Бастауыш сынып. Тақырыбы: Қыс.

karakozaskarb000Рахметова Қаракөз Асарбекқызы Бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы №39 «Қызылөзек» орта мектебі

Уақыты:

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.

Оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиеті

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.

Оқу іс – әрекетінің көрнекіліктері: Қыс  мезгілінің суреттері.

 

Оқу  іс – әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар бірге өлең шумақтарын  айтады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күн дейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Жарайсыңдар балалар. Орнымызға жайғасамыз. Өткен оқу іс – әрекетті еске түсірейік. Өткен іс – әрекетте қандай тақырыпбен таныстық еске түсірейік. (балалардың жауабын тыңдау)

–         Қазір жылдың қай мезгілі?

–         Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

–         Қыста қар неге жауады?

–         Қардан не жасауға болады?

Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне қарайық. (балалар жауабын тыңдау)

Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

Тәрбиеші:

–         Сендерге аққала соққан ұнай ма?

–         Аққаланы неден соғады?

–         Ендеше аққала соғып көрейік.

Сергіту сәтін өткізейік: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрынын, ауызын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді)

Қимылды ойын: «Қар жинау».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйіледі. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек. (жеңілпаз топты мадақтау)

Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі).

Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыру».

Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.

Қорытынды:

–         Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?

–         Қыс айында қандай мерекелер болады?

–         Қыс мезгілі несімен ұнайды?

–         Қардан тағы не жасауға болады? Балалардың жауаптарын тыңдау. Жақсы жауап берген балаларды мадақтау, бағалау.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.