Физика-7. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.

gulmiraErjan000Ержан Гүлмира Әбдіханқызы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММБірінші санатты физика пән мұғалімі.

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі туралы түсінік беру барысында, оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың картасы: Әмбебап картасы
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, Activoteтесттілеу құрылғысы. Сабақтың көрнекілктерін көшіріп алыңғыз.
Пән аралық байланыс: математика, тарих, сызу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.  ООМ бойынша

  1. Сынып көшбасшысына сөз беру.
  2.  Оқушылардың құрал жабдығын тексеру
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Саламатсыздар ма балалар!

Бүгін біз сабағымызды бастамас бұрын сіздердің назарларыңызды алдарыңыздағы суретке аударғым келеді. Суретте не көріп тұрмыз!

Бұл ненің көзін жабуы мүмкін?

Олай болса күн көзін бұлттардан ашайық. Күн бетіндегі тапсырмаларды орындайық.

Слайд-1

І. Жылдамдық «Семантикалық карта»

Слайд-2

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

Слайд-3

«Қарама қарсы сұрақтар» .  ООМ бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)
  2. Жол дегеніміз не?  (траектория ұзындығы)
  3. Траектория дегеніміз не? (дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
  4. Жол қандай шама?  (скаляр)
  5. Скаляр шамалар дегеніміз қандай шамалар? (тек сан мәнімен ғана өрнектелетін шамалар)
  6. Траектория түрлерін ата (түзу, қисық, сынық, шеңбер бойымен)
  7. Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз? (сан мәнімен де, бағытымен де өрнектелетін шамалар)
  8. Жылдамдық дегеніміз не? (Белгілі бір уақыт ішінде дененің орын ауыстыруын сол уақытқа бөлу)
  9. Жылдамдықтың ХБЖ бірлігі (м/с)
  10. Жылдамдық қандай шама (векторлық шама)
  11. Бір қалыпты қозғалыс (дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүруі)
  12. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз (тең уақыт аралығында ұзындығы әр түрлі жол жүруі)
  13. Бірқалыпты емес қозғалысты қандай жылдамдықпен анықтаймаз (орташа жылдамдық)
  14. Орын ауыстыру дегеніміз не?  (дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді)
  15.  Орын ауыстыру қандай шама (векторлық)
  16.  Санақ жүйесі дегеніміз не? (Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат)
  17. Механикалық қозғалыс дегеніміз не? (дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі)
  18.  Уақыттың еселік бірліктері (с, мин, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
  19. Қозғалыс бағытын және шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама (жылдамдық)
  20. Жолдың берілген бөлігіндегі немесе уақыт аралығындағы қозғалыс жылдамдығы (орташа жылдамдық)
  21. Жүрілген жол мен орын ауыстырудың айырмашылығы (жол скаляр, орын ауыстыру векторлық шама)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық. Бастапқы t0=0 болған мезетте дененің координатасы x0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру l =х-x0 болады. Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру l=v*t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақыта тура пропорционал. Осы екі өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады:

x x0= vt

Өрнектегі x0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз:

x = x0 + vt

Бұл өрнек бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы деп аталады.

Осызаңдықолданаотырып, дененіңкез-келгенуақытмезетіндегікоординатасынтабуғаболады.
Айталық, денебірқалыптықозғалаотырып, әрбір секунд сайын 3 м аралықты жүріп өтсін. Уақыт қозғалыс басталған мезеттен есептеледі. Бұл жағдай үшін дене координатасының уақытқа тәуелділігі төмендегідей кесте түрінде беріледі:

Слайд-9   Слайд-10

Мысал:

Слайд-7    Слайд-8

Слайд-11   Слайд-12

Слайд-13

VІ. Жаңа түсінікті бекіту: Тест тапсырмалары Activote құрылғысы көмегімен
VIIІ. Сабақты қорытындылау: Топпен жұмыс, қатар отырған 4 оқушы бір топ болып қолдарына берілген карточкалардағы формулаларды құрастыру арқылы «Қазақстан – 2050» стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолауды оқуға болады.

Мұғалім: Құрметті оқушылар бұлт бетіндегі тапсырмаларды орындағанда жарқыраған күннің суреті шығады. Осы күн сәулесі сендерге әрқашанда білім нұрын  төгіп тұрсын.

(Қосымша презентация қолданылады)

IХ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Х. Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
1. §27. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс жылдамдығы
2. 7 жаттығу (1), (3)

«Қарама қарсы сұрақтар».  ООМ  бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)
  2. Жол дегеніміз не?  (траектория ұзындығы)
  3. Траектория дегеніміз не? (дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
  4. Жол қандай шама?  (скаляр)
  5. Скаляр шамалар дегеніміз қандай шамалар? (тек сан мәнімен ғана өрнектелетін шамалар)
  6. Траектория түрлерін ата (түзу, қисық, сынық, шеңбер бойымен)
  7. Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз? (сан мәнімен де, бағытымен де өрнектелетін шамалар)
  8. Жылдамдық дегеніміз не? (Белгілі бір уақыт ішінде дененің орын ауыстыруын сол уақытқа бөлу)
  9. Жылдамдықтың ХБЖ бірлігі (м/с)
  10.  Жылдамдық қандай шама (векторлық шама)
  11.  Бір қалыпты қозғалыс (дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүруі)
  12.  Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз (тең уақыт аралығында ұзындығы әр түрлі жол жүруі)
  13.  Бірқалыпты емес қозғалысты қандай жылдамдықпен анықтаймаз (орташа жылдамдық)
  14.  Орын ауыстыру дегеніміз не?  (дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді)
  15.  Орын ауыстыру қандай шама (векторлық)
  16.  Санақ жүйесі дегеніміз не? (Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат)
  17.  Механикалық қозғалыс дегеніміз не? (дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі)
  18.  Уақыттың еселік бірліктері (с, мин, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
  19.  Қозғалыс бағытын және шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама (жылдамдық)
  20.  Жолдың берілген бөлігіндегі немесе уақыт аралығындағы қозғалыс жылдамдығы (орташа жылдамдық)
  21.  Жүрілген жол мен орын ауыстырудың айырмашылығы (жол скаляр, орын ауыстыру векторлық шама)

Сабақтың көрнекілктерін көшіріп алыңғыз.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.