Математика 9. Келтіру формулалары

kulashzhuz000Алматы қаласы. Әуезов ауданы. «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия. Математика пәнінің мұғалімі: Жүзжасарова Күләш Олжабайқызы

Сабақтың мақсаты: Келтіру формулаларына есептер шығарту арқылы білімдерін тереңдету.

1. Білімділік: Келтіру формулалары бойынша алған білімдерін геометриямен, өткен материалдармен байланыстыра отырып қиындатылған есептерді еркін шығара білуін үйрету.
2. Тәрбиелік
: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзара   сыйласымдылыққа баулу, адамгершілікке   тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық тілде   сөйлеуін және формулаларды есте сақтау   қабілетін дамыту.
4. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс- әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар.
5. Технологиялық құралдар түрлері:
   Интерактивті тақта

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы.

Сабақтың түрі:   сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу сабағы, сырттай саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі:1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.

2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

4. Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсаты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдасыру үлгісі:

  1. Жекелік үлгі- танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
  2. Жан-жақтылы-барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
  3. Топтық-жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
  4. Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: интерактивті тақта,формулалар жазылған плакат, таблицалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, геометрия

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.
  3. Сергіту сәті!
  4. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі.
  5. Оқулықпен жұмыс.
  6. Сабақты қорытып, бекіту кезеңі.
  7. Оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

№244,       №245,       №246,     №247,     №248,     №249 -жұп нөмерлері.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

 

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.