Бастауышпен қоштасу.

 gulmjrmam000 Сынып жетекші: Мамаева .Г.Б

2б. Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
1б. Көз салып қараңызшы бойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Армысыздар,жаны жайсаң  қазақ елі!

Музыка , оқушылар ұшаққа отыру

2б. Бастауыш сынып оқушылары 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кішкентай балғын бүлдіршіндер, қазіргі таңда бойлары, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буынға сапарға аттанғалы отыр.

1б Құрметті ханымдар мен мырзалар Эйр Қазақстан ТУ175 ұшағының экипажы сіздерге сәлем жолдайды. Ұшақтың инженер пилоты Қайнар Темірлан

2б. Ұшу уақыты 1 сағатқа созылады.Сапар барысында түрлі концерттік бағдарламаны тамашалап  отырыңыздар. Белдіктеріңізді бекітіңіздер. Сапарларыңыз сәтті болсын !

Ұшақтың  ұшуы

1б. Ана- әр адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Сондықтан да біз бүгінгі бағдарламамыздың бірінші бөлімін ата – аналарымызға арнамақпыз.

1) Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

2)Ана маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Қасиетті Анамның тілін берген
Шарласаң да шар дала күн-түн мейлі
Артық жанды таппадым Жұмыр жерден.
Табыстырған мені Ана жан әкеммен
Мейірімін сондықтан дара көрем                                                                    Маған ыстық жандардың бәрін-бәрін
Барлығын да өмірге Ана әкелген

Ән  “Анашым” Айгерім
Цыган  биі
 
3)Ыстық ау кім – кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген

4)Әкем менің асқар тауым тірегім
Бәріненде сен қымбатсың білемін
Қанат қағып кетсем алыс қияға
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Ән     “Ұрпақтар арнауы”   Жасмин

2б.Құрметті ханымдар мен мырзалар ұшақ сыртындағы температура 360°. Назарларыңызға спорт жаңалықтарын ұсынамыз. Шахматтан өткен қалалық жарыста сыныбымыздың мақтанышына айналған Тілеуханов Диас , Нұралы Мұхамедали жүлделі орындардың иегері.

1б Олай болса спорттық жеңістеріміз ұзағынан болсын дей келе  Әлемдік деңгейді бағындырған Қазақстанның ең үздік  гимнаст қызы Алия Юсупованың ізбасары болып келе жатқан Сүлейменова Алиманың өнерін тамашалаңыздар.

Гимнастика Алима
Күй «Секіртпе»Сара

1бҚұрметті ханымдар мен мырзалар концертіміздің келесі бөлімі , ең алғаш өзіміз табалдырығын имене де, жасқана, сонымен қоса үлкен үмітпен  аттаған алтын ұя мектебімізге арналмақ.

5)Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

6)Мектебім білім берер алтын ұям
Ер жетіп сенде ойым, артты санам.
Баулыған төрт жыл бойы ата – анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе – дағы дүркіреп жыл
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл!

Ән”Мектебім’’Мұхамедәли
Брек биі

1б Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызғақалам  ұстатып,оң мен солымызды танытқан,білім нәріменсусындатқан,мектептегі анамыз-ұстаз

2б Бауыржан атамыз “Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын  да,еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді деген екен.Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға  арнаймыз

7)Тағдырыңа талайдың алаңдайсың
Сауле болып әлемге таралғайсың
Білім нәрін аямаған асыл ұстаз
Сен менің ең аяулы –анамдайсың

Сырлассам, сәл қаламын көңіл жасып
Нәр білімін жүрем мен, етіп азық
Аяулы Ұстаз-сан сүрлеу соқпақ жолда
Жөн сілтер- шәкірттергеТемірқазық

8)Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма
Бастауышта  айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім , жырларым,
Азық болар,мәңгі талай жылдарға

Ән  “  Ұстазым “   Луидза

1б Келесі кезекті пән иелеріне береміз
9)Қазақ тілі пәнінен
Ақжарқын апай нәр берген
Сөйлемды, сөз таптарын
Етістіктің шақтарын
Жалғаулар мен жұрнақтар
Ережесін жаттадым

10)Анашымдай сыр шерткен
Ақыл-білім үйреткен
Орыс тілін оқыдық
Ерекше зор құрметпен
Орыс тілін сүйеміз
Динара,Людмила апайға
Құрметпен бас иеміз

11)Үйренеміз жалықпай
Ағылшын тілін шарықтай
Тіл сындырып ,ән айтып
Шаттанамыз қалықтай
Сауле апай тәлімі
Саулесін шашқан жарықтай

12)Әдемі ғой ән сабағы мектептің
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Гүлзаман апай , бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен

13)Досан ағай ақ көңіл, адал адам
Шәкіртіне тілейтіні батыл қадам
Үйретеді шахматтың қыр-сырына
Жетелейді біздерді жеңістердің шыңына

14) Армандайды әр бала
Информатик болуды
Жазу сызу қызықты
Айна апайым үйретті.

15)Өзін өзі тану пәнін үйреткен
Бойымыздан жамандықты жиренткен
Әдептілік басталады деп ылғи
Таза,адал періштедей жүректен
Ардақ апай бізге осыны үйреткен

16)Ерлік ағай спортзалға бастайды
Таэквандодан жеңістерге шыңдайды
Жақсы ұстаз ,ұстамы да тым биік
Шәкірттері жарыстан еш қашпайды

Хор’’ Ұстазым менің’’
Ән “Ауылым” Айдана

2бҚұрметті ханымдар мен мырзалар Эйр Қазақстан ТУ175 ұшағы орта буын мемлекетіне өз бағытымен келіп қонды. Белдіктеріңізді ағытуға болады. Сіздерге тек қана сәттілік тілей отырып, біз сіздермен қоштасамыз.

Ұшақтың қонуы

1бҚұрметті ханымдар мен мырзалар Эйр Қазақстан авиа компаниясы 4 Г сынып оқушыларын бастауыш сыныпты бітіруімен құттықтайды. Және осы бастауыш сыныпта тәлім – тәрбие ,білім берген ұстаздарына көп рахмет айтады.

хормен
Мың алғыс сізге біздей түлектерден
Мың алғыс оттай жанған жүректерден

Би  Вальс

Cөз беру ата-анаға

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.