МЕКТЕП ДАМУЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҚ ПЕН КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

aigulsukt000Сұлтанбек Айгүл Турысбайқызы, № 13 М.Мәметова атындағы орта мектебі, ҚАЗАҚСТАН, Жамбыл облысы, Меркі ауданы.

Еліміздің көшбасшысы, президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жасағандa: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын [1].
Сол себепті біз айтылған талапқа сай білім қалыптастыруымыз қажет деп ойлаймын. Біз алдымызға мынадай міндет қоя аламыз: «Дамыған, өмірге тез бейімделетін, өз жолын дұрыс анықтай алатын, алған білімдерін өмірде дұрыс қолдана білетін жеке тұлға дайындау».
Сапасы төмен білім туралы, оған қатысты шешімі табылмаған мәселелер жайында барлық елдің білім беру саласында жиі айтылып жүр. Мәселенің оң шешілуі, оған байланысты сұрақтарды бірге шешуге талпыну, білім беру сапасының бәсекеге сай болуы халқымыздың экономикасының дамуына әсер ететін маңызды факторы болып табылады. Бұл мәселе тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлем елдерінің барлығына тән үдеріс.
Бұрынғы жастардың мақсаты айқын, болашағы белгіленіп қойған болатын, ал қазіргі өзгермелі қоғамда мектеп бітірген жастарды өзгеше өмір күтіп тұрады. Ғылыми техникалық прогресс пен ғылыми жаңалықтар қолжетімді білім мен ақпарат көлемін мейілінше арттырып жіберді. Біз тәуелсіз халықаралық қоғамдастықта өмір сүріп жатырмыз, ал бұл жерде бір елдің жетістігі мен күйреуі көптеген елдерге ықпал етіп жатады. Түрлі зерттеулер нәтижелерінде мектепті басқаруда мектеп көшбасшылары маңызды рөл атқарғанымен, оқушылардың оқу үлгеріміне мұғалімдер сабақ барысында орнататын сыныптағы ахуал басты ықпал етеді. Сол себепті мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.[4] Егемендік алғаннан бері дамыған мемлекеттерден үлгі алуға тырысқан еліміз өз ішіндегі реформаларды басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіп келеді.
Қазіргі таңда елімізде жалпы білім мәселесі экономикалық жағдайымызға тікелей байланысты. Білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу үшін, оны тек біржақты қарамай, көптеген мәселерді де ескеру қажет. Мысалы, еліміздің орналасқан географиялық орны, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторлар.
Білім беруді дамыту мәселелері, білім берудегі қалыптасқан іс әрекеттерді жетілдіріп, өткенмен санаса отырып, әлемнің озық тәжірибелерін өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге енгізсек, жақсы бастама болар еді. Өйткені білім беруді дамыту арқылы мемлекетіміздің өркендеуіне мүмкіндік жасайтынымыз белгілі. Кез келген мемлекеттерде білім беру жүйесі толық өзгеріске ұшырап біткен жоқ, себебі, білім беру жүйесі үнемі заман талабына сай реформаланып отыруы тиіс екен [2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты жолдауында «Мұғалімдер біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға жеке назар аудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік» деп атап айтқан болатын [3].
Елбасымыздың осы сөздерін оқи отырып, менің алдымда мынандай маңызды сұрақтар туындады. Мен өз тәжірибемде оқыту әдісін не үшін өзгертуім, неге мұны міндетті түрде жүзеге асыруым және осы мәселенің жауабын тапқан күнде, мен оны қалай өзгертуім керек?
Бұл сұрақтардың жауабын мен өзім үшін ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқуда жүргенде іздестіруге тырыстым. Ал бірінші (ілгері) деңгей бағдармаласы аясында үш бағытта жұмыс жасау қажет екен:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсінік қалыптастыру;
• Табысты, нәтижелі, бірлескен жұмыс арқылы әріптестеріме қолдау көрсету;
• Мектепті дамыту мақсатында желілік қоғамдастықты дамыту және оған қолдау жасау [4].
Осы курста оқып дәріс алып, қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға үлес қосу керек екенін түсіндім.
Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілген негізделген. Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз? Осы сұрақтың жауабы ретінде мен мынаны: мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажет, осы өзгерістер жастарға ХХІ ғасырда табысқа жету үшін білім және дағдылармен үйлесуі қажет деп айтар едім. Ал енді біз бұны қалай істейміз деген сұраққа жауап ретінде: бүкіл мектеп шеңберінде тәлімгерлік ету мен коучинг жүргізу арқылы, Лессон Стади мен іс әрекеттегі зерттеулер жүргізу арқылы мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуге болады дер едім. Тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек деген сұраққа: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бағытталған іс әрекеттер жасау және 7 модуль ықпалдасқан тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыра аламыз деп жауап бере аламын.
Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында жұмыста әртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіліктер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ біз білікті мұғалім ретінде, өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.[4] Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән-жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Өз кезегімде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогиканың жаңа нысандарын игеруге тура келеді. Оқыту үдерісінің басшысы ретінде директорлар үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру және оны күнделікті жұмыс барысына енгізу үшін тиімді тәжірибе қоғамдастықтарын құра алады.
Мектеп көшбасшылары өздерінің ықпалын ұлғайту үшін:
• мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау мен бағалау;
• коучинг пен тәлімгерлікті басқару мен жүргізу;
• мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;
• командалық жұмысты және бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы оқытушы көшбасшылықта неғұрлым белсенді рөл атқаруға тиіс.[1] Осы жағдайларды ескере отырып, мен мектеп тәжірибесіне барғанда «Инновация» кәсіби қоғамдастығын құрдым. Кәсіби қоғамдастықта мектептің дамыту жоспарын жасау, оның мониторингісін жүргізіп отыру, жалпы мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал жасау деген сияқты мәселелер қамтылып отыр. Енді осы бағыттағы кәсіби қоғамдастығының негізгі мақсаты: Оқыту мен оқу процестерінде оқыту үшін бағалау техникаларының тиімді пайдалану болатын. Аталған іс әрекеттегі зерттеу мәселесінің тақырыбын толық ашу мақсатында мектеп шеңберінде коучинг, тәлімгерлік, Lesson study өткізуді жоспарлап отырмын. Кәсіби қоғамдастықта болашақ көшбасшыларды даярлау, осы көшбасшылар арқылы бүкіл мектеп жағдайында басқа мұғалімдерге ықпал етудің тиімді жолдарын анықтап отырмын. Кәсіби қоғамдастықтағы мұғалімдер өз жұмысына уақыт тауып, жауапкершілікпен атқаруды көздейді. Мектеп шеңберіндегі кәсіби қоғамдастық мұғалімдердің кәсіби біліктілігімен қатар, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты, өзара түсіністікті де дамыту қажет. Осы жұмыс жасап жатқан тақырыбыма байланысты ІІ деңгейлі мұғалімім маған мектеп деңгейінде мүмкін болатын мәселе яғни, критериалды бағалаудың нәтижесінде жиынтық бағаның күрт өсіп кетуі мүмкін деген пікір айта отырып, осы зерттеу мәселесімен айналысайық деп ұсыныс жасады. Кәсіби қоғамдастықта осындай зерттеу мәселесімен айналысып жүрген тағы бір ІІІ деңгейлі мұғалім бар. Ол сын тұрғысынан ойлантатын ашық сұрақтар қою арқылы баланы көркем сөйлеуге машықтандыру деген тақырыпта жұмыс жасауда. Мектебіміздегі кәсіби қоғамдастыққа қызығушылық танытып, ынта білдірген жас мамандарды Кембридждік тәсілмен жаңа форматтағы сабақ беруді, қысқа мерзімді жоспарды Блумның ойлау сатылары арқылы жоспарлауды коучинг сессиялары арқылы үйретудеміз. Биылғы оқу жылынан бастап, мектептегі деңгейлі мұғалімдер мен олар сабақ беретін сыныптарда рефлексивті күнделік жобасын енгізуді жоспарлап бастадық. Рефлексивті күнделік арқылы мұғалімдер өз іс әрекеттеріне баға бере отырып, ары қарай дамуына ықпал етуіне көмектесетін құрал екенін білеміз. Жалпы рефлексия мұғалімдердің ойын тәртіпке келтіреді және құрылымдайды, олады проблеманың терең талдауына бағыттайды және оны шешу жолдарын іздестіреді. Сондықтан мұғалімнің рефлексивті ойлауы – оның кәсіби дамуының шарты деп қарастыруға болады. Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі осы ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелденген. Сол себепті әр өткізілген іс шаралар бойынша мұғалімдер мониторинг жүргізіп отырса, ол нәтижелі болады деп айта аламын.
Алдағы уақытта мектептегі оқыту мен оқудағы туындаған мәселелерді осы кәсіби қоғамдастық аясында, желілік қоғамдастық аясында қарастырамын деп жоспарладым. Негізінде жоспарлы әрекет ету нәтижелі болатынына көзім анық жетіп отыр. Сондықтан мен мектепті дамыту жоспарын нақты жұмыс істейтін смарт мақсат негізінде жасай аламын деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдеріне желілік қоғамдастықтың маңызын айтып түсіндірдім. Оның бір мысалы ретінде аудандық түрлі іс шараларға қатысу болды, себебі аудандық іс шараға мұғалім тек өзі ғана барып қатыспай, кәсіби қоғамдастығы атынан қатысып отырса және ол үшін үнемі кәсіби білімін жетілдіріп отырса, жақсы септігін тигізер еді.
Сонымен, бәсекеге қабілетті ел болу үшін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу керек. Ал бәсекеге қабілеттілік жақсы тәрбие мен жақсы білімнен болмақ, яғни оның негізі отбасы мен мектепте қаланатын болады. Осыны жақсы меңгеріп, іске асырар болсақ, ел ертеңі баянды болады.

Әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауынан, 2005 жыл.
2. А.Құсайынов, Қазақстандағы білім беру жүйесі, «Түркістан» газеті. №28, 2008ж.
3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан білім қоғамы жолында» сөзінен.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. І деңгей, екінші басылым, 2012 ж.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.