Ашық тәрбие сағаты. 7м сынып. Тақырыбы:«Қарты бар ел- қазыналы ел».

nurjamalTynyshb000 Учитель: Умарова Нуржамал Тынышбаевна. Город Алматы,«Жаңа Ғасыр» 175гимназия.

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.
Міндеті: Атаның қасиетті сөздерінен бастауалып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанаттысөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

Қазақстан Республикасының –  әнұраны орындалады.

Тәрбиеші сөзі:

Құрметті қонақтар, көрермендер, ақжаулықты аналармен ақылгөй дана  қариялар!

Бүгінгі балау сашағын балалар орталығының  «Қарты  бар  ел-қазыналы  ел»  атты ашық тәрбиесағатына қошкелдіңіздер!

«Ауылыңның маңында төбе болса,  ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса , жазып қойған хатпен тең»  деген екен біздің бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендер сізелестету мүмкін емес.Біздің бүгінгін ұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі,  тәтті ұйқымыздың  да  бейбіт сақшысы  бола  білген,  самайларын қыраушалып,  жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз  бен ақжаулықты әдемі әжелеріміз емеспе?

Тақпақ;

1. Әжем  менің  әлі  де,
Ұқсамайды кәріге.
Шайқайн атып береді,
Қажет болса бәріне.

2. Әжем менің ақ әжем,
Көпжасаған,  жанәжем,
Ауырғанда  мен  үшін,
Бірсүйгені дәрі әжем.

3.Аппақ  күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.

4.Менің әжем  бал  әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Ән. «Қошақаным».

1.Жазда  апамның ауылына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шыға келді жүгіріп.

Қайырмасы;
Ақмаңдайы  Ай ма екен,
Шекер меекен, бал маекен.
Кеттім  оны  сағынып,
Қошақаным қайда екен.

2. Анаң  кетті жайлауға,
Оны іздеп қайғырма.
Анаң бізге келеді,
Ақсүтіненбереді.

Қайырмасы;
Ақмаңдайы  Ай  маекен,
Шекер меекен, бал маекен.
Кеттім  оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.

«Ата көрген оқжонар».

IV. Сайыскер қарттар немерелерімен бірге келіп мұндағы мақал- мәтелдің бірінші жолы айтылады,  оны  сайыскер қарт пен  немересі жалғастыруы керек.

1. Атадан  жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын көрге сүйрер.

2. Туған  жердей  жер болмас,
Туған елдей   ел болмас.

3. Өзге  елдес ұл тан болғанша,
Өз елің де ұлтан бол.

4. Білімді ден  шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.

5. Заманың  түлкі бопқашса,
Сен тазы боп  шал.

V. Би. «Чунга-чанга».

VI. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,  салт- дәстүрі,  тілі,  ұлттық мәдениеті болатыны белгілі.  Біздің тәрбиеміз  де  ананың ақ сүтінен,   анна әлдиінен және атаның қасиетті, баталы сөздерінен бастауалады. Халқымыздың әдет-ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Шарты  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға жауап алынады,  тапсырма үштапсырмадан тұрады.  Құрметті ұстаздар,  көрермен,  ақжаулықты әжелер,  менің қолымдағы табақшадан сұрақтарды алуларыңызды өтінемін.Салт- дәстүрлер сөздеріне байланысты сұрақтарға жауап  беру;

1.     Ерулік дегеніміз  не?  Оның мақсаты қандай?

Жауап;

Ауыларасына жаңа үйкөшіпкелсе,  солауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үйлері нерулікке шақырады,  яғни  ас   пісіріп табақ тартады. Бұл жаңадан көшіп келушілерді бөтенсіретпей өзортасына тартудың,  сыйласудың үлкен белгісі.

«Сауынайту»   туралы не  білесіз?

2. Жауап;

Бірелде  ас,  үлкен  той  болатын болса,  олкүні  бұрын жан-  жаққа хабарланып сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуаны мен,  жүйрік атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға келгендер бір- бірінен асып түсуге тырысатын болған.

3. Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалысу сыны қалай аталады?  Соның ішінде сірге жияр туралы айтып берсеңіз?

Жауап;

Қымыз-жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегін емес есабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе тығындап ұстаған. Алғаш реет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Қор дегеніміз- былтырғыдан қалған жақсы ашыған қымыз.

«Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп  Жамбыл  атамыз айтқандай қымыз адамның денсаулығына өтеп айдалы сусын.

Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

«Сірге жияр қымызы».

Күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет асылып сіргежияр қымызы ішіледі.

4. Қол кесер деген қандай дәстүр?

Жауап.  Біреудің соғымын сойысқан соғым шыға үййесі «қол кесерің» деп сыбағалы етінбереді. Қолкесер білетіндердің айтуынша соғым союшының байқаусызда қолынкесіп алса соның төлеуіретінде шыққан көрінеді.

5. Салбурын  дегеніміз  не?
Жауап. Бұл –  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп атайды.   Мұңы аңшылық мерекесі десе де болады.  Мұнда алған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Сал бурын аңшылардың ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын сынайтын жол.

6. Көген түп туралы не  білесіз?

Жауап.  Бір-біріне жақын туыс,  жұрағатадамдардың баласына ескерткіш,  сый ретінде берілетін  мал. Бұл бала үшін сый,  қуаныш болса,  оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе  де  болады.

«Ұлағатты ұлттық ұғымдар».

Мына сандардың біреуін таңдап,  артындағы тапсырмаға жауап  беру  керек.

1. 3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.
2. 3 би;  Төлеби, Әйтекеби,  Қазыбекби.
3. 3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.
4. 7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.
5. 7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.
6. 3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.

Жауап бергендеріңізге көп рахмет.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.