М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

adamleilaАдамбекова Лейла Токмухамбетовна Жамбыл облысы Шу қаласы «Жібек жолы» мектеп-лицейініңқазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Кез келген шығарманы оқытуда әр ұстаздың алдына қойған мақсаты, әдісі өзінше болып келеді. Оқушының ойлау  қабілетін, іздену, зерттеу талабын дамыту  мақсатында алдын ала  оқушыларға тапсырмалар беріліп, әдебиет тізбесі  көрсетіледі. Сабақта оқушылар  жырды, ондағы кейіпкерлерді жаңа бір қырынан тануы тиіс. Сондықтан әр оқушы жеке немесе топпен іздену жұмыстарын жүргізіп, интерактивті тақтаны пайдаланып, сабақта өз пікірін қорғайды. Мұндай сабақтарда оқушылардың сыни ойлау қабілеттері қалыптасады, әдеби зерттеу еңбектерді, газет-журнал материалдарды оқып, ғаламтор жазбаларын қарап, білімдерін кеңейтеді.

Сабақтың тақырыбы:  М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Скачать (PPTX, 854KB)

Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, ондағы берілген өзекті ойды анықтау.

Міндеттері:
1. Жазушының әлемдік деңгейдегі суреткер екендігін дәлелдеу.
2. Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
3. Шығармашалық қабілеттерін дамыту, іздендіру, өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, пікірлесу.
Оқушылардың сабаққа қамтылуы: топтық жұмыс
Сабақтың ресурсы: Анықтама, жоспар, тірек-сызбалар. Көркем фильмнен үзінді. Слайд..
Күтілетін нәтижесі: адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде алынуын түсінеді.
Бағалау: критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау

Сабақтың барысы:   

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу.Топқа бөлу.Сабаққа сәттілік тілеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы:

  1. Жазушы М.Әуезовтің өмірі және шығармашылығымен танысу(өз презентациясын дайындау).
  2. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып келу.
  3. Арлан, қасқырлар туралы мәлімет (өз презентациясын дайындау)

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын қою. Мақсатын айқындау.
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті. Сабақ 4 бөлімнен тұрады.
І. Зерттеу
ІІ. Талдау.
ІІІ. Зерделеу
ІҮ. Рефлексия.

І«Зерттеу»
1. М.Әуезовтің өмірі, шығармашылық жолы.

«Көксерек» кинофильмінен үзінді.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев
Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.

ІІ. Талдау. Шығарма мазмұнына  қысқаша шолу.
Бір ауыз сөз .Оқушылар бірі ауыз сөзбен сұраққа жауап береді.
1. Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі  ұқсастық неде?  (мыс. қаталдығынды» н/е «жауыздығында» , «нәзіктігінде»)
2. Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі. («тағылығы» , «қаталдық» т.б.)
3. Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?  («Көксерек», «әкесі», «өзі», т.б.)
4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? («қарсымын», т.б.)

Топтық жұмыс.
І топ. Адам – бөлтірік – орта.Үш сөзді байланыстырып қысқаша ойтолғау жазу.
Мақсаты: әңгіменің негізгі идеясын, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау.
ІІ топ.Венн диаграммасы. Табиғат-адам
Екеуінің арасындағы байланыс.
Қандай болу керек?  Екеуінің арасында үндестік, үйлесім, өз заңдылығы болу керек екен. Ол заңдылық еш уақытта бұзылмауға, сақталуға тиісті. Жазушы, егер бұл заңдылық сақталмаса, оның жақсылыққа апармасын ескертеді.

Постер қорғайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.

  1. ІІІ топ.“Қызыл кітапқа “ енген жан-жануарлар .  «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»

1.«Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді
2. Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді,

3. Төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4.  Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

Постер қорғайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.

ІІІ. «Зерделеу»
«Қасқырлар ——».
-Қасқыр туралы не білеміз?
Қасқыр-жыртқыш аң.Дене мөлшері 105-160 см.Жылына екі рет түлейді.
Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді.Қазақстанда қасқырлардың 30-дан астам түрлері кездеседі.

2002 жылдың санағы бойынша Қазақстанда120 мың басы бар болатын.Жылына екі рет түлейді.Қаншығы 4-6 күшік табады.Қорегін іздеп 70-85 км-ге дейін барады.Шағын ұялас тобын-әуегі, ал сол әуек басшысын-абаданы деп атайды

Арқа жағының қазақтары “Қасқыр жортақ” дейді.Кей жерлерде “Бөрі сырғақ” деген амал бар.Ақпан айының 17-23 күндері. Осы мерзімде қасқырлар жұп құрайды.

Қасқырдың терісінен ішік тігеді. Оның өтін емге пайдаланады. Тырнағын бесікке іліп,жын-шайтан    жоламайды деп   ырым етеді.

Адам және табиғат. Үндестік заңы. Бұл – жер бетіндегі барша адамзат үшін, оның ұрпағы үшін өте маңызды мәселе. Өйткені ол тіршілік үшін, оның тыныштығы үшін қажет.

-Қасқыр туралы қандай шығармаларды білесіңдер?

Бұл тақырыпқа әлем әдебиетінің ең көрнекті өкілдері де қалам тартқан екен.

Эрнест Сетон – Томпсон    “Лобо” әңгімесі.”Виннипег қасқыры”,Джек Лондонның  “Ақ азуы”.Шыңғыс Айтматов “Жан пида”,Олжас Сүлейменов “ Бөлтіріктер”,Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым».

Қорытынды. «Ыстық орындық».Оқушылар «ыстық орындыққа» отырған оқушыға жазушы, жазушының шығармашылығы туралы,»Көксерек» әңгімесі бойынша  сұрақтар қояды.

– М.Әуезовтің қандай шығармалары бар?
– М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуына не себеп болды?
-Жазушы оқырманға не айтпақшы?
-Жазушының жан айқайы не?

-Сонымен, оқушылар бұл жерде жазушының және оның шығармасының құндылығын байқаймыз. Әңгіме арқылы жазушының әлемдік деңгейдегі ірі суреткер-жазушы екендігін таныдық.

Тапсырма. Шығарма. «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті».
Бағалау.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.