Дара және күрделі сан есімдер.

ОҚО, Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсаева Роза.

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру, күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;
Дамытушылық мақсаты: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Тәрбиелік мақсаты: Адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіндіріп, өмірмен байланыс арқылы туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, сұрақ – жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,  слайдтар, ойын атрибуттары
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру.
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал – жабдықтарының барлығын қадағалау.
4. Қызығушылығын ояту

Қазақ тілім-өз тілім,  ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жұптасып тексеру» арқылы үй жұмысын тексеру. Үйге берілген 133-жаттығу.

А.Құнанбаев кім?

Оның қанша қарасөзі бар?

1 топ. Зат есім

2 топ. Сын есім

Бірігіп сан есім туралы білгендерін айтқызу.

  1. Сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
    2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
    3. Сан есім қай сөз табымен тікелей тіркесіп, қолданылады?
    4. Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
    5. Сан есімдердің зат есімсіз жұмсалуын мысал келтіріңдер?
    ә) Ал енді, сан есімдер қатысқан мақал – мәтелдерді ортаға салыңдар.

Оқушылардың жауаптары:
1. Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.
2. Жігітке жетпіс өнер де аз.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
5. Он үште отау иесі
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Болжау» стратегиясын қолдану.

Терме диктант.

Үш-төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Ол өзі отыз бес жыл зауытта слесарь болған адам. Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады. Батареядан он адам өлді, жиырма кісі жаралы болды. Бұл ел –Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты.

Сан есімдерді жазып айырмашылығын дәлелдейді.

-Сан есім қалай жазылады?

-Дара және күрделі сан есім екенін қайдан білдіңдер?

-Ережені айтып көріңдер.

1. Тақырып сырын ашу (1 слайд)

Дара сан есім Күрделі сан есім
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім. Екі я одан  көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім.
он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу. екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, үш-төрт, оннан бір, жүз қаралы.

Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.
Мысалы, қырық – елу, алпыс – жетпіс.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

136-жаттығу. Жұмбақ есеп. Шешуін таба отырып, сан есімдердің қолданылу мәнін атап беріңдер.

Топпен жұмыс.

І. Тапсырма.

1 топ. Дара сан есімдерді бірінші  бағанға жазыңдар.

2 топ. Күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

Отыз, тоқсан, елу, жетпіс жеті, алпыс тоғыз, жүз елу үш, он сегіз, жиырма төрт, мың екі жүз елу сегіз, алты, үш, қырық екі, жиырма жеті, он үш, тоқсан, тоғыз, екі, алпыс, үш, төрт-бес, екіден бір.

Берілген сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.
 «Сергіту» ойыны.

Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер.
Екінші, қырық – елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш – үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.

ІІ. Тапсырма.

1 топ. Берілген сан есімдерді қатыстырып «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңдар.

2 топ. «Жігітіке жеті өнер де аз» деген тіркестегі сөздерді сөз таптарына қарай талдаңдар.

ІІІ.Тапсырма.

1 топ. Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойып, оларды құрамына қарай талда.

  1. … жұрттың тілін біл

… түрлі білім біл.

  1. Елдің көзі – …
  2. … жылда  ел жаңа

…  жылда қазан

… бірі-қыдыр.

2 топ. Құрамында сан есім бар жұмбақ, жаңылтпаш тауып айтыңдар.

ІҮ. Тапсырма.  “Этномәдени сұрақтар” – ауызша жұмыс түрі
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

Ү. Тапсырма. Әдебиетпен байланыс.
Халық ауыз әдебиетінде және жекелеген авторлар шығармаларында көптеп кездесетін шығарманың бір түрі – санамақтар. Қазір кеспе карточкаларды таратамын. Карточкаларда санамақтың бір – бір жолынан жазылған. Мен белгі берген кезде сан реті бойынша оқып шығасыңдар.
Бір дегенім – білім алу.
Екі дегенім – елін сүю.
Үш дегенім – үлгілі болу.
Төрт дегенім – төзімді болу.
Бес дегенім – бірлікте болу.
Алты дегенім – ақылды болу.
Жеті дегенім – жетістікке жету.
Сегіз дегенім – сезіне білу.
Тоғыз дегенім – толғану.
Он дегенім – осының бәрін ойға алу.
Қорытынды ой толғау.

ІҮ. Сабақты бекіту:
«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той – думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)

Ү. Сабақты қорыту.
– Сонымен, сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
– Қандай сұрақтарға жауап береді?
– Дара сан есімдер дегеніміз не?
– Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

Енді жұмбақтарды шешейік!
1. Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың
9. екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын
12. мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы – Анарға,
Қызыл алма – Манарға.
Қанша сонда бар алма.
13. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға,
Айт, неше құс ұшып жүр,
Неге екенін түсіндір

ҮІ. Үйге тапсырма.
Міндетті деңгей: Дара және күрделі сан есім туралы түсінік.
Мүмкіндік деңгейі: 137 – жаттығу.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.