Информатика-7. Ашық сабақ: Файлдар мен қапшықтар

gulnarbarly000 Барлыбаева  Гулнара Қоршыбайқызы. ОҚО, Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §17.  Файлдар мен қапшықтар.
Мақсат-міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу, құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар ұғымдарымен таныстыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын, шығармашылығын дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Түйінді идеялар: «Адам мен адамды теңестіретін – білім» М. Әуезов
Сабақтың түрі:    дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, тесттер, таратпа материалдар Күз мезгілінің, қамбадағы астық суреттері, көкөніс, жеміс—жидек  пен азық-түлік суреттері.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:  «Информатика» 7-сынып. Н. Ермеков, Н.Стифутина

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімінен бастаймын. Амандасу, сабаққа дайындығын, құралын тексеру.
ІІ. Сергіту сәті «Мен…»
– Мен өзімді «Күнге» теңеймін, себебі, үнемі жанымдағыларға күндей жарқырап, нұрымды шашып жүремін. Өздерін табиғаттың құбылыстарына теңеп, жақсыға балайды.
ІІІ. Топқа бөлу

1-топ Көкөністер

2-Топ Азық-түлік

3-Топ жеміс-жидектер

ҮІ. Үй тапсырмасы: «Мен – саған, сен – маған»

Топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексереді.
а)Ауызша сұрақтар:
1.Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?
2.Windows қандай ож?
3.Жұмыс столы дегеніміз не?
4.Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
5.Компьютердің енгізу құрылғылары?
6.Компьютердің шығару құрылғылары?

Ү. Жаңа сабақ

-Оқушылар, суретте не бейнеленген. Қане, ой тоғыстыралық!
-Неге алтын күз деп айтамыз?
– Күз мезгілі туралы өлең білесіңдер ме?

-Мына жеміс-жидектер ше?

– Мына суреттегі өнімдерді қалай ретке келтіруге болады?
– Жұмыс үстелінде не орналасқан?

 

1. Сендер  Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілері
Негізгі Арнайы
  1. Қапшықтар
  2. Бағдарламалар
  3. Құжаттар
  4. Таңбашалар
  1. Бас меню
  2. Басқару тақтасы
  3. Менің компьютерім
  4. Себет

Файлбұл атыбарбайттартізбегі.

 

Файлдың аты

Сол жақ бөлігі                                                                                                      Оң жақ бөлігі

Windovs жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

  1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.
  2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.
  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:

дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды:                                              @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

  1. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

1.Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

  1. doc – мәтіндік файлдар;
  2. bmp-графикалық файл;
  3. htm-Web-Internet беті;
  4. TXT–блокнот бағдарламасының құжаты
  5. ppt– қолданбасының кеңейтілуі

Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.

Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т.б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Жаңа қапшықтар құру

Қапшықтар – бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы.

Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтар болып екіге бөлінеді. Windovs –тің объектілері жүйелік қапшықта сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерту енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі  немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.

Жүйелік қапшықтар: Windovs, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.

Жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:

Менің компьютерім – ДК ресурстарына қатынау; Логикалық дискілер; Себет; Принтерлер; Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар).

 

 

ҮІ. Түсіну:
«Қыс азығын жаз жина» дегендей, жаздай егін егіп, әрине, бақшадағы еккен жемістерімізді жинаймыз.
-Жеміс-жидектерді себетке, ал көкөністерді қапшыққа саламыз.
– Менің компьютерім, менің құжаттарым, қапшықтар.

Дәптерге тақырыпты жазады.

-мәтін

-сурет

-Диаграмма, мониторинг, кесте

-Қапшыққа салынады

 

ҮІІ. Сергіту сәтін ұйымдастыру

 

VІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту

 

  1. Ойын «Жартымды тап»
Жүйелік коды Блок
Перне Pad Тақта
Жұмыс блок Үстелі
ASCII ROM Коды
Морзе тақта Әліппесі
Фото үстелі Аппарат
Қатты аппарат Диск
СD әліппесі ROM
Word құжаттарым Pad
Менің диск Құжаттарым

Х. Рефлексия

1) Бүгінгі сабақаты таратылған карточкаға аты-жөндерінді жазбай  жасырын түрде бағалаңыз:

Сұрақтың маңайына  0- жоқ 1-ия деп жазыңдар

Сұрақтары:

    • Сендерге сабақта қызықты болды ма?
    • Жаға бірденені білдіңдер ме?
    • Жаңа тақырыпты мұғалім жақсы түсіндірді ме?
    • Жаңа тақырыпты өзің түсіңдің  бе?
    • Келесі сабақта оны компьютерде қолдануға дайынсың ба?

 

2) Оқушыларды бағалау

«Өте жақсы», «Тамаша», «Керемет» белгілерімен бағалайды Сабақтан алған әсерлерін айтып, бөліседі. Стикерлермен жабыстырады.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.