Қарапайым мәтіндік редакторы.

akyyzkurmag000Құрманғазиева Акиис Нариманқызы.  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі ІІ санатты Информатика пәнінің мұғалімі.

Пәні: Информатика.            Уақыты: _____                  Сыныбы: 

Сабақтың тақырыбы:

Сабақбың мақсаты:Оқушыларды Word Pad программасының іске қоусдың, терезе құрамын пайдалануды түсіндіру, меңгерту материалдарын қолдануға дағдыландыруда оларды өзара жарысып, білімдерін шыңдауда сабақты түрлендіріп отырып дұрыс.

“Word Pad бағдарламасын іске қосу.Терезе құрамы” тақырыпты өткенде интерактивті тақтаны пайдаланып отырып, сабақты қызықты өткіздім.

1-айналымы“Кім жылдам” Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға интерактивті тақтадан көрсетілген. Paint бағдарламасының терезе элементтерінің  қызметін жылдам айту керек.

Оқушылар білуі тиіс: “ қарапайым мәтінді редакторы” түсінігін; мәтіндік редактордың   мәтіндік процессордан айырмашылығы,

Оқушылар үйренуі тиіс: пернетақтада жоқ симвлдарды пайдаланып, мәтін теруді, безендіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

IV. Алдын ала дайындық жүргізу.

  1. Word Pad мәтіндік редакторы  экранынан оқушылар білімін тексеру мақсатында бос жолма-жол тексертулерді шығару. Word Pad мәтіндік редакторының терезесі:
  2. Тақырып жолы.
  3. Жылдам қол жеткізу батырмасы.
  4. Пішімдеу сызғышы,Word Pad
  5. Word Pad батырмасы.
  6. Жолақ.
  7. Айналдыру жолағы.
  8. Сызғыш
  9. Қалып-күйі.

Берілген  сабақтың мазмұны кең, бөлігі қайталау болғанымен, оқушылар үшін жаңа материал болып табылатын жерлері де бар.Мұғалімнің міндеті: өткен материалды қайталай отырып, жаңа тақырыпты енгізу.

V.Жаңа сабақты оқып-үйрету. Мәтіндік процессор-бұл тек ғана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдар бағдарламалар класы.Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске қосылады.Word Pad мәтіндік редакторының міндеттері:

1. Мәтінді теру.

2. Мәтінді түзету.

3. Мәтінді пішімдеу.

-Қаріптің гарнатурасын таңдау.

-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.

-Қаріптің әлпетін басқару.

-Қаріптің атрибутын басқару (түсін,алып тастауды, астын сызуды).

-Туралау әдістерін басқару(ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)

-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегінісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру.

Word Pad  мәтіндік редакторын іске қосу  әрекеттерін тізбек түрінде көрсет.

Пуск-Программа- Стандартты- Word Pad

Терезесінің негізгі элементтері:

Аты Міндеті
1 Тақырып жолы Терезені басқару батырмасы, құжаттың аты, жүйелік меню бар.
2 Меню жолы Негізгі командалар бар
3 Құрал-саймандар тақтасы Көп қолданылатын командаларды тез шақыруға арналған батырмалар бар
4 Пішімдеу тақтасы Мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалар бар
5 Абзац шегінісінің маркері Шегініс орнатуға арналған
6 Сызғыш Мәтін шекарасын реттеуге арналған
7 Жұмыс алаңы Мәтін енгізуге арналған
8 Қалып-күй жолы Терезенің қазіргі жағдайын көрсетуге арналған

WordPad құжатын жасау:

1.Қаріпті және оның өлшемін таңдау.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау.

3.Мәтінді пішімдеу.

5.Құжатты сақтау және ашу.

6.Баспаға шығару.

Қаріпті, әлпет пен өлшемді бір уақытта өзгерту әрекетінің тізбегін көрсет:

Формат-Шрифт-Параметры

Мәтінді пішімдеу-бұл символдардың әлпеттерін,әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді түрлендіру процесі.

Мәтінмен жұмыс істегенде мыналарды қолдануға болады:

Символдардың әлпеті                                                          Мәтінді туралау

1.Жартылау қалың                                                               1.Сол жақ шеті байынша

2.Курсив                                                                                2.Оң жақ шеті бойынша

3.Астын сызу                                                                        3.Ортасы байынша

Жеке тапсырма: Оқушылар компьютерге отырғызып, тапсырмалар берілді.

Тапсырма. Өзің орында.

а) Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

ә) Мәтінді теріңіз және пішімдеңіз.

б) І сөйлемнің қаріп өлшемі-16

ІІ сөйлемнің қаріп өлшемі-20

ІІІ сөйлемнің қаріп өлшемі-14

І. Мен сабаққа дайындықсыз келдім.

ІІ. “Мектепішілік олимпиадағы” қош келдіңіздер!

ІІІ.Ұстаздар бөлмесіне келгеннен кейін Арман  ағай Сәкеннің шығармасын тауып алды да, оқып шықты.

IV.Сабақты қорыту. Электронды оқулық арқылы тапсырма орындау.

V.Бағалау. Өзін-өзі бағалау  парағымен оқушыларды бағалау.

VІ.Үй тапсырмасын беру.

  1. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.
  2. “Word Pad мәтіндік редакторының қажеттігі” аты эссе жазып келу.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.