Сабақ тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысы

guljanBega000Бегалиева Гулжан Тастановна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мекетеп-лицейінің орыс сыныптарындағы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

ҚМЖ.  Пән: қазақ әдебиеті        Пән мұғалімі: ***   Сынып: 9 б    Мерзімі:

Сабақ мақсаты: Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру. Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге бейімдеу. Оқушыларды ауыз әдебиетінің бір саласы айтыс өнерінің ерекшелігін ұғындыра отырып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдіс -тәсілдер: ( 7 модуль) салыстыру, талдау, болжау.
Дерек көздер: қазақ әдебиеті оқулығы, интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов. www.gooogle.kz http://www.infos.kz/
Ресурстар: Оқулық, постер, стикер, маркерлер. Слайд. Бағалау парақшалары.
сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз:  Біржан – Сара қыздар.  Біржан – Сара ұлдар. Біржан – Сара.  Біржан-Сара айтысынан үзінді. 

Күтілетін нәтиже: «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері туралы біледі. Негізгі тақырыбын түсінеді.
Бағалау: формативтң, суммативті, өзін-өзі бағалау.
Бағалау критерийлері: Айтыстың мазмұнын біледі. Негізігі идеяны айта алады. Салыстырып, талдау жасайды. Өзін-өзі бағалай алады.

 Кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыт
Білім2 ұпай Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесуПсихолгиялық ахуал тудыру. «Мадақтау» әр топ бір-біріне 1 минут ішінде мадақтау, комплимент айтуы керек. Сабақ үлгерімі мен жақсы қасиеттері туралы айтылады.Айтыс музыкасы ойналады.Мұғалім сөзі: Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара – пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы.
Өмір – дерек. Біржан мен Сара өмірі.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
«Біржан» тобы Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.«Сара» тобы Сара ақынның өмірі мен шығармашылығы. 8
Түсіну4 ұпай –          Біржан мен Сара айтысының тақырыбы қандай?-          Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген? 

 

Біржан мен Сара айтысынан үзінді айту.

–          Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі.-          Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеуметтік тақырып ретінде көтереді.Кезектесіп айтыстан үзінді айтады. 8
Қолдану6 ұпай Оқулықпен жұмыс.Сөздікпен жұмыс
Ақиық – бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс.Мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі.
Ақ тұйғын – сұңқар, лашын
Арғымақ – жүйрік ат
Наркескен – ақ семсер, өткір қылыш
Айтыста екі ақын да өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен көрінеді. Біржан мен Сара үздік өнер иесі. Бір-бірінің өнеріне сүйсінеді, бағалайды.

  1. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?

2. Сараның өз бейнесін, өнерін сипаттаған жердегі ақындық шеберлікті көрсетіңдер.

 

 Оқушылар сөз мағынасын түсіндіреді.Біржан

Ақ иық мұзбалаққа
Бұлбұл
Аспандағы аққу
Бәйге атына
Кең қолтық, жібек жол арғымақ
Байпаң жорға
ҚыранғаСара

Ақ тұйғын
Тоты құс
Ақ иық бұлбұл
Арғымақ
Наркескен
8
Талдау8 ұпай 1. Сараның айтыстағы айтқан сөздерінің мәнін ашыңдар. 1. «..Билігі болмаған соң бір басының»
Берген соң тері-терсек ит те алады..»2. «Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным,
Дені сау кез болмадым бір тазаға»
6
Жинақтау10 ұпай Қазіргі уақытта айтыс өнерінің өкілдері болып жүрген кімдерді білесіңдер?Қазіргі айтыс пен бұрынғы айтыстың ерекшеліктерін салыстырайық. –          Надежда Лушникова,  Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Зайтов,  Мұхамеджан Тазабеков,Есет Досалы т.б.Салыстырады 7
Қазіргі айтыстар Бұрынғы айтыстар
Алдын ала белгілі болады
Демеушілер болады.
Қазылар алқасы бағалайды. СМС арқ. бағалайды.
Өз облыс атынан шығады.
Рулық бағыт
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынас туралы.
Өздері іздеп барып айтысады.
Бағалау12 ұпай Жылдар сыр шертеді.«Біржан» мен «Сара» топтары бір-біріне «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша сұрақтар қояды.«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бағалау критерийлері:
Біржан мен Сара өмірі мен шығармашылғы туралы біледі.
Айтыс ерекшелігін түсінеді.
Шығарма мазмұнын біледі.
Айтыстардың түрлерін біле отырып, талдай алады.
Кейіпкерлер бойындағы қаиеттерді біледі.
Көркемдеуіш тәсілдердің мағынасын түсіне отырып, талдай алады.
Айтыс туралы қосымша мәліметтер біледі.
Кестені толтырады 8
1871 жылы Қазіргі Алматы обл-ның Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді
1898жылы  Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады
1907ж Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы  жарық көрді
1918ж  Бұл  үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды.
1946ж Айтыс негізіндегі Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.
Үй тапсырмасы: шығарма жазуға дайындалу.

Рефлексия:

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.