Би: «Аңшылар» биі (Ересек топтың балаларына арналған билер).

juldyzsapar000Сапарова Жұлдыз Тилеужанқызы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №9 «Еркемай»МдҰ Педагог –хореограф.

Мейіржан Ермегиевтің орындауындағы (Қосбасар күйі) Музыкалық размері 4/4

Бидің негізгі қимылдары:

  1. Оң қолына қамшы ұстап жоғары көтеру, сол қолын кеуде тұсына дейін көтеріп, бүркіт ұстау және аяқты алмастыра секіріп жүгіру.
  2. Шеңберге жиналып иық тірестіру.
  3. Бір тізеге отырып, қолдарын беліне қойып, иық қозғау.
  4. Жерге малдас құрып отыру.

Бидің құрлысы:

Балалар бірінің артынан бірі екі қатар сап түзеп сол жақ бұрыштап жүгіріп шығып, екі бағанға орналасады. Шеңбер бойымен айналады орындарына орналасады, шеңберге жиналу, екі бағанға орналасу.

8 такт Дайындық қалпында оң қолына қамшыны жоғары көтеру, сол қолында бүркітті кеуде тұсына ұстап тұрады.

І көрініс:

8 такт Екі бағанға жүгіріп шығып, екі аяқты иық деңгейінде ашып қойып ,секіру.

Оңға айналу (екі рет қайталау)

ІІ көрініс:

bi018 такт Қол қалпын сақтай отырып, шеңбер бойымен жүгіріп келіп, екі көлденең түзу сызыққа келіп орындарында секіру. (екі линияға)

ІІІ көрініс:

8 такт Қолдарындағы көрнекі бұйымды жерге қойып, екі қолды белбеу қалпына қою және орында өкшені көтеріп, түсіріп қозғалып тұру

ІҮ көрініс:

8 такт Қолдарын екі жанға ашып шеңберге қарай жүгіріп жиналу. Шеңберде бәрі иық тіресе (қолдарын бірінің иықтарынан ұстау) отырып тұру.

Сегіз рет қайталау.

Үкөрініс:

8 такт Қолдарын белбеу қалпына орналастыра, екі көлденең түзу сызыққа орналасу. (линия)

ҮІ көрініс:

8 такт Оң қолына қамшыны жоғары көтеру, сол қолында бүркіт кеуде тұсына ұстап шеңбер айналып екі бағанға орналасу. (колона)

Қолдарындағы көрнекі бұйымды жерге қойып, бір тізеге отырып, қолдарын белге ұстап, иықты кезекпен жоғары, төмен қозғау.

Күй ырғағына сай малдас құрып жерге отырып, қамшыны екі алақанына қойып, алға соза көрсетіп басын қозғау.

Оң қолына қамшыны жоғары көтеру, сол қолында бүркіт кеуде тұсына ұстап орнынан тұрып секіру,отырып қалу.

bi02

 

bi03

 

bi04

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.