Тақырыбы: Наурыз-жыл басы.

gulbazarbekb000«Жаңа Ғасыр»  №175 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекпанова Гүлбазар  Ахаевна

Мақсаты: Ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы туралы білімдерін жетілдіру;оқушыларды өз халқының, өз  елінің салт –дәстүрлерін жақсы біліп,оны іс жүзіне асыра білуге тәрбиелеу; оқушылардың ауызекі сөйлеу,ойлау қабілеттерін ,тіл байлығын

арттыру,сөздік қорын толықтыру.

Көрнекілігі: «Наурыз жыл басы», «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деген сөздер және наурыз туралы суреттер.

Мереке барысы:

1-жүргізуші:                           Армысыңдар халайық!

2- жүргізуші:                          Бармысыңдар халайық!

1- жүргізуші:                         Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

2- жүргізуші:                         Мереке наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты  болсын!

1-оқушы:                                – Алақай, бүгін күн мен түн теңелген күн!

– Түйе боздап, қой қоздап,

– Бұзау мөңіреп, лақ секіріп,

Ен байлыққа кенелген күн!

2-оқушы:                                – Қақаған қыстан аман құтылған күн!

– Жаңа өріс, жаңа жыр туған күн.

– Наурыз келді, Наурыз келді!

Молшылыққа аңыз боп.

3-оқушы:                                Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүтке бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты

Басталыпты Наурыздан

1- жүргізуші :                        Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2- жүргізуші:                         Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақыл да біз

Үй-дастарқан, даламыз- сахынамыз,

Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.

1- жүргізуші:                         Бүгінгі тойға  алыстан ат терлетіп ,аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қалыпты. Қане оларды қошеметпен қарсы алайық!

1

Қыдыр баба :                         Оу, Аман ба жарандар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам – бұл,

Қарсы алайық күнді біз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын,

Бәле-жәле жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Күн :                                       Сәлем ата-аналар!

Айналайын балалар.

Қыдыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда

Уақыт үдеп келдім мен

Бақыт тілеп адамға!

Қудым жерден суықты

Құтты болсын мерекең!

Наурыз айы туыпты

Әне,  Наурыз келеді

Әсемденер жер енді.

Наурыз :                                 Сәлем анам – алтын Күн!

Сәлем қарты халқымның.

Уақытыма  риза боп

Бақытыма шалқыдым

Ашық болсын күніміз

Бай тұлғалы өңірде

Айтылады жырымыз.

Күн:                                        Күн мен түн теңелді

Күнде ұзарам мен енді

Гүлмен жерді жайнатып,

Гүлден Наурыз сен енді.

2

Наурыз:                                  Жайнатамын гүл – гүлді

Сайратамын бұлбұлды

Мейрам етіп бұл күнді

Мейірлі жұрт тойласын

Жиренше :                             Той әкелген адамға

Күн мен Наурыз аман ба!

Бас иеді бабамыз,

Бас иемін саған да.

Барша   жұртым аман ба?

Күн :                                       Мың жасай бер жиренше!

Қожанасыр:                           Амансың ба, Күн Ана,

Алаулай бер, құлама!

Өлмес Қожанасырмын,

Келмес ойды жасырғым.

Қабілетке шорқақпын

Әділетке бас ұрдым.

Күн :                                       Қожанасыр, мың жаса!

Алдар көсе:                            Алдармын мен- көсемін,

Айтар сөзге көсемін!

Алдап, сараң байлардың

Айықтырғам кеселін.

Сәлем аймен күніміз,

Мейрам парқан біліңіз.

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз.

Қайтқан емес талайым,

Той болсын деп толайын.

Айналайын ағайын,

Қолдарыңды алайын.

Тазша бала:                            Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін!

Қарттарыма сүйене

Сәлем берем иіле.

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

4-оқушы:                                Хош келдің, Наурызым, ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін  жасарып,

Гүлге бөлеп жырға бөлеп аймақты.

3

5- оқушы:                               Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.

 

6- оқушы:                               Жарқыраған жас нұрлы,

Жас, Наурыз, дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады Нұрымыз.

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз.

7- оқушы:                               Армысың, Наурыз,

Қуаныш боп кір, төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет.

8- оқушы:                               Наурыз келді, Наурыз келді ағайын

Құшарлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан ,

Әнге толды, күйге толды маңайым.

9- оқушы:                               Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан  сүйіп жатыр күн өткен.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн -Ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

10- оқушы:                             Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдікте.

Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

11-оқушы:                              Әнім де саған, биім де

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Қара жорға биі биленеді.

Көрініс:  (Күн мен түн ортаға шығады)

Күн :                                       Сәулесі мол күнмін.

Түн :                                       Жұлдызы көп түнмін.

4

Екеуі:                                  Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн :                                     Ал ертең күн ұзақ.

Күн:                                     Түн қысқарар бірақ.

Екеуі :                                  Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

1-жүргізуші:                       Бауырласқы тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

– Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар.

Екеуі бірге :                        Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Ұл бала :                             Меніменен айтысар,

Қыз құрбылар қайсың бар?

Қолдан келсе әзіл деп,

Маған сынды айтыңдар.

Қыз бала:                            Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттарын білмеуші ең,

Жаттап оны алдың ба?

Ұл бала :                              Құрбым кімге күлесің ,

Өзің   нені білесің?

Онға дейін қиналып,

Санай алмай жүресің.

 

Қыз бала:                            Бәтеңкеңнің бауын да

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе жейдеңді

Теріс қарай киюшең?

Ұл бала:                              Олпы-солпы кигенің,

Ойыңда не түйгенің?

Намысыма, Құрбыжан,

Наурыз күні тимегін.

5

Екеуі :

Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған.

Тоқтатайық айтысты,

Сөз қалған ба ақыннан.

2-жүргізуші:                        «Сөз асылы-мақал», енді кезекті мақал-мәтелге берейік.

1) Кісі елінде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол)

2) Отансыз адам – (Ормансыз бұлбұл)

3) Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас)

4) Уақыт алтыннан да (қымбат)

5) Жердің сәні – егін, (Ердің сәні-білім)

6) Тіл жоқ жерде (ұлт жоқ)

7) Жаман сөз жылатады, (жақсы сөз жұбатады)

8) Кітап оқығандыкі, (Білім тоқығандыкі)

9) Піл көтермегенді, (Тіл көтереді)

10) Тіл сүйексіз болса да, (Сөз сүйектен өтеді)

1-жүргізуші:                         «Қазақ тыйым сөзі – тәрбие көзі» дейді халық.

– Бас киіммен ойнама

– Ақты төкпе

– Малды теппе

– Бүйіріңді таянба

– Кешқұрым ұйықтама

– Айға қолыңды шошайтпа

– Нанды баспа

– Табаныңды тартпа

– Жайдан жай уһілеме

– Қолыңды төбеңе қойма

– Босағада тұрма

– Таңдайыңды қақпа

 

2-жүргізуші:  Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, оларды тыңдай білген.

Кезекті әжелерімізге береміз.

 

1-әже :                           Айналайын балалар,

Тоя ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдік

Оттан қазан түсірдік

Бал көжеден татыңдар

Бар қызыққа батыңдар.

6

2-әже: Наурыз көженің  жасалуын түсіндіреді.

– Алдымен қазанға су құйып,, ішіне қысқы соғымнан қалған сүрленген ет қазы салынады. Оған қосуға құрт езеді. Піскен еттің көбігін алып, түйген бидай, тары, күріш немесе қамыр салады.

2-жүргізуші:

Қыдыр бабдан бата алайық.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын,

Бәле-жәле жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

1- жүргізуші:                Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй!

2-жүргізуші:                  Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз

Ән салып жас кәріміз

Би билейік бәріміз

-оқушылар ән айтып бибилейді

1-жүргізуші :                Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау мықты болсын

Аман есен болайық!

2-жүргізуші :                Баршамызға тілегім халайық

Еліміздің несібесі көп болсын!

Жауын жауып жер бетіне көк толсын

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.