«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану»

aigulsatyl000Сатылғанова Айгүл Сұлтанбекқызы. Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский қалашығы №43. Б. Момышұлы атындағы орта мектеп Химия пәні мұғалімі .

Коучингтің тақырыбы «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында  Lesson study  әдісін пайдалану»
Коучингтің мақсаты Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Табыстылық критерийлері (бағалау жоспары) Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру
құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай
ынтымақтастық орнатуға болатынын;
• Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді;
мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы
ойлануға мүмкіндік алады;
• Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Кезеңдері Уақыт шеңбері Тренердің әрекеті Қатысушылардың әрекеті Күтілетін нәтижелер Ресурстар
Сергіту сәті 3 минут Жағымды әуен арқылы сергіту.«Мен кіммін?»жаттығуы

Пән арқылы топқа бөлу

1-топ:Математиктер,

физиктер

2-топ:Қазақ тілі мен әдебиет

3-топ:География,

биология,химия

4-топ:Тарих,өзін-өзі тану

5-топ:Бастауыш  мұғалімдері

6-топ:орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі

Әуенді тындайды, қатсыушылар сөйлемдер арқылы өздеріне тұсаукесер дайындайды,бейнежазбадан тамаша табиғаттың суретін көреді.Топқа бөлінеді Шаршағаны басылады, ойларын жинақтайды Бейнежазба
«Ойлан,жұптас,бөліс» 5минут Lesson Study дегеніміз не?Неліктен  біз оқыту амалдарын зерттеуіміз  керек?

Біз мұны қалай  жасаймыз?

Ол үшін  не істеуіміз керек?

Олар өз ойларын айтады.Болжамдарын айтады. 

 

 

Мұғалімдер пікірлеседі, сұрақтарға жауап іздейді Слайд
Презентация 3минут «Lesson Study»таныстырылымын слайдтан көрсету. Lesson Study-ң шығу  тегі жайлы ақпаратпен танысады. Lesson Study шығу тарихы жайлы ақпарат алады. Слайд
Презентация 5минут  Оқытуды жақсартудағы  Lesson Studyдің өткізу жолдарын ұсыну Қатысушылар  Lesson Studyдің өткізу ережесімен танысады Қатысушылар  Lesson Studyдің өткізу жолдарын біледі Слайд
Топтық жұмыс 12мин 1-топ. Lesson Study дегеніміз не?Қандай мақсатта өткізіледі?2-топ. Lesson Study өткізу үшін қандай тақырыптарда зерттеуге болады?

3-топ. Lesson Study сабақтарын қалай өткізуге болады?Өткізу ережесі

4-топ.Сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек?

5-топ.Сабақты бақылау қалай жүзеге асырылады?

6-топ.Сабақтан кейінгі талқылау қалай жүзеге асырылады?

Әр топ өз сұрақтарыны жауап іздеп,оны постерге орындайды,қорғайды. Ынтымақтастығы артады,бірлесіп жұмыс істейді,ортақ мәмілеге келеді 

 

 

 

Постер,стикер,маркер
Екі жұлдыз бір тілек 3минут «Екі жұлдыз бір тілек»әдісі арқылы мұғалімдердің жұмысын өзара бағалату Өзара бағалайды,әр топтың жұмысына екі тілек,бір ұсыныс білдіреді Оқыту үшін бағалауды біледі  Стикерлер
Бейнежазба 5 минут  «Lesson Study тиімділігі» бейнежазба көрсету.Бейнежазбадан қандай ой түйіндедіңіздер?Сіздер қалай ойлайсыздар, Lesson Studyдің тиімділігі неде?

 

Бейнежазба көреді. Бейнежазбадан көргендері жайлы өз ойларын ортаға салады. Lesson Studyдің тиімділігін біледі. Бейнежазба
Презентация 5минут Жапониядағы  Lesson Study  сабақтары. Жапонияда жүргізілген  Lesson Study  сабақтарынан үзінді көреді. Жапониядағы Lesson Studyдің ерекшеліктерін біледі. Слайд
Венн ДиаграммаЖұлдызша арқылы өзара бағалау 10минут Жапониядағы Lesson Study әдісімен Қазақстандағы ашық сабақтардың ұқсастығы мен ерекшелігі неде? Топта қатысушылар өз ойларын постерге түсіреді Ашық сабақтар мен  Lesson Study ерекеліктері мен ұқсастығын салыстыра біледі Постер,маркер
Қорыту«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

Бағдаршам арқылы өзара бағалау

12минут Де Бононың қалпақтары әдісі. 1-ші топ ақ қалпақ, 2-ші топ қызыл қалпақ, 3-ші топ қара қалпақ, 4-ші топ сары қалпақ, 5-ші топ жасыл қалпақ, 6-шы топ көк қалпақ Жұпта әр түсті қалпақтарды киіп, қалпақ түсіне сай ойларын айтады 

 

Сыни ойлауға дағдыланады. Осы әдісті сабақтарында қолданады. Қалпақтар 
Кері байланыс 3минут Коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланыс парағын таратамын. 

 

 

Коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын  кері байланыс парағына жазады.Коучингтен алғаным?

Мен үшін болған жаңалық?

Маған ұнағаны,  ұнамағаны?

Сұрақ

Өз сабақтарына рефлексия жасайды. Кері байланыс парақтары

Скачать (PPT, 907KB)

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.