Денім сау болсын десең…

gulnarbarly000ОҚО, Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Барлыбаева Гүлнара Қоршыбайқызы.

Сабақтың тақырыбы:  Денім сау болсын десең…

Көрнекі құралдар: шаңырақ макетті, түрлі-түсті ленталар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Сабақты ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі. Нұрға бөліну.

ІІ. Пікірлесейік:

–         «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларына не түседі?

–         Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не
Дәйексөз
Балалардың танымдылық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементті. (Дәйексөз ретінде алынып отырған, нақыл сөздің мағынасын ашып түсіндіру арқылы балаларды адамгершілік құндылықтарға баулу)

— «Отаным — алтын бесігім» деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
(Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім сабақта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады.)
— Отан — бұл біздің сүйікті отбасымыз, туған жеріміз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз-Қазақстан.
— Отанымыз бізді анамыз сияқты аялап, мәпелеп, өсіріп, бақытты болуымызға барлық жағдай жасайды.

Шығармашылық жұмыс
Балалардың өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындауына құрылған. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. «Адам шаңырақ жарастығымен бақытты», — деген халық даналығын еске ала отыра, біз де үлкен елдің кішкентай азаматы ретінде шаңырақ көтеріп, Отан-Анамызға өз ризашылығымызды білдірейік.(Оқушылар шаңырақтың макетіне уық ретінде түрлі-түсті ленталарын іледі, игі тілектерін білдіреді.)
Соңғы тыныштық сәті.
Бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен тілейді, мейірімді қарым-қатынастар орнығады.
Балалардың тілектері төменгідей болады
Мысалы:
Әлемде тыныштық болсын!
Ашық аспан тілеймін
Туған жерімді сүйемін
Күніміз жарқын болсын! — т. б
Мұғалім оқушылардың шеңберге тұрып, «Отан-ортақ үйіміз» атты Е. Өтетілеуұлының сөзіне жазылған әнді қосылып айтуларын сұрайды.

Үйге: 71-74 беттегі “Қаздар қайтып барады” үзіндісін оқу.

Тексерген:

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.