Баяндама тақырыбы: Оқыту үдерісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану туралы

guljanBega000Бегалиева Гулжан Тастановна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мекетеп-лицейінің орыс сыныптарындағы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ – ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.  АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардыың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.  АКТ – ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиісті ( Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell and Beauchamp, 2007).

Мұғалімнің АКТ  пайдалану жөніндегі қызметін біз оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға, коммуникативтік әрекеттер жасау қабілеттерін дамытуға, оқу қызметі мәдениетін дамытуға, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерін жандандыруға; оның тиімділігі мен сапасын арттыруға; қазіргі қоғамның ақпараттануына байланысты туындап отырған әлеуметтік тапсырысты өткізуге бағытталған  қызмет түрі ретінде қарастырамыз.

Мұғалімнің АКТ пайдалану қызметінің мазмұны қызметтің бір түрі ретінде мыналарды қамтиды:

–                     Уәж – субьектіні қызметке ынталандырады;

–                     Мақсаттар – қызмет қорытындысында қол жететін нәтижелер;

–                     Құралдар – қызметті атқаруға көмектеседі.

Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты. Егер оқушы АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде АКТ-ны пайдалануы тиімсіз болуы да мүмкін. Бұл АКТ саласында және пәндік білім бойынша «кенжелеп» қалуға ықпал етуі мүмкін.

Оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілері:

1. Көрсетілім (демонстрация)

– түрлі амал-тәсілдерді көрсету, идеяларды салыстыру, зерделеу, талқылау мақсатында оқушылардың жұмыстарын алмастыру.

2. Модельдеу

– мысалы, ғылымдағы сызба, табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б. оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдалануыдың әдістерін көрсету. Түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану

3. Бағалау мен талдау

– оқуда жаңалық жасауға ықпал ету. Мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу. Оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету.

4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас

– балардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы. Ақпарат алмасу (таныстырылымдары)

5. Тестілеу және растау

– «Егер …. болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін мәліметтерді жинау (құрал-жабдықтарды пайдалану)

АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы  мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақтаулы мықты мектептердің өзі неге тұрады (Kennewell and Beauchamp, 2007). Сол сияқты өзіміздің мектеп те де интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып жатқандары да бар.

Мұғалімдер оқушыларды қызықтыру үшін және ақпаратты әртүрлі форматта бере отырып, олардың дамып келе жатқан түсінігін бағыттау үшін ИТ-ны пайдаланады. ИТ оқушылардың сабаққа белсенді, әдетте  кезекпен қатысуына, сондай-ақ топтың қызметін ынталандыру үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жеке және ұжымдық қызмет идеяларын жинақтау үшін өте пайдалы.  Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар сыныпта талқылауға визуалды түрде қатыса алады. ИТ балалардың топтық қызметін ұйымдастыру үшін жақсы құрал бола алада, мысалы, ол мұғалімге балалар бірге жұмыс істей отырып, өзара әрекеттестікке және түсіндіре алатын қызықты, мультимедиялық ресурстардың жақсы өқрылымдалған топтамасын жасауға мүмкіндік береді. Өзінің топтық жұмысында ИТ пайланған балалар сыныптағы барлық жұмысқа белсенді түрде қатыса біледі.

Технологиялық қабілетті мұғалімдер ИТ-ны шығармашылық бағытта да пайдаланады. Бұрынғы сабақты дайындау мен сабақ берудің ұзақ үдерісін жылдамдатуға болады-және білікті, шығармашыл мұғалімдер оларды, іс-әрекеттің кейбір ерекше тартымды түрлерін жасау үшін пайдаланады. ИТ шығармашылықпен пайдалынылса оқушылардың қатысу белсенділігі артуға жаңа мүмкіндік береді және сабақтарды тартымды және қызықты етеді. Бұл ИТ- ны қолдануғаа білікті маманның қолына түссе іске асады.

Шешімі:

  • Оқу – тәрбие үдерісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану жолдары жалғастырылысын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (2013) Екінші (негізгі) деңгей.

2. Үлестірмелі материалдар (үшінші апта)

3. Математика және физика ғылыми-әдістемелік журнал №5   2013ж.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.