ алу ақылы ма

  5. Өте жақсы жасалған ОМСЖ, информатикадан 5-11 сыныптар бар болса берсіз ба? Galia_81@mail.ru алдын ала үлкен рахмет.

  6. Үлгісін көрдім. Маған 5-11 информатикадан ОМЖ және ҚМЖ және технология ұлдарға керек. Поштам осыған түсірсеңіз. Рахмет.

  7. Информатика пәні бойынша жылдық ОМЖ мен ҚМЖ қалай алуға болады?

  8. Cәлеметсізбе Сізге зор еңбегіңізге табыс тілеймін, маған 5-11информатикадан және 7-11 физикадан ҚМЖ және ОМЖ керек еді оны қалай алуға болды екен. егер рұқсат етсеңіздер поштама хабарын айтсаңыз aizhan.erbatyrov@mail.ru7 алдын-ала рахмет! бір хабарын күтемін.

  9. Хабарламада жазулы тургой, ұялы телефон нөмірі.

  10. Cәлеметсіз бе? ОМЖ жақсы құрылған. еңбегіңіз жана берсін. Маған 5-9 сыныптың информатикадан ОМЖ болса көмектессеңіз. алдын ала рахмет. поштам: dinardinar89@mail.ru

  11. Арайлым

    саламатсыздар ма, әріптестер? маған математика 6, алгерба және геометрия 8, 9, 10,11 кластарға арналған омж мен қмж керек еді? болса хабарласыңыздаршы. arailym81@mail.ru поштама. алдын ала рахмет

  12. Әбумүтәліп

    Ассалламағалейкум достар! Маған 7 сыныпқа орта және қысқа мерзімді жоспар керек еді , көмектеріңіз болсын. алдын ала рахмет!

  13. Әбумүтәліп

    менің поштам abu.72.kz@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.