Кітапхана. «Нұрлы жол – кемел келешек кепілі»

T3

Жасарова Гулнар Кумуханбетовна, Ақтөбе облысы , Шалқар қаласы, №3 орта мектептің кітапханашысы.

Тақырыбы: «Нұрлы жол – кемел келешек кепілі» (кездесу).

Мақсаты:

1.Елбасы жолдауы маңыздылығын жас ұрпаққа бойына меңгерту.

2.Оқушыларды елжандыққа,отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу.

3.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген,халықымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту.

Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!  «Нұрлы жол-болашақа бастар жол »атты елбасымыздын жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатындағы кездесеуге келген қонақтармен таныс болыныздар.

  1. Жас Отан жастар қанатының атқарушы хатшысы Абдиков Абзал Базарбайұлы
  2. Кітапханашы Сқақова Айгул Ұзақбайқызы
  3. Библиграф-кітапханашы Бижанова Молдір

Ендігі сөз кезегін баяндамаға берейік оқитын кітапханашы Әбдіңағиева Амансұлу

Жүргізуші:Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «… садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», – деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында халыққа жолдау арнайтындығын жария етті. Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Осыған орай Президент Жолдауына үн қосып, арнайы үшін ой бөлісіп жатқан Мұғалемдер мен оқушылардың пікірлерін  тындайық.Ендігі сөз кезегі

«Нұрхан»партиясының төрайымы Шакеева Амангул апайға: Міне, дәл бүгінгі күніміз осын­­дай тағдырлы болып тұрға­нымен ерекше. Әйтсе де, біз үшін, халқымыз үшін ең бастысы: қор­ғанымыз бар, ол – Пре­зи­дентіміз Нұрсұлтан Назар­баев. Елбасының саяси көре­генділігі мен өмірлік мол тәжірибесінің арқасында еліміз түрлі жағдайлардан үлкен қиын­дықсыз өте алады. Ол күні кешегі Жол­дауы арқылы әлемдік экономикалық жағдайдың күрт төмендеуіне байланысты елі­міз­дегі экономикалық және әлеу­меттік салаларды шұғыл қайта құрудың жолдарын ұсынды.

«Нұрлы Жол» деп атал­ған Қа­зақстанның Жаңа Эко­но­­микалық Саясаты бойын­ша ұсынылған іс-шаралар сали­қалы ойдың жемісі екені анық. Ол ұсынылған іс-әрекеттер мемлекетіміздегі құры­лымдарды дер кезінде сауық­тыруды көздейді. Президент ұсынған шаралар тек экономика, қаржы институттары, көлік және өндіріс орындарын ғана емес, сондай-ақ, еліміздегі кең ауқымды әлеуметтік салаларды, білім беру және денсаулық сақтау салаларын да қамтыған.

Қазақстанның Жаңа Эко­номикалық Саясатының мақсаты айқын әрі нақты, ол − Қазақстан халқының жағдайын жақсарту. Бұл жаңа саясат жас ұрпақтың болашағының қамын, еліміздің үлкен саясаттағы абы­ройын ой­лаудан туған. Сондықтан, біз­дің әрқайсымыз Президент Н.Назарбаевтың жаңа саяси бағытын барынша қолдап, азаматтығымызды таныта білуі­міз керек. Тек қана алға! Біз Ел­басы – Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймыз!

Оқушы: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты мерзімінен бұрын жарияланған Жолдауы жылдағыдай жұртқа алдын-ала хабарланбады. Тосыннан елді елең еткізген Нұрсұлтан Әбішұлының бұл шешімі жаһандық сынақтардан лайықты өтуге бағытталған бағдарламаны уақыт оздырмай жүзеге асыруға негізделіп отыр. Әлемдік экономикада болып жатқан дағдарыстан сырт айналып өте алмайтындықтан бізге қазір нақты орындаушылық тәртіп қажет. Үкіметке тапсырылған міндеттердің орындалуы барша қазақстандықтар үшін маңызды. «Нұрлы жол» жаңа Экономикалық Саясатын жариялай отырып, мемлекет басшысы оның осыған дейінгі реформаларды жалғастыруға бағытталатынын жеткізді.

«Ұлттық қордың қаржысы қайда жұмсалып жатыр немесе қайда жұмсалмақ?» деген көптің көкейінде жүрген сұраққа толлыққанды жауап берген Елбасы, осындай қысылтаяң шақта сақталып, көбейген қор қаржысын ел игілігіне үнемді жұмсауды Үкіметке тапсырды. АтапайтқандаҰлттыққордыңқазынасы:

– тамақ, химияөнеркәсібіменмашинажасаудағы, қызметкөрсетусаласындағышағынжәнеортабизнеспенірікәсіпкерліктіжеңілдікпеннесиелендіруге;

– банксекторынсауықтыруға;

– арнайыэкономикалықаймақтаринфрақұрылымдарына;

– ЭКСПО – 2017 кешеніқұрылысына;

Астанааэропортына.

БұлЖолдаудаЕлбасыбазаназараударғанмәселе – жолқатынасы, жолдыңжағдайыболды.

Анар:Президенттің бір жылда екі рет өткізген Жолдауына таң қалып жатқандар көп. 2012 жылы да осылай бір жылда екі рет Жолдау арнаған болатын. Биыл да солай, есесіне 2013 жылы Жолдау болған жоқ. Мемлекет басшысы кеше «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» келер жылға деп атап өтті. Әдеттегідей мұқият тыңдадық. Бұл жолы жалпылама емес, нақты басымдық беретін дүниеге ерекше тоқталды. Ол – жолдар мәселесі. Логистика – дамудың кепілі. Мысалы қытайтанушы бір ағамыз Дэн Сяопиннің билікке келген соң ең алдымен осы жол мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін айтады. Нәтижесінде қазір Қытай үлкен динамикамен дамыды. Логистиканың екі басты ерекшелігі бар. Біріншіден, ол – экономикалық табыстарға жол ашады. Кеше ғана ашылған Жезғазған – Бейнеу теміржолының бойында елді мекендер пайда бола бастағанын Президенттің өзі айтты. Демек бұрын елсіз жатқан жерге қан жүгірді. Сауда жасалады, алыс-беріс жүреді. Екіншіден, ішкі туризмнің дамуына жол ашады. Алматыда мен 10 жыл тұрып, керемет табиғаты бар Көлсайға бір-ақ рет барып, қайтадан аяқ аттап баспайтындай боп қайттым. Себебі жолы сын көтермейді. Суретін О.Бөкей салып беріп кеткен Катон-Қарағай деген сұлу жер бар. Бірақ жолы сұмдық. Әсіресе Алматыдан Өскеменге баратын жол. Бұл енді бірді-екілі мысал ғана. Үшіншіден, елдің ішкі бірлігін арттыруға да тікелей болмаса да септігі тиеді. Менің ұққаным осы.

Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Әйтсе де баспана мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Кезекті бағдарлама жан-жақты зерттеліп барып жасалғаны дұрыс. Қазір жастардың жаппай қалаға ағылуына орай баспана мәселесі де қатар жүзеге асуы тиіс. Ал, нәтижесін алдағы жылдары көретін боламыз.

Елдос:Биыл еліміз үшін басты жаңалық жыл сайынғы халықтың асыға күтетін Елбасы Жолдауының жылдағыдан ертерек болғандығы еді. Оның бірден-бір себебі, соңғы уақытта орын алған әлемдегі геосаяси қайшылықтардың себебінен туындаған экономикалық дағдарыстың жаңа қарқынмен үрдіс алуы. Елбасы айтқандай, экономикамыз қиын кезеңді бастан өткергелі отыр. Сондықтан, биылғы жолдау өзінің мерзімінен бұрын, бірінші рет «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында жолданды. Осы орайда, қай кезде болмасын, Президентіміз ел үшін ауыр кезеңдерде, қиыншылықтан шығу жолдарын ұсынып, жауапкершілікті өз мойнына алатындығын айта кеткен жөн.

Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Тарихқа үңілетін болсақ, экономика үшін ауыр кезеңдерде инфрақұрылымды дамыту, экономиканы жандандыру үшін ең тиімді құрал болып саналады. Мысал ретінде, әйгілі Американ Президенті Рузвельт: «Ұлы депрессия» кезінде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шараларын атап өтуге болады.

Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді.
Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады. Бұл тек қана, өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты.

 Назерке:Жолдаудағы ең негізгі дүние – бұл әрине Ұлттық қор қаражатының жұмсалуы. Менің ойымша, Ұлттық қордағы ақшаны жұмсау өте дұрыс шешім, себебі ол дәл осы дағдарыс жағдайына арналған. Қазір бүкіл әлем дағдарыс жағдайында және осы дағдарыс Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Шындап келгенде, бұл – дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алу шарасы.

Менің көңілімнен шыққаны, Ұлттық қордан бөлінетін қаржының негізінен әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуы: 200 мың жұмыс орнының ашылуы, тұрғын-үй, балабақша, жол салу және т.б.

Бастысы, сол бөлінген қаражаттың екінші деңгейлі банктер мен әкім-министрлер тарапынан талан-таражға түспесі болғаны.

Ағымдағы Жолдаудың басты ерекшелігі – бұл Елбасының «Нұр Отан» партиясына сыйлық жасады, себебі Жолдау – бұл партияның дайын сайлауалды бағдарламасы.

Айбат: Президент Жолдауының уақытынан бұрын жариялануы бүгінгі геосаяси оқиғалардың экономикаға әсер етуімен байланысты болды деп санаймын. Ресей мен АҚШ, Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық өзара санкциялардың әсері қазірдің өзінде Ресейдің ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағасы тарихи рекордты орнатты. Бұл процесстер сөзсіз біздің мемлекетке де ықпал етеніні анық. Президент осы жайтты ерекше атап өтіп, алдағы ауыр экономикалық кезеңнің басталатынын айтты. Сондықтан, уақытылы әрекет етіп, экономиканың дамуын ұстап тұру үшін “Нұрлы Жол” экономикалық бағдарламасын ұсынды. Бұл Жолдау қысқа әрі нақты болғанын атап өту қажет. Яғни, Үкіметке анық тапсырмалар берілді. Ұлттық қордың қаражатын жұмсайтын уақыт келді деп Президент атап өтті. Жөн-ақ. Экономиканың осындай кезеңдерінде қаражатты инфрақұрылымға (темір, авто жол, электр желілері, жкх, газ құбырлары т.б.) салғаны міндетті түрде ақталады. Бұл – экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезеңінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.
Әрине, көпшіліктің талқылауына біріншіден жаңа тұрғын үй бағдарламасы түскені анық. Себебі, бұл – еліміздің азаматтары үшін өте ауыр сұрақтың бірі. Соңғы әлеуметтік қақтығыстардың көпшілігі үй мәселесі бойынша болғанын ұмытпаған жөн. Жас отбасылардың 80 пайызында жеке баспанасы жоқ деген мәліметтің барын білеміз. Осыған дейін, жаңа ипотекалық бағдарлама қажет, оның пайызы төмен болуы тиіс деген ұсыныс көп айтылған болатын. Міне, енді жүзеге аспақ. Бұл азаматтардың баспаналы болуымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына алып келмек.
Ең бастысы бюджет, зейнетақы қорындағы қаражаттан бөлек, ұлттық қордағы ақша талан-таражға түспеуі керек. Үкіметтің бюджетті тиімді жұмсай алмай жатқандығын ескерсек, 25 млрд. доллардың бөлінуі – үлкен қауіп.

Меніңше, бізді қыруар жұмыс күтіп тұр. Егер, осы бағдарламаның да қағаз, сөз жүзінде айтылып, іске келгенде әдеттегідей кейін тартып тұрса, онда өзімізге қиын болмақ. Сондықтан, тек сөзден іске көшіп, нәтижесін күту қажет.

Арайлым: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 7бағытқа тоқталғым келеді. Бірінші – білім мәселесі. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласына ұдайы инвестиция құйып келеді. Соның нәтижесінде, табиғи байлықсыз-ақ, олар өздерін әлемдік сахнада экономикасы жетілген, табысты мемлекеттер ретінде танытты. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді.

Екінші – ұлт аралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмақ емес.

Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр, әрине бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті, дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі дүп басып айтты.

Баянсұлу: Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауының күн тәртібіне дер кезінде  әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды.

Жаһандық күрделі үдерістер, әлемдік геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстар, дүниежүзілік беймаза әлеуметтік, мәдени жәни діни ахуал – осының барлығы адамзат алдына шырмауы шым-шытырық мәселелер тудыруда.  Қазіргідей көзді ашып-жұмғанша ертеңің кешегіге айналатын заманда жайбасарлық жақсы нышан емес. Сондықтан да болар, Жолдаудың мұнша жылдам боларын ешкім де болжап-білмей қалғаны. Оның үстіне әңгіме ел мен жер үшін, Ұлттық мемлекеттілік пен ұлт үшін аса өзекті міндет пен мақсаттар төңірегінде қозғалып отыр. Бұл ретте Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тәрізді саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани маңызы айрақшы мерейтойларға да өз бағасы беріліп отырғаны қуантады.

Тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасау, қызмет көрсетулер салаларына қатысы бар шағын және орта биз­неске, әрі  кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард бөлініп отыр. Халықтың көпшілігі үшін аса маңызды банк секторын сауықтыруға келер жылы қосымша 250 мил­­­­ли­­­ард жұмсалмақ. Ұлттық мемлекеттігіміздің халықаралық абыройын әспеттейтінЭКСПО-2017кешеніне,көліктік-логистикалық,  индустриялық  энергетикалық және тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайтып, одан әрі дамытуға бөлінген қаржы көлемі қыруар. Білім, тәлім мен тәрбие  саласына байланысты, әсіресе  балалар бақшасы жүйесінің дамуына 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге, мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд. теңге бөлінбек. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылып, жол құрылысына 70 млрд. теңге жұмсалмақшы. Батыс пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күрематыры болған Ұлы Жібек жолы өтетін Қазақстан үшін жол, транспорттық логистика  мәселелері ерекше маңызға ие екендігі әбден түсінікті.

Айналып келгенде, аталмыш әлеуметтік-экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, Ұлттық мемлекеттігіміздің тұғырлы тіректері.  Олардың әрбірі – Қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды да абыройлы қадамдары.

Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде.  Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың  ошағына айналмақ!

Гаухар: Сонымен қатар, жолдау аясында Елбасы жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың діңгегі болып табылатын Инфрақұрылымдық дамудың бесжылдық жоспарын жариялады. Бұл жоспарды жүзеге асыруға жүзден астам шетелдік компаниялар қатысуға ынта білдірген, нәтижесінде 6 триллион тенге инвестиция құйылмақ (оның 15 пайызы Қазақстан үлесі).

Ендігі мәселе – осы бөлінгелі отырған қыруар қаржы-қаражатты шашау шығармай, талан-таражға салмай жететін жеріне дейін жеткізу. Елбасымыз да жұмсалатын қаржының қайда кеткені қатаң қадағаланатынын, бір тиынына дейін қайда кеткені сұралатынын қадап тұрып айтты. «Нұр Отан» партиясы тарапынан қосымша бақылау жасалатыны көрсетілген. Осы жерде мынадай мәселеге назар аударғанымыз жөн сияқты: жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттердің орындалуына, қаржы-қаражаттың орын-орнымен жұмсалуына тек қана бір партия жауапты деп түсінбеуіміз керек. Қазақстанның дамуы жаңғыз Елбасына, немесе, «Нұр Отан» партиясына ғана керек емес қой, дамыған отыз елдің қатарына кіріп, бақуатты өмір сүру барша қазақстандықтарға қажет. Сол үшін де, барлық азаматтық қоғам институттары тізе қосып, бүкіл халық болып қадағалауды үйренуіміз керек. Жолдауды жүзеге асыруға бөлінген орасан зор қаржы-қаражаттың іске жаратылуына жалпы халықтық бақылау жасалатын болса, береке де болады, жемқорлықты да ауыздықтай аламыз.

Абзал: Жалпы, жаңа жолдауда жоспарланып отырған  мақсат-міндеттерді іске асыру елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты. Мұны Елбасымыз ерекше атап көрсетті. Әрбір қазақстандық азамат осы ақиқатты саналы түрде ұғынса ғана жұмылған жұдырықтай болып, «Біз – Қазақстан азаматымыз, қазақстандық халықпыз» деп, бірігіп іс-қимыл жасайды, бейбіт елде бірге өсіп-өнеді. Мемлекет халқының идентификациясы дұрыс болса ғана қоғамдық келісім орнап, саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Яғни, ел азаматтары шығу тектерінің қандай екеніне қарамастан (ұлты, діні, жынысы, әлеуметтік жағдайы т.б.) өздерінің тағдырларын тұрып жатқан мемлекет пен сол мемлекеттің негізін қалап отырған төл (титулды) ұлттың тағдырымен тікелей байланыстырып, азаматтық сана-сезіммен өзін өзі айқындауы тиіс. Егемендік пен мемлекеттілік сонда ғана нығаяды, ел халқында өзара сенімділік пен отаншылдық сезімі арта түседі. Қазіргі алмағайып заманда тар ұлттық мүддені ысырып қойып, жалпыұлттық мүддені, азаматтық сана-сезім мен халықтық ұстанымды, ұлттық идея мен мемлекетшіл идеологияны дамытқан ел ғана өзінің тәуелсіздігі мен егемендігін, территориялық тұтастығы мен конституциялық құрылысын сақтауға қабілетті. Халқының ауызбіршілігі бар, ынтымағы жарасқан бірегей ел ғана терроризм, экстремизм, агрессия, экспансия, ғаламдану, дағдарыс сияқты толып жатқан жаһандық сипаттағы қауіп-қатерлердің бәріне төтеп бере алады.

Оқушы:Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» – деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

Оқушы :Біздің Президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басшысы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көргенді көрегендігінің арқасында «қазақ деген халықты, дүние жүзіне танытты». Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың Тұңғыш Президенті.

Президентіміз қандай істі бастаса да «жеті өлшеп, бір кесетін» санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін – Ұлт басшысы.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше мысал:

Бірінші: егемендік алып, ел болғанда аяққа нық тұрып алу үшін шет елден инвестиция тартып, ақаша жасау. Тұрып қалған өнеркәсіпті, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты.

Екінші батыл шешімі ел астанасын Сарыарқаға көшіріп, елдің астанасын – Астана қаласын салу.

Үшінші – «Болашақ» бағдарламасы. Президентіміздің бұндай батыл шешімдеріне сан мысал келтіруге болады. Мемлекеттік жұмыстардың барлық салаларында спорт пен мәдениет, ғылым мен техника, өнер мен білім т.б. Елдің болашағы – жастар. Жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі – кемеңгерлік, көрегендік.

Тарих пәнін мұғалімі Төлепберген С .Жолдауда көпшіліктің наза­рын бірден аударған жаңа тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Қазір өз елінде өгейдің күйін кешіп жүрген жас отбасылардың басты мәселесі де баспана болып отырғаны шындық. Елбасымыз ұсынып отырған тың бағдарлама қаншама қазақ жастарына үміт отын жағып қоймай, арман­дарының орындалатынына көз жеткізгендей. Жастар баспа­налы болса, жұмыссыздар саны азайып, қаншама адам еңбекпен қамтылады.

«НұрлыЖолдың» аясында, әлеуметтік сала да назардантысқалмайды. Мәселен, еліміздегіқұлағалытұрғанмектеп пен үшауысымдықоқумәселесіншешуүшін – 70, балабақшатапшылығынжоюға – 20, тозғантұрғынүйлердіжөндеуге 200, ал жалғаберілетінбаспанасалуға 180 миллиард теңгежұмсалмақ.

Жол – өмірдіңкүретамырыекеніанық. Жолмәселесінреттейотырып, алыс-жақыншетелдерменсауда-саттық, алыс-берісті, қарым-қатынастыжақсартатүсерімізанық. Еліміздеәуежай, ұшу-қонуалаңдары, теңізинфрақұрылымыжаппайжөнделіп, жаңаданжолтөселіп, теміржолжелісітартылмақ.

БиылғыЕлбасыЖол­дауы­ның да көтерержүгі – көлік­тік-логистикалықинфра­құ­рылым­дардыдамытудыңкешен­діжоспары, индустриялықжә­неэнергетикалықинф­ра­­­құры­лым­дардыдамытуболыпотыр. Сон­­­дай-ақ, Ұлттыққорқа­ра­жа­ты­ныңжұмсалуы да еңөткірмәселеніңбірі. Ор­ны­менжұм­салғанқаражатәлеу­мет­тікмәселелердішешуде, дағ­дарыс­тыңалдыналудаөзшеші­мінтабадыдегенүміттеміз.

Елбасы «НұрлыЖол» ЖаңаЭкономикалықСаясатыәлемдішарпығандағдарыстыңөзіндеҚазақстанныңэкономикасынаоңәсерінтигізетінінесенімбілдірді. Иә, білім мен ғылымға, жастардыңбілімалуынаерекшежағдайжасауда. Биылғы «НұрлыЖол – болашаққабастаржол» аттыЖолдаудабілімжәнеғылымсаласынаерекшекөңілбөлініпті. Енді тек, ел-жұртболыпжұмылыпболашаққаталпыну, іздену, білім мен ғылымжолындааянбайеңбекетуқай-қайсымызға да парыздепбілемін

Нұрлы жол кемел келешегі атты.

Жүргізуші: Бүгінгі кездезүді қорытындылау мақсатында сөз кезегін Жас Отан жастар қанатының хатшысы Абдиков Абзал Базарбайұлы береміз.

Келесі сөз кезегін библиограф-кітапханашы Бижанова Мөлдірге сөз береміз.

Ендігі сөз кезегін мектеп директоры М.Ш.Әлиева

Жүргізуші:Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар – намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Сөз сонында баршамызға Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті ,болашағымыз жарқын болсын.Баршанызды «Нұрлы жол»жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін.Тыңдағанызға көп-көп рахмет Сау болыңыздар.

 

 

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.