Тақырыбы: Шешем, әпкем және мен математик жанұямыз шетінен.

БҚО Қаратөбе ауданы Жусандой ауылы Жамбыл  ЖОББМ-Б  бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Нұржамал.

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепшілік іс –шараларға қатыстыру,отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар..

Скачать (PPT, 2.83MB)

1-жүргізуші: Сайысы мызды бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдында дайындалып қойылған.

2-жүгізуші:  Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,қымбатты оқушылар! Бүгінгі сайысымыз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика-барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Шешем,әпкем және мен математик жанұямыз шетінен» атты  ертеңгілігімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды істеуге үйретеді.Анасы қызымен бірге киім тігеді, рецепт бойынша ас әзірлейді. Сонымен сайысымызды бастаймыз.

Жоспары
І.Таныстыру
ІІ.Ой сергіту
ІІІ.Кім жылдам?
ІV.Бәйге
V.Сандар сыры
VІ.Мергендер
    І. Таныстыру.
Әр топтың өздері таныстырады.

 ІІ. Ой сергіту.
1)      Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?
2)      Cиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
3)      3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
4)      1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?
5)      Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
6)      Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
7)      1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма?
8)      Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?

ІІІ.Кім жылдам?
1.Еңшбре –
2.Шұбршүы –
3.Трұбышрөт –
4.Рышаш –
5.Деніскі –
6.Мбор –
7.Рсбеұшбы –
8.Түнек-

ІV.Бәйге.
1. 7 майшам жанып тұр, төртеуін сөндірсек неше майшам қалады?
2. Алманың жартысы неге ұқсайды?
3. Жарты түзу
4. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?
5. Шеңбер сызуға арналған құрал.
6. Үстелде 3стақан сүт бар.Алмас бір стақан сүттті ішіп қойды.Үстелде неше стақан бар?
7. Торда 4 қоян бар. 4бала 4 қоянды әкетті,ал бір қоян торда қалды.Неге?
8. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап: «Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар».   Бұл отбасында неше бала?       .
9 Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады?
10. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар?
11. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын ,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?
12. Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?
13.  20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек?
14.     Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?
15 .   Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
16. Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу . Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек?

V. «Сандар сыры»

Сайысымыз «Сандар сыры» деп аталады. Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)
1)      2 жақсы қас болмас,                                  .
2)      Бес бармақ жиналса,                                  .
3)      Отыз тістен шыққан сөз,                              .
4)      Жеті жұрттың тілін біл,                              .
5)      Бір тал кессең,                                      .
6)      Бес саусақ                                           .
7)      100 сомын болғанша,                                  .
8)      1 кісі қазған құдықтан                               .

VІМергендер. Жас достарым мұны жақсы ұғайық ,
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың,қозғалыстың бәрін
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де –бесінші кезең «Мергендер»

1) Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге?

2) Суда қандай тас болмайды?
3) “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр.
Олар біріне –бірі:
–         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?

4. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды?
5. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
6. Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын  5 алма
Біреуін бер Берікке
Қалады сонда қанша алма?   (Теркте алма өспейді.)

Әділқазыларға сөз беріледі

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.