Сабақтың тақырыбы: “Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептерді шығару”

БҚО Қаратөбе ауданы Жусандой ауылы Жамбыл  ЖОББМ-Б  бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Нұржамал.

Мақсаты: Оқушыларды есептің жаңа түрімен таныстыру; өрнек құрып, олардың шешуін табу қабілетін бекіту; есептеу дағдысын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар есептің жаңа түрімен танысты;
2. Өрнек құрып,олардың шешуін табу қабілетін бекітті;
3. Есептеу дағдысын жетілдірді.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылығықты ояту
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.
1. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
2. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
3. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

ІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Бұйым 1 бұйымға жұмсалған жіп Бұйымның саны Барлық жұмсалған жіп
Кеудеше 800г 3 дана 2кг400г
Бөкебай 280г 4 дана 1 кг120г
Тақия 250г 4 дана 1кг

2. Шалбар – 8 дана ? шалбар артық-6м артық
Көйлек – 5 дана

1) Қанша шалбар артық тігілді?
2) 1 көйлекке неше метр мата жұмсалды?
3) 8 шалбарға неше метр мата жұмсалды?
4) 5 көйлекке неше метр мата жұмсалды?

  1. Есепті шығар.
Бағасы Саны Құны
Жібек мата бірдей ?
Жүн мата бірдей ?,1200тг артық

4. Амалдарды орындап, өрнекті сызба бойынша жаз.

80х90= 7200 7200+900= 8100 8100/90= 900 900х1000= 900000

5. Есептемей салыстыр
а х(456-456)+99 * а х 1+999
0 х (100 000-987)+5 * 0 х(10 000-11)+9
789 х (а+в) * 789 :(а+в)
с : (901 х 10) * с :(901+10)
<; >; =; >; <

6. а) Центрлері бір түзудің бойында жататын,радиустарының ұзындықтары 16 мм болатын екі шеңбер сыз.
ә) 5 см кесінді сыз. 2 см төмен түсіп, бірінші кесіндіге параллель ұзындығы 5 см кесінді сыз.

7. Түзудің бойынан 5 нүкте белгіле.
Ұштары осы нүктелер болатын неше кесінді шықты?

ІІІ. Толғаныс.

1. Бір өркешті түйе 3 сағатта 150 км-ді жүріп өтті. Түйенің жылдамдығы қандай?
2. Ұлу 30 дм/сағ жылдамдықпен 2 сағат жорғалады. Осы уақыт ішінде ол қандай қашықтықта жүріп өтті?
3. Мотоциклші 240 км қашықтықты 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ол бұл қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?

Үйге тапсырма. № 3 ә) бет 123

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Один комментарий

  1. жауаптарын беріңіздерші

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.