Информатика 7 «а» Тапқыр достар интелектуалды ойыны.

zamiradi000Чмаева Замира Диханбайқызы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, А.Макаренко атныдағы орта мектеп, информатика мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын, ұжымда жұмыс істей алуын дамыту.
Тәрбиелік: Тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып  үйрету;
Пән аралық байланыс: Математика, тарих, қазақ тілі, әдебиет
Сабақтың  түрі: Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: Дебат, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Көрнекіліктер: Слайдтар
Құрал-жабдықтар: Мультимедиялық  тақта.

Сабақтың құрылымы:

І кезең.Таныстыру.
ІІ кезең.Топ басшыларының сайысы (мақал –мәтел  айтып жарысу)
ІІІ кезең.Білім сайысы (сұрақ -жауап)
ІҮ кезең.Тіл өнер сайысы (дебат)
Ү кезең.Тапқырлар сайысы (сөздің мағынасын ашу)
ҮІ кезең. Жеңмпаздарды марапаттау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсаты мен өту барысы жайлы айтып кету.

І кезең. Таныстыру

«Монитор» тобы
Ассалаумағалейкум слем бердік
Топ атынан сөйлеуге біз де келдік
«Монитор»-дай  атақты  топ болып біз
«Процессор»-дай топпен сынға көндік
Іздесең білімділік, біліктілікті,
Таппайсың басқа топты бізден мықты.
Топ мүшесі Әділбек және Гүлзат
Аружан мен Алтынкүл, Асхат тағы
Біз жеңеміз, осыған біз сенеміз!
Қиындыққа қиынға біз көнеміз!

«Процессор» тобы
Процессор тобымыз
Компьютердің миымыз
Біз жеңіске жетеміз
Мониторды жеңеміз
Тобымызда ұл-қыздарбар
Ойы ұшқыр сезімі аспан
Ақылды ұлдар жетерлік
Айдархан,Әділет, Дастандардай
Қыздарымыз бар ақылына көркі сай
Ақтолқын, Айбарша,Мөлірлердей.
Біз жеңіске жетеміз,
Ақыл ойдың күшімен.
Ұйымдастырған жарысты,
Айтамыз біз алғысты
Чмаева Замира әпкейге

ІІ кезең. Топ басшылар сайысы

  1. Бір тал кессең он тал ек.
  2. Жеті атасын білмеген жетесіз.
  3. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
  4. Екі жарты, бір бүтін.
  5. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
  6. Сегіз қырлы, бір сырлы.
  7. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  8. Он үште отау иесі.
  9. Қызды қырық үйден тию
  10. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылық.
  11. Жігітке жеті өнер де аз.
  12. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.
  13. Екі елі ауызға, бір елі қақпақ.
  14. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
  15. Болар бала он бесте баспын дер, болмас бала отызда жаспын дер.
  16. Бес саусақ бірдей болмас.
  17. Екі қошқардың басы бір қазанға симас.
  18. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
  19. Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады.
  20. Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды.
  21. Ел құлағы елу.
  22. Ел ағасы елуде.
  23. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
  24. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
  25. Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыс жастағы шал сәлем береді.
  26. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.

ІІІ кезең. Білім сайысы

Алғашқы есептеу құрылғысы .. (саусақ)
Компьютердің негізгі құрылғылары (Монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан)
Компьютердің жанындағы өсімдік (кактус)
Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

Бейне сұрақ

Ақпараттарды компьютер экранына шығаратын құрылғы (монитор)
Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? (себет)
Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
Аталған байттар тізбегі (файл)

Бейне сұрақ

ІҮ кезең. Тіл өнер сайысы
«Компьютер адам баласына қажет пе» ?…
Қажет…                                Қажет емес…

Ү кезең. Тапқырлар сайысы

  1. Калонка- дыбыс шығарғыш құрылғы
  2. Процессор- компьютердің миы
  3. Тышқан-компьютердің қосымша құрылғысы
  4. Пернетақта-мәтін енгізуші
  5. Монитор- ақпаратты көру немесе компютердің негізгі құрылғысы
  6. Модем –интернет байланысы
  7. Папка (қоржын)-жаңа құжат ашу
  8. Корзина (себет)-өшірілген құжаттар
  9. Paint– граикалық редактор
  10. Ақпарат- өлшем бірлік
  11. Өлшем бірлік– бит, бйт
  12. Компьютер- Электронды есептеуіш машина
  13. Принтер- ақпаратты қағаз бетіне шығарушы құрылғы
  14. Ақпарат – дүниеде болып жатқан жаңалықтар
  15. Колькулятор-есептеуіш
  16. Құлаққап (наушник)- ақпарат тыңдау үшін
  17. Диск-ақпарат тасушы
  18. Флешка-ақпарат тасушы
  19. Wordмәтін жазуға
  20. Пуск –бас меню

ҮІ кезең. Жеңімпаздарды марапаттау.
Жеңіске жеткен топты мақтау қағазымен марапаттау

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.