Сыныптан тыс жұмыс: «Білімдіге биіктен орын».

kausarErmekb000Ермекбаев Қайсар Қамбарбекұлы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың  танымдық қызығушылығын,  белсенділігін арттыру,  шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, құрметтеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Бүгінгі біздің «Білімдіге биіктен орын » атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгін біздің сайысымызға 4сынып  келіп  отыр.
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз

Скачать (PPTX, 858KB)

Ғылымдардың жаңасы физика жайында Сайысымызды бастаймыз
Таныстыру. Төрт топ өздерін таныстырады. 3 мин. 10 балл.
7а  топ аты – «Табиғат »
7б  топ аты – «Марс»
8а  топ аты – «Күш»
8б  топ аты – «Найзағай»
(топтың эмблемасын, атауының мағынасын таныстырады)

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп
Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін физика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпін. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды яғни”Кім көп біледі” атты сайысты бастаймыз.

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.1- сұраққа 5 бал. Жауап берілмеген сұраққа басқа топтың жауап беру мүмкіндігі бар.

2    Сұрақ – жауап.
Табиғат тобының сұрақтары

Сұрақтар Жауаптар
1 Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орынға өтуі Диффузия
2 Газдың күйлері Газ сұйық қатты
3 Тұңғыш жасанды жер серігі қашан қайда ұшырылды Байқоңыр  1957
4 Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с
5 Масса Денелердің инерттілігінің өлшемі

Марс  тобының сұрақтары.

Сұрақтар Жауаптар
1 Тең әрекетті күш формуласы Ғr=F1+F2
2 Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты Исаак Ньютон
3 Дене пішінінің н/е өлшемінің озгеруі Деформация
4 Қатаңдықтың белгіленуі К
5 Күшті өлшейтін құрал Динамометр

Күш   тобының сұрақтары

Сұрақтар Жауаптар
1 Барлық денелер неден тұрады Молекулалардан
2 Алғашқы жылу мәшинесін кім ойлап еапеы Д. Папен
3 Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану Қайнау
4 Конденсация Кебуге немесе булануға кері процес
5 Сұйық қайнайтын температура Қайнау температурасы

Найзағай тобының сұрақтары

Сұрақтар Жауаптар
1 Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу Қаныққан бу
2 Сұйықтың буға айналу құбылысы Булану
3 Сұйықтың бетінде жүретін булану Кебу
4 Нүктелік заряд заңын ашқан ғалым Ш Кулон
5 Электр тогы түсінігін енгізген ғалым Андре Ампер

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
3. ’’Формулалар сыры’’ Шартыберілген формулалардың атауын табу

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,-деп келесі «Изопроцестер» елінде атты сайысты бастаймыз

  1. «Изопроцестер» елінде. Сіздерге берілетін тапсырма қойылған сұрақтың қай процес екенін табу Бұл сайыста сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұжымшылдықтарыңызды көрсетесіздер.Ал, іске сәт!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер- дей келесі сайысымызды бастаймыз.

5-ші кезеңі «Білім құмарлар» елінде  шарты мақалды қалып қойған сөзді табу.
1. Жалқаудың өмірі босқа өтер
Іздеген ….. жетер. Мұратқа
2.Елді қу бұзады, сүтті …. бұзады. Су
3.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі … біл. Білім
4.Жері байдың – … бай. Елі
5. Жамандық аяқ астында
Жақсылық ….. басында . Ағаш
6. Тұз астың дәмін келтірер
Мақал….. мәнін келтірер. Сөз
7. …… іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады. Ақылды
8. ….. сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады. Жақсы
9. Өзін –өзі …… –өліммен тең. Мақтаған

Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.- дей келе сайысымызды бастаймыз.

6-шы кезеңі «Ойлан, тап!»
    № 1. Жұмбақ есеп
Көпті көрген қария немересін есепшілікке баулу мақсатымен жас баланың жадына тез жазылып кететін жұмбақ есептерді жиірек айтып жүреді.
– Алты аяғы бар, тал таяғы бар,арқасында құйрығы бар, адамнын бұйрығы бар.Ол не нәрсе? – дейді ата бір күні.
– Ол кәдімгі таразы, – деп немересі бірден жауап береді.
Шал немересінің тапқырлығына қуанып, тағы бір жұмбақ есеп айтады:
№ 2. Жұмбақ есеп
Он екі түйе, он жылқы,
Тоғыз сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Бала санын есептеп : « бәрі қырық бір екен», – дегенде, шалдың өзі күліп жібереді.
Қария немересінің нені білмегеніне күлді.
Жауабы: Атасы немересінен жануарлардың қанша айда туатынын сұрады.

№ 3. Жұмбақ есеп
Әпкесі інісінің тапқырлығын байқамақшы болып оған бір сұрақ қойады.
–          Азанда төртеу, түсте екеу, кешке үшеу болады. Бұнын жауабын білесінбе дейді.

Інісі не деп жауап береді?
№4. Жұмбақ есеп
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгімені айтады. Әкесі жеті жасар Саятты базарға жұмсапты . Оған бір тиын беріп : «Үш нәрсе сатып әкел», – депті. Саят базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.
Ø Балам – ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, – депті әке.
Ø Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе ,- депті сонда бала.
Ø Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.
Саят әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен?

Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Жетінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп келесі кезеңге көшейік.

7-ші кезеңі «Данышпандар елінде»

І – топ
1. Заттың 3 күйі бар
2. Нейтронның заряды оң
3. Күшті өлшейтін құрал – барометр
4. Энергияның өлшем бірлігі Джоуль
5. Жылу берілудің 3 түрі бар

ІІ – топ
1. Мензурка көлемді өлшейтін құрал
2. Ток күшінің өлшем бірлігі Вольт
3. Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағыттылған кері итеруші күш –Архимед күші әрекет етеді.
4. Будың сұйыққа айналу құбылысы -Булану
5. Аттас зарядтар бір – біріне тартылады

ІІІ – топ
1. Біз тұрған планета – жер (я)
2. Қуаттың өлшем бірлігі- ватт (я)
3.Вольтметр ток күшін өлшейтін құрал.(жоқ)
4. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама меншікті кедергі. (я)
5. 1л  10 -6  м3  тең  (жоқ)

IV – топ
1. 1 калория 4,2 Дж тең (я)
2. Будың сұйыққа айналу құбылысы булану (жоқ)
3. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қанықпаған бу деп атайды.(жоқ)
4. 1Ватт= 1Ампер*1 Вольт (я)
5. Ай –Жердің жалғыз серігі(я)

Солай,солай достарым,
Физика болсын достарың.
Меңгере алсаң сен оны,
Өмірде озып тасқаның- дей
келе келесі сайысымызды бастаймыз

8-ші кезеңі «Кім тапқыр?» сөз құрау
Динамометр

Қорытынды: Білімді жас барлық белестерді бағындырады.  Білімдіге биіктен орын!!!

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.