Информатикадан 6 сыныпқа арналған «Логоәлемі» курстық бағдарламасы

Информатикадан 6 сыныпқа арналған «Логоәлемі» курстық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі Май ауданының Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесі

Информатикадан 6 сыныпқа арналған «Логоәлемі» курстық бағдарламасы

6 сынып
аптасына 1 сағат
жылына 34 сағат
Құрастырғандар: Масугутов Максут Балтабекович
Масугутова Кульбаршын Магауовна

Түсінік хат

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.

Оқытудын негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны информатика мен математика пәнің кіріктіріп оқытуға  мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың логикалық және бағдарламалық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді информатика және математика сабақтарында оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатика мен математиканы кіріктіріп оқыту оқушылардың компьютер арқылы ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себебін тигізеді.

Информатикадан 6 сыныпқа арналған «Логоәлемі»  қолдану  курстық бағдарламасының  мазмұны оқушылардың өзіндік анимациялық, интерактивті оқиғаларды, ойындар мен модельдерді құрастырудың жаңа бағдарламалық ортасы болып табылады. «Логоәлемі» бағдарламасында әр түрлі нысандарды ойынға қосуға, қозғалысқа келтіруге және түрін өзгертуге болады. Бұл нысанды бағдарлау ортада әр бір бағдарламалар түрлі түсті кірпіштер түрінде жинастырылған. «Логоәлемі» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылар дайын компьютерлік ойындарды қолданбай өздерінің жеке ойындарын, оқиғаларын және моделдерін құрастырады, сонымен бірге оқушының қоршаған ортамен еркін медиямәдениеті қалыптасады.

Курс аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Информатикадан 6 сыныпқа арналған «Логоәлемі» қолдану  курстық бағдарламасыпәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады.

Бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енеді:

—   6  сыныпбойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

—   оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

—   тақырыптық жоспарлау.

Күнтізбелік жоспар

6 сынып  (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақ тақырыбы Сағат саны Өтілетін  мерзімі
І тоқсан /9 сағат/
1 Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігі және тәртіп ережесі. 1
2 «Лого әлемі» ортасымен танысу 1
3 «Лого әлемі» негізгі құрал жабдықтары 1
4 «Лого әлемі»  құрал жабдықтарымен сурет салу 1
5 «Лого әлемі»  суретін жандандыру 1
6 Бағдарламалауды бастау 1
7 Бұру командасы 1
8 Тасбақаның диалог терезесі 1
9 Қалып мәзірімен жұмыс 1
ІІ тоқсан /7 сағат/
10 Қалыптың көшірмесі 1
11 Қалыпты импорттау және экспорттау 1
12 Жүгірмектер, батырмалар, музыкалық нысандар 1
13 Музыкалық редактор 1
14 Мәтін терезелерімен жұмыс 1
15 Мәтін терезесінің мазмұнын басу 1
16 Бақылау жұмысы 1

 

ІІІ тоқсан /10 сағат/
17 Бірнеше тасбақалармен жұмыс 1
18 Процедураларды қолдану 1
19 Рольдік мультфильмдерді құрастыр 1
20 Рольдік мультфильмдерді құрастыр 1
21 Процедуралар 1
22 Процедуралар және параметрлер 1
23 «Боя» командасы 1
24 Көпбұрыштар. 1
25 Адасқан сандар 1
26 Бірнеше парақпен жұмыс 1
ІҮ тоқсан /8 сағат/
27 Қос «Добавь» командасы 1
28 Шексіз лабиринт 1
29 Функция графигін құр 1
30 Түстер тамшысын құр 1
31 Көлікті құр 1
32 Шексіз өрнек 1
33 Ғаламшар 1
34 Бақылау жұмысы 1
Барлығы: 34

Қолданылған әдебиеттер

  1. Информатика. 5-6 класс. Начальный курс: Учебник. 2-е изд., переработанное [Текст] / Под ред. Н. В. Макаровой. – СПб.: Питер, 2005. – 160 с.: ил.
  2. Макарова Н. В. Программа по информатике (системно-информационная концепция). [Текст]  – СПб.: Питер, 2004. – 64 с.: ил.
  3. Сопрунов С.Ф. Непростое программирование на Лого
    Яковлева Е. И.ЛогоМозаика
  4.  Учебник по ЛогомирамАвтор Белова Г.В.
  5. И.Н. Яковлев, Е.И. Яковлева “ЛогоМиры 3.0. Сборник методических материалов Белова Г.В.
  6. Агеева И. Д. Занимательные материалы по информатике и математике. Методическое пособие. [Текст] – М.: ТЦ Сфера, 2006. – 240 с. (Игровые методы обучения).

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.