Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру

bakytArpa000Арпабекова Бахыт Сарсебекқызы Жамбыл облысы Тараз қаласы №56 орта мектебі Информатика  пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:  Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу,  формулалар графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:  практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?
  3. Деректерді  сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
  4. Формула қандай символмен басталады?
  5. Автосумма деген не?
  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?
  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?
  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Диаграммаларды құру

Бірақ бұл біз  бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 %  -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.

Дөңгелек  диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.

Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі  отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:

  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
  • Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы  батырмасын шерту;
  • Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
  • Келесі қадамға өту үшін «Далее»  (Жалғастыру)  батырмасы қолданылады;
  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
  • Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған  белгілеу  маркерлерін  жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның   оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete  пернесін басыңыз.

Ms Excel  -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында   белгісінің  батырмасы қарастырылған.  Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма)    батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции)  диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
  • Функция менюіндегі Қою немесе  батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции)  диалогтік терезесін шақыру.
  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;
  • ОК  батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру.  Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы  мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;
  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать)  командасын шақыру.
  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать)  командасын шақыру.
  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.

4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.

V. Үйге тапсырма беру:   Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру

VI. Оқушыларды бағалау.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.