Тарих. Алтын Орда 7-сынып

ОҚО, Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ораз Люба Пірімжарқызы.

Пәні: Қазақстан тарихы    Сынып: 7-«Б»
Сабақтың тақырыбы: Алтын орда
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылысы, гүлденуі мен құлдырауы туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың белсенді  ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
б)Оқушылардың өз еліне , жеріне деген сүйіспеншілік, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, карта, слайд, электронды оқулық, тірек – сызбалар.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ –жауап. Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

  1. «Кім жылдам?» ойыны
  2. «Жауаптар орнын тап» ойыны
  3. «Айтылғанды қалпына келтір» ойыны
  4. Кесте толтыру

ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма беру.
ҮІ.Бағалау.

Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І-деңгей сұрақтары:

  1. Монгол империясының құрылуы?
  2. Монгол империясының қоғамдық құрылысы.
  3. Ұлыстардың құрылуы.

ІІ-деңгей сұрақтары:

  1. Монголдардың Қазақстанды жаулап алуы.
  2. Жауалап алуының басты себептері.
  3. Жауалап алудың зардаптары.

ІІІ-деңгей сұрақтары:

  1. «Жасақ» бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы?
  2. «Отырар апаты» қашан және не үшін болды?
  3. Ұлыстардың орнын картадан көрсет.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Жоспар:
1. Алтын Орданың құрылуы.
2. Алтын Орданың  қоғамдық құрылысы.
3. Алтын Орданың гүлденуі мен құлдырауы

Тарихи уақыты: ХІІІ ғ. ортасы ХҮ ғасырдың ортасы.

«Кім жылдам?» ойыны

  1. Алтын Орданың астанасы? Сарай-Бату Сарай-Берке
  2. Алтын Орданы кім құрған? Батый
  3. Алтын Орда халқының тілі. Қыпшақ
  4. Египет сұлтаны Бейбарыс мен қай ханның кезінде байланыс күшейді? Берке
  5. Қай хан бүкіл монғолдардың құрылтайынан  бас тартты? Берке
  6. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылданғандан кейін іс жүргізу жұмыстарын жүргізген тіл? Ұйғыр тілі
  7. Әскери істерді кім басқарған? Беклер бек
  8. Салық жинаумен кім шұғылданды? Доруға

«Жауаптар орнын тап» ойыны

«Айтылғанды қалпына келтір» ойыны

Ұлысының Жожы-Алтын орда құрылған орнына мемлекет ірі алғашқы. Даласында Куликово 1380  жылы  Дмитрий Донской Мамай хан. Орыс әскерінен бастаған жеңілді. Бас тартты мойындамай империясына Моңғол тәуелділігін Берке хан.
Алтын Орда –Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет. Мамай хан 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңілді. Берке хан Моңғол империясына тәуелсздігін мойындамай бас тартты.

Кесте толтыру

АЛТЫН ОРДА
Алтын Ордадан ХҮ ғасырдың ортасында  бөлініп кеткен қалалар Алтын Орда халқы
Ақ Орда, Ноғай ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан. Қыпшақ, найман, қаңлы, қоңрат, керейіт, уақтар. Еділ бұлғарлары, мордоволар. Орыстар, хорезмдіктер.

ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма беру.Тақырыпқа дайындалу. Өтілген тақырып мазмұнына сүйене отырып  тесттік тапсырма құрастыру
ҮІ.Бағалау.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.