Коучинг. Диалогтік оқытудың білім берудегі әсері.

 

 zamzaeldezer000Елдизерова Зәмзагүл Жарылқасынқызы, Ақтөбе облысы ,Шалқар қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы Диалогтік  оқытудың білім берудегі әсері
Сабақтың мақсаты Мұғалімдерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес кластағы оқушылармен қарым – қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады, мысалы жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі- әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен класс өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқу нәтижелері Мұғалімдер:

  • Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;
  • Білім беру оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;
  • Бастауыш және орта буында оқыту мен білім алу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге;
  • Кластағы диалогтік әдістерді бағалауға;
  • Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Ресурстар  Маркер, плакат, ақпартты технологиялар,бейнекөрсетілімдер.
Сабақ  барысы Қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс
Сабақ кезеңдері Мазмұны Коучтің іс-әрекеттер Мұғалімдердің іс-әрекеті Рефлексия
Қызығушылықты ояту  

 

 

 

 

 

 

Тренинг«Әуеде сыйлық жасау»2 мин Мұғалімдерді шыңбер бойымен тұрғызып,бір-біріне жақсы  сыйлық жасатуға нұсқау жасау. Топпен  сергіту жаттығуын орындау   Бір -бірімен   жақынырақ танысып, ынтымақтастық  пайда болды.Жақсы көңіл күй  орнады,алдағы уақытта жұмыс жасауға ынтасы, белсенділігі артты.
Бейнекөрніс13 мин Бейнекөрністен не ұққандарын қадағалау.

  1. Құстардың әнгімесі
  2. Бала мен ұялы телефондағы мысықтың әңгімесі
Бейнекөрніс арқылы диалогтің оқытудың мәнін ашады. Ойларын айқындайды.Тақырып бойынша әңгіме өрбейді. Бейнекөрніс бойынша бірнеше ойлар айтылды.Бірақ кейбір мұғалімдер өз ойларын айтуда қиналды.Мен осы іс-әрекетті байқай отырып, толықтыратын әріптестер бар ма деп сұрақ арқылы сөзге тартып, ойларын айқындауға әрекет жасадым. Мен үшін әр адамның пікірі маңызды , айтылған жай пікірдің өзінен түйінді ой айтылуы мүмкін екенін айттым. Өз ойларын еркін , қорықпай айта алатындарына көз жеткіздім.
ББҮ әдісі10 мин 

 

 

 

 

 

 

Бейнекөрністен түйгендерін  топтастырып жазулары керек.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
        

Бұл кестенің 1-ші, 2-ші бағанын толтыру керек.

1-ші бағанға алынған ақпарат туралы не білетіндері туралы жазу керек.

2-ші  бағанға алдағы уақытта не білгілері келетіні туралы жазу керек.

Білімді проблема бойынша актуалдандыру, проблема туралы өз білімін ұсыну,  сызба толтырубарысында тақырып бойынша алған білімдерін ой елегінен өткізеді, талдау жасайды, өз ойларын жинақтайды. Әріптестерім белсенді жұмыс жасады. Өз ойларын айтуда алдындағы іс-әрекеттеріне қарағанда қиналмай  жауап берді. Диалогтік оқыту туралы өз ойларын ортаға сала алды. Алдағы уақытта диалогтік оқытудың білм сапасын арттыруға әсер ете ма, сыныптағы диалогті қалай жүргізуге болады деген сұрақтарына жауап іздей бастады.
     

Мағынаны

ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИГСО әдісі20 мин 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Топтарға бөлу –  1,2,3,4
  2. Диалогтік оқыту туралы мәтін  беріледі. Мәтінде диалогтік оқыту туралы тарихи деректер, заманауи түсініктер , Мерсердің әңгімесінің түрлері баяндалады. Бұл мәтін сараптау топтарға таратылады.топтарға бөлу(1,2,3,4) мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топта сонша бөлікке бөлінеді
  3. Сараптау топтарға бөлу (1+1+1+,1,2+2+2+2,3+3+3+3,4+4+4+4) , бұл кезде таратылған мәтін бойынша жеке , жұптық , топтық жұмыстар жүргізіледі, бір-біріне мәтін бойынша алған ақпараттарын түсіндіріп, талқылайды.
  4. Қайта ұяға жинау. Бұл кезде мәтін үш бөлікке бөлініп жеребе түрінде таратылады.

І топ- тарихи деректер, ІІ топ –заманауи түсінік, ІІІ топ – әңгіменің 3 түрі бойынша постер қорғауға дайындалып, өз ойларын жинақтайды.

 

  1. Мәтін бойынша алған білімдерін постер құру арқылы қорғайды.

 

Жүзеге асыру қадамдары:

  1. сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. тақырып бойынша білімнің актуалдылығы;
  2. топтарға бөлу(1,2,3,4) мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топта сонша бөлікке бөлінеді;
  3. топтың әр мүшесіне тапсырма беріледі, сабақ соңында әр топ мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз топтарына оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады;
  4. сарапта топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
  5. мәтінне өзіне бөлінгене үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз топ мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады
  6. өз тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір – біріне үйретеді. қажет болса, мәтін мазмұнын түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.
ЖИГСО әдісімен жұмыс жасау барысында ақпаратты өз бетінше ұғынды және меңгере алды,меңгерлген ақпараттарды түсінікті етіп жеткізе біледі,мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын дамытты, таным әрекет үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі   артты. 
Криптограмма5 мин 

 

 

Берілген әріптерден сөз құрастыру керек.

А Б Н У А Р Ә Ж А
С Е Н Р А Б У А Д
А Л Е К С А Н Д Р
Б Т Ң Т І С Л А С
А Ү Б Ж Ә М Е Р С
Қ Р Т К І Е К Р Е

 

Алған ақпараттарынан ғалым аттарын, түйінді сөздерді, ғалымдардың еңбектерін тізбектеп жазады.Сөздер: бас, Барнес, Браун,уәж, жада, Александр, сабақ,түрткі, тіс, лас,елек, бжә, Мерсер, ерке, тб Маған бұл тапсырма қиындық туғызбады.Өйткені әріптестерім  бұл мәліметтерді мәтінді оқу барысында танысқан болатын.
 Ой толғаныс кезеңі.   ББҮ кестесі3 мин 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

4 мин

 

 

 

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
        

Кестедегі 3-ші баған толтырылады. Онда коучинг арқылы не үйренгендері туралы өз ойларын жинақтап жазу керек.

Маған үш зат айтo    Біз бүгін не оқып үйрендікo    Біз нені  жақсы жасай алдықo    Топ нені өте жақсы жасай алды

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша алған білімдерін ой елегінен өткізеді, талдау жасайды, өз ойларын жинақтайды. 

 

 

Өз іс-әрекеттеріне баға береді.

Әріптестерім бұл кестені толтыру барысында диалогтік оқыту туралы білмі алғандарын, сыныпта диалогтік оқыту арқылы топтық жұмыстар жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатындарын, өздерінің сабақ өткізу  әдістерін өзгерткісі келетіндерін айтты.Топтық жұмыс жасау барысында киналмай ,өз ойларын ашық айта алғандарын, топтық жұмыстағы іс-әрекет жеңіл болатынын, бір-бірінің пікірлерін тыңдай білгендерін жеткізді.

 

Коучингке рефлекция

Өткізілген коучинг – сессиядан әріптестерімнің бөліскен ойларынан іс – жүзінде біртіндеп дамып, сұхбат біртіндеп өрбігенін аңғардым. Себебі, қатысушы әр мұғалім кері байланыс кезінде өздері жасап үйренген, талқылап жинақтағандарын болашақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алып, сабақтарына қолданатынын атап көрсеткен. Көп жағдайда коучингке қатысушы әріптестер бұл әдіс – тәсілдердің білім беруде бұрыннан қолданылып жүргендігін айтса, кейбіреулері жүйелілікті қажет ететіндігімен бөлісті. Жоғарыдағылардың бәрін ескере отырып, мен бұл коучинг сессиядан әріптестеріме оқытудың жаңаша әдіс тәсілдері арқылы бастауыш класс оқушыларының сабаққа қатысымын арттыруда бағалаудың мәні зор екендігін түсінуіне түрлы тапсырмалар арқылы ықпал еттім. Және  де педагогикалық тұрғыдан олардың өз бетінше жетілуіне ықпал етіп, мазмұнын аша білгендері мені қуантты. Әріптестеріммен коучинг соңында жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттар бұған дәлел  болды.

Мен коучингтегі іс-әрекетімді  қортындылай келе, мен қысқаша әріптестерімнің сөздерін мысалға алып кетсем болады: «….мен бұл коучингтен балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жақсы нәтижеге жетем деген ойдамын», «….бейнежазбада көрсеткендей балалардың бір – бірімен жүргізілген сұхбат, әңгіме әлі де шынайылықты қажет ететіндігін байқадым», «… өз тәжірибеме келесі оқу жылынан бастап қоссам, әлі де жетілдірсем деймін».

Коучинг сессиясының тиімділігі менің ойымша, қатысқан әріптестерімнің, соның ішінде жас мамандар үшін қызықты, әсерлі болды. Себебі, болашақ іс – тәжірибелеріне қолданатындығын атап көрсеткендері болды және тапсырмаларды орындау барысында белсенділіктерін танытты. Коучинг сессия барысында  жаңа оқытудың әдіс – тәсілімен  жұмыс жасағанда топпен жұмыс жасау барысында  белгіленген уақыттан  ауытқушылық болды.  Коучинг кезіндегі топпен жұмыс жүргізілу ережесі сақталмаған кездер де кездесті, бұл әріптестерге   жалпы түсіндірілген тапсырмаларды қайта – қайта    сұрауларына әкеп соқтырды.  Мен бұл кемшіл тұстарды келесі сессиямда жетілдіру керек екенін , жопар құру кезінде уақытты межелеуді ұмытпауым керек екенін түсіндім.

Коучинг –сессияға қатысушы мұғалімдер ретінде бір коучинг барысында көптеген оқытудың жаңа әдіс  – тәсілдердің көпшілігін емес, біреуі арқылы көп түйінді шеше білуге үйренуге болатынын үйрендім. Және де сабақтарда тиімділікпен пайдаланса жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығына сенімім қалыптасты.

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.