Гольдбах жорамалы. Паскальда программалау.

Жұп санды жай сандардың қосындысы түрінде орналастыру

1742 ж. Христиан Гольдбах кез келген жұп сандарды екі тақ сандардың қосындысы түрінде, ал кез келген тақ санды үш жай сандардың қосындысы ретінде қарастыруға болатынын жорамалдап кеткен. Расында Гольдбахтың екінші жорамалы бірінші жорамалына орай шыққанын аңғаруға болады. Егер тақ саннан жай санды алса, қалған қалдығы жұп сан болады да, оны екі жай санның қосындысы түрінде жайғастырсақ, алғашқы тақ санымыз үш жай санның қосындысына тең болады. Гольдбахтың осы пікірі алғаш аса қарапайым көрінгенмен, ғалымдар оны не дұрыс, не терістемей отыр. 2000 жылы ағылшын баспагері Фейбер Гольдбахтың осы
пікірін дұрыстап, не терістеп шыққан адамға 1 миллион доллар сыйақы тағайындағаны да істі орнынан жылжыта алған жоқ. Яғни сыйлық өз иесін күтуде. Ал төмендегі программаны тек эксперимент ретінде қабылдап, сыйлыққа апарар баспалдақ деп түсінуге болады.

Program jaigastiry;
Var
M:longint;
J:integer;
Label m2;
function prime (N:longint) :byte;
Var
j:lonjint;
Label m1;
Begin
prime:=1;
if N<4 then exit;
prime :=0;
if N mod 2=0 then exit;
j:=3;
M1: if N mod j=0 then exit;
j:=j+2;
if j*j<=N then goto m1;
prime:=1;
end;
begin
write (‘jup san engiziniz: ‘);
readln (M);
if prime (M-2)=1 then writeln (M, ‘+’, M-2);
j:=3;
m2:
if (prime (j)=1) and (prime (M-j)=1) then
writeln (M, ‘=’, j, ‘+’, M-j);
j:=j+2;
if j<M div 2 then goto m2;
readln;
end.

Check Also

Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.

Барлық программа PascalABC -те тексерілген. №1 Кез-келген ондық санды екілік санау жүйесіне келтіретін программа. program …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.