Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы. Тәрбие сағаты.

gulnarabidai000Бидайбекова Гүлнара. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, А. Макаренко орта мектебінің информатика мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, шар.
Сабақтың барысы:
Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны
Кіріспе

«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең бесігіңді түзе», – деп емірене айтыпты. Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, «Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл», – деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?
Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді.
Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.

«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
– Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)
– Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)
– Құстарды………………………(атуға болмайды.)
– Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
– Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
– Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
– Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)
– Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)
– Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
– Кішілерді…………………………(қамқор болу керек.)
– Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)
– Тәртіпті —————–(болу керек)

Оқушылар  мақал мәтелдер  айтады

Мақал – мәтелдің жалғасын табу
Ұяда не көрсең ————ұшқанда соны ілерсің.
«Әй», дейтін әже жоқ, ———————«Қой», дейтін қожа жоқ.
Тең-теңімен,—————– тезек қабымен.

Қызым, саған айтам,———————- Келінім, сен тыңда.
Тауда туған баланың, ——————– Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі таста болар. ———————– Екі көзі аста болар
Атаңа не қылсаң,——————– Алдыңа сол келер.
Атасын сыйлаған——————- абыройға бөленер.
Алдыңғы арба қайдан жүрсе—————— Соңғы арба содан жүрер
Атасы мылтық атқанның ——————баласы оқ жонар.

Қорытынды: Бала өз өміріне қажетті тәрбиені отбасынан, сосын мектептен алатыны  белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің алдындағы стратегиялық міндет таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарға ұстауға тиіспіз» – деген үндеуі бәрімізге белгілі.
Сондай – ақ, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани баюына жеткізу тиіс екенін түсіну деп Елбасымыз айтып өткендей ұлттық рухани байлығымызды жоғалтпай әрдайым, әр ұлт өз ұрпақтарын өзіндік ұлттық нақышта тәрбиелеу үлкен жетістіктердің көрінісі деп атап көрсеткім келеді. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі – әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі – ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім ордасы – мектеп.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.