Камалдин Рахымжан Темірханұлы

ahymjanTemir000Камалдин Рахымжан 1981 жылы 29 желтоқсан күні дүниеге келген. Білімі жоғары, санаты – ІІ, еңбек өтілі – 8 жыл, психологиялық өтілі – 7 жыл. 2008 жылы Тараз қаласындағы Әулие Ата университетінің «Педагогика-психология» факультетін бітірген. 2004 жылдан бастап №16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде педагог-психолог қызметін атқарып келеді.

2007 жылы облыстық семинарда «Зерттеудің барлық кезеңдерінде диагностикалық іс-әрекеттерді қолдану» атты баяндаманы оқығаны, 2008 жылы әскери оқу-дала жиынында психологиялық қызмет көрсетуде белсендік танытқаны, 2008 жылы аудандық «Психолог – 2008» байқауында ІІ орын иеленгені, 2009 жылы психологиялық қызмет бойынша аудандық тәжірибе алмасу семинарларында белсенділік танытып, шығармашылық ізденістер жасағаны үшін Сарыағаш аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен облыстық «Южный Казахстан» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Web-сайт года – 2010» байқауына қатысып,бас жүлдені иеленгені үшін дипломмен марапатталды.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен облыстық «Южный Казахстан» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Web-сайт года – 2011» байқауына «Педагог-психологтарға арналған әдістемелік сайт» атты сайтты ұсынып, «Әдістемелік сайт» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жеткен табыстары үшін мектепішілік, әкімшілік, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2003 жылдың қараша айынан бастап «Шапағат.kz» аудандық тәуелсіз газетінде программист-дизайнер болып БАҚ саласына өз үлесін қосуда.

2004 жылы және 2007 жылы өткен сайлауларда комиссия мүшесі, 2011 жылы кезектен тыс ҚР Президентін сайлауда комиссия төрағасының орынбасары болып қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып жүрген азамат.

Ауданның білім беру саласы Камалдин Рахымжан Темірханұлын ізденімпаз, жаңашыл, іскер педагог-психолог және мұғалім ретінде таниды.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.