Математика 6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері

kulashzhuz000Алматы қаласы. Әуезов ауданы. «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия. Математика пәнінің мұғалімі: Жүзжасарова Күләш Олжабайқызы

Сабақтың мақсаты: Теңсіздіктерді мүшелеп қосуды, азайтуды және көбейуді, бөлуді білулері керек. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің жазылуын,  теңсіздіктерді шешу біліктілігін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік : Құрамында модуль берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді   шығару тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Адамгершілікке, тиянақтылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тірбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін , танымдық қызығушылығын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдысын дамыту.

Сабақтың түрі:     Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б).
Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру(практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн-ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т.б»).
Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану(әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі))
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)
Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)
Сабақтың әдісі:  
1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме,оқу материалымен өзіндік жұмыс
2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау,практикум,бағдарламаланған оқыту,дағдыларды жаттықтыру.
3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау,жартылай ізденушілік,зерттеушілік, миға шабуыл
4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас,диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі»,жобалар әдісі,тұсаукесерлер.
5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын,рольдік ойын,ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар,аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс-стади)

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:
1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
4. >Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.
 
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.