Информатика – 7 WordPad-та құжат құру.

aidyntle000Тлебалдиев Айдын. Жамбыл облысы Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің информатика мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарапайым мәтіндік процессорымен танысу. WordPad қолданбасының терезесі, меню. Пішімдеу мен құрал-саймандар тақталары. Сызғыш туралы түсінік алу.

Дамытушылық: оқушыларға  WordPad  қолданбасымен жұмыс істеуге және компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетінше WordPad  қолданбасымен жұмыс істеуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндірме
Сабақтың типі:демонстрация жасап түсіндіру
Сабақтың әдісі: оқуға ынталандыру
Сабақтың көрнекілігі:  компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Жоспар

І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Практикалық жұмыс
V Жаңа сабақты бекіту
VI Сабақты қорытындылау
VII Бағалау
VIII Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
3) компьютердің жұмысқа дайындығын тексеру
4) оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1) Мәтіндік процессор дегеніміз не?
2) Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3) Word Pad мәтіндік процессорының қызметі қандай?
4) Басқа қандай мәтіндік процессор білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ.

1-кезең. WordPad қолданбасында құжаттарды құрудың негізгі кезеңдерін ретімен орналастырамыз.

Тапсырманы материалды оқу барысында орындаңдар.

  1. Қаріпті және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару

2-кезең. Сөздерді ағылшынша тілінде енгізуге арналған пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосып, тақпақты тереміз

Пернетақтаның таратылуын орысшадан латын қарпіне ауыстырып қосуды, сондай-ақ ағылшын тілінде сөздер енгізуді қалыптастыруға арналған.

3-кезең. Қаріпті, әлпет пен өлшемді бір уақытта өзгерту әрекетінің тізбегін көрсетеміз.

Шрифт (қаріп) диалог терезесінің параметрлерін тереңірек меңгертуге арналған.

Формат  =>  шрифт  =>  Параметрі

4-кезең. Кестені толтырыңдар.
Негізгі пернелерді қолдану мен оларды түсініп игеруге бағытталған.

5-кезең. Құжат бойынша жылжыту пернелерінің комбинациясын көрсет.
Оқушылар батырма комбинациялары кестесін, компьютерде тексере отырып толтыру ұсынылады.
Мәтінді пішімдеу – бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді түрлендіру процесі.

Мәтінмен жұмыс істегенде мыналарды қолдануға болады:

 

 

 

 

 

 

 

Баспа құжатының құрылысы мен стилі. Әдетте құжаттар абзацтарға бөлінген негізгі мәтіннің әр түрлі деңгейлі тақырыптарынан тұрады.

ІV Практикалық жұмыс:
1) Қаріпті және оның өлшемін таңдау
2) Мәтінді енгізу және редакциялау
3) Мәтінді пішімдеу
4) Құжатты сақтау және ашу
5) Баспаға шығару

V Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1) Қаріпті қалай орнатамыз?
2) Мәтінді қалай пішімдейміз?
3) Құжатты қалай сақтаймыз?

VI Сабақты қорытындылау.
VII Бағалау
VIII Үйге тапсырма: Құжат құру.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.