Квадраттық теңдеулерді түбірлерінің формуласын пайдаланып шешу

8888Бимағамбетова Күрең Кітабайқызы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №6 орта мектебінің директоры

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты: квадрат теңдеудің анықтамаысын, түрлерін, түбірлерінің формуласын меңгерту, есеп шығаруға машықтандыру;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: кестелер, формулалар (домино), электрондық оқулық, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: информатика
Педагогикалық технология түрі:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары», «Саралап оқыту»
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (проектор арқылы тексеріледі)
№184
3) 3х2-13х+14=0
а=3b2-4ac=132-4-3-14=169-168-1
Х1=21/3 x2=2
5)5у2-6у+1=0
a=5;b=-6;с=1
d=b2-4ас=9-5=4
Х1= 1/( 5) x2=1
III. Ой қозғау
Өтілген бөлім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту. (Электрондық оқулық арқылы түсіндіріледі)
Сұрақ-жауап
Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу деп атаймыз?
Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Теңдеуді шешу дегеніміз не?
А мен с қандай болғанда ах2+с=0 теңдеуінің шешімі бар болады?
Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминатын қалай табамыз?
Квадраттық теңдеудің түбірлерінің санын қалай анықтаймыз?
Квадраттық теңдеуде b=2k, яғни жұп сан болса, түбірдің формуласын қалай жазамыз?
10. Келтірілген квадраттық теңдеудің түбірінің формуласын қалай жазамыз?
IV. Оқушылардың білімдері мен шеберліктерін тексеру
Практикалық жұмыс
Міндетті деңгей тапсырмалары
А тобы тапсырмалары:
№185 (1;3;5) тақтамен жұмыс
№186 (1;3;5) тақтамен жұмыс;
Б тобы тапсырмалары
№1990 (1;2) өз бетімен жұмыс

V. Білімді жүйелеу
1-тапсырма: Кестедегі бос орынды толтыр:

2-тапсырма: «Формуланы жаттадық па?» формуласын (домино құрастыру арқылы) қайталау
Сәйкестендіру тесті
Квадрат теңдеулердің түбірлерінің Домино

VI. Үйге тапсырма беру
№186 (8;10), №190 (4;) Алгебра «Мектеп», Абылкасымова. 2008
VIІ. Бағалау. Бағалау парағындағы тапсырмалардың орташа бағасы қойылады. (интерактивті тақта  арқылы көрсетіледі)
Бағалау парағының үлгісі
Қ/с Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасын тексеру Қайталау Есеп шығару дағдысының қалыптасуы Кестедегі бос орынды толтыру «Формуланы жаттадық па?» Қорытынды баға

Check Also

Математикадан ҰБТ- ға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал.

ХАСИХАН  ЕҢЛІК. Ақмола  облысы,  Бұланды  ауданы Балуан  Шолақ  атындағы мектеп-лицейдің математика  пәні  мұғалімі. Практикумның  мақсаты …

2 комментария

  1. Авторы кім? Қай жақтан?

    • Күрең Бимағамбетова Кітабайқызы

      Авторы Күрең Кітабайқызы Бимағамбетова. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №6 орта мектептің математика пәні мұғалімі. 2007 жылдан бері мектеп директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.