Информатика 6: Модель нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету.

gulnarabidai000Бидайбекова Гүлнара. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, А. Макаренко орта мектебінің информатика мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға модель және модельдеу ұғымдары туралы түсініктеме беру.

Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру,пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, компьютерлер, карточкалар, оқулық, плакаттар.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үйге берілген тапсырманы қайталау

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритм түрлері?
  3. Алгоритм жазу түрлері?
  4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  5. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
  6. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
  7. Блок –схема деген не?а деген не?
  8. Шарт дегеніміз не?

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамдар күнделікті өмірде модельді жиі қолданады. Ол үшін адам модельді ой елегінен өткізіп, бейнесін, көрінісін, үдерісін көз алдында елестетеді.

Модельді құрастырудың бірнеше себептері бар.

  1. Шынайы өмірде модельдің түпнұсқасы болмауы мүмкін немесе мүлдем болмаған. Мысалы: динозаврдың жойылу теориясы, «ядролық қыстың» моделі.
  2. Түпнұсқа бірнеше қасиетке ие болуы мүмкін. Мысалы, жергілікті жердің картасы, тірі ағзалардың моделі.
  3. Түпнұсқасы өте кішкентай немесе өте үлкен болуы мүмкін. Мысалы, атомның, глобустың, Күн жүйесінің модельдері.
  4. Үдеріс өте тез немесе өте баяу өтуде. Мысалы, іштен жану қозғалтқышының моделі, геологиялық модельдер.

Модель- шынайы нысанды, үдерісті немесе құбылысты айрықша көрсететін, жаңаша ықшамдалған нысан.\

Мысалы, қуыршақ- адамның моделі. Қыз бала қуыршақты ұйықтатады, киім кигізеді, оған қамқор болады. Бұл жерде қуыршақ моделі адамның рөлін орындайды.

Бір заттың бірнеше моделі болуы мүмкін. Мысалы, балық моделі- балық түріндегі жылтыр қармақ, арнайы қағаздан жасалған балық.

Модельдеу- бұл нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды зерттеу мен жобалауға негізделген модельдерді құру.

Нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды модельдеуге болады.

  1. Нысандар: архитектуралық құрылымдардың көшірмесі, глобус, балалар ойыншықтары, көрнекі құралдар және т.б.
  2.  Құбылыстар: су тасқынының, жер сілкінісінің, көшкіннің модельдері және т.б.
  3. Үдерістер: әлемнің даму моделі, экономикалық үдерістер моделі, экологиялық үдерістер моделі және т.б.
  4. Жаңа сабақты бекіту.
  5. Модель деген не?
  6.  Моельді құрастырудың қандай себептері бар?
  7. Модельге мысал келтір.
  8. Модельдеу дегеніміз не?
  9. Нені модельдеуге болады?

V. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың білімін бағалау.

VI.Үйге тапсырма: § 3.6. Модель нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету. Модель құрастыру.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.