Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу (TIMSS, PISA, PIRLS)

kungaksy-140x150Сайтқа орналастырған:

Күнжақсы Жеткізген. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

Trends in International Mathematics and Science Study (TIMSS) – Халықаралық зерттеуі 4 және 8 – сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді. TIMSS (Trendsin Mathematicsand ScienceStudy) зерттеуінің негізгі мақсаты, 4 және 8 – сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау және басты мектепішілік және  мектептен тыс білімде терминанттарын анықтау болып табылады.

Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12-жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер еліміздің білім сапасы мен әлемдік білім беру жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, Қазақстанның зерттеуге қатысуы әлем елдеріндегі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар жайлы және оқулықтар, бағдарламалар бойынша күрделі аналитикалық мәліметтер алуда маңызы зор.

 

Programme for International Student Assessment (PISA) – Үш жылдық мерзіммен өткізілетін жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 2015). Жобаның әрбір кезеңінде зерттеу бағыттарының – оқу, математика немесе жаратылыстану саласының біріне басым көңіл бөлінеді  (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі). PISA зерттеуінің басты мақсаты – 15 жастағы оқушылардың қазіргі өмір талаптарына сай функционалды білім мен ептілікті игергендігін анықтау болып табылады.

Зерттеуге 65-тен астам әлем елдері қатысады. Бағдарламаны Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы үйлестіреді.

Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуге қатысуынан, біздің оқушылардың дайындық деңгейін басқа қатысушы елдердің білім алушыларының дайындық деңгейімен салыстырмалы бағалау мәліметін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан кросс-ұлттық зерттеулерді өткізу бойынша әлемнің жетекші мамандарымен өңделетін білім сапасын бағалау саласында соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес әдістемелерге, оқу жетістіктерін бағалауға және зерттеу нәтижелерін талдауға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

 

Progressin Internationa lReading Literacy Study (PIRLS) – Бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған Халықаралық жоба бес жылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016). PIRLS оқу, стратегия және оны тәжірибе жүзінде пайдалану саласында оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға, бастауыш сынып оқушыларының оқу және мәтінді түсіну сапасы мен деңгейін салыстыруға, ұлттық білім беру жүйелерінде айырмашылықтарды анықтауға бағытталған. PIRLS зерттеуінің бастымақ саты түрлі әлем елдері бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқуы және түсіну сапасы деңгейін салыстыра бағалау болып табылады. Зерттеуге 50-ден астам әлем елдері қатысады.

PIRLS халықаралық іріктеуіне зерттеуді өткізу барысында 9,5 жасқа толған 4-сынып оқушылар ыкіреді.

Бағдарламаны оқушылардың білім жетістігін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастық үйлестіреді (IEA).

2011-2020 жылдарар алығына арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан аталмыш зерттеуге 2016 жылы қатысуды жоспарлап отыр.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Один комментарий

  1. Улболсын

    4-сыныпқа арналған pirls-тің тапсырмалары керек еді. (мәтіні тест сұрақтары жауабымен) қайдан алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.