Бастауыш. 5-ке қосу және азайту және қазақтың күйші-композиторлары.

ainurmukaj000Мукыжанова Айнур Уановна. Шығыс Қазақстан  облысы Жарма ауданы Қызылағаш  ауылы «Қызылағаш орта мектебі» КММ-сі.

Бастауыш сынып әдістемелік күні өткізілген ашық сабақ
Математика-музыка пәні. 
2-сынып
Тақырыбы: 5-ке  қосу және азайту және қазақтың күйші-композиторлары
Сабақтың түрі: кіріктірілген-қайталау сабағы
Тақырыбы:  5-ке қосу және азайту және қазақтың күйші-композиторлары /ондықтан аттап қосу/

Мақсаты: Оқушылардың 5-ке қосу және азайтуды қалай меңгергендіктерін тексеру.
Дамыту мақсаты: Кіріктірілген сабақ өткізу арқылы оқушылардың музыка пәнінен білімдерін қайталату және ондықтан аттап қосу дағдыларын жетілдіру мақсатында тапсырмалар орындату.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың тез есептеу қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту және музыканы сүюге баулу.
Сабақ түрі:Кіріктірілген қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Әр түрлі тапсырмалар орындату,есептер шығару,теңдеулер шешу,ауызша есептеулер және күйші-композиторлар туралы әңгімелеу,сәйкестендіру және күй тыңдату
Сабақта қолданылған технология: Дамыта оқыту және деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Күйш-і-композиторлар портреттері,әр күйшінің 1 күйіне арналған тақырыптық суреттер,»Үндемес» ойынына арналған тапсырмалар және сыйлыққа арналған домбыралар./Домбыраның сырт жағында ауызша есептеуге  арналған екі амалды өрнектер жазылған./

Сабақ барысы:

Мұғалім:Балалар,бүгін сабақта күйші-композиторлар ауылына қонаққа келдік.Бүгін күйшілер бір ауылға жиналған екен.

1. Құрманғазы атамыздың ордасына кіру үшін №1 тапсырманы дайындайық.
8+5=                                       5+8=
9+5=                                       5+9=
13-4=                                      13-8=
14-5=                                      14-9=

Жақсы.Тапсырманы орындадық.Енді Құрманғазы атамыз туралы не білетіндігімізді еске түсірейік.

1 оқушы. Құрманғазы Сағырбайұлы -1818 жылы Орал облысы Жаңақала ауылында дүниеге келген.1989 жылы Ресейдің Астрахан қаласының қазіргі «Құрманғазы төбе» деген жерінде қайтыс болған. Құрманғазыны «күй атасы» деп атайды.Құрманғазының 80-ге жуық күйлері бар. «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай», «Серпер» т.б күйлері бар.

2 оқушы. Құрманғазының «Қайран шешем» және «Аман бол,шешем,аман бол» күйлерініі шығу тарихы туралы әңгімеледі.

2.Тәттімбет Қазанғапұлының ордасына кіру үшін  Жұптық жұмыс ретінде орындаймыз.Теңдеу шешеміз.

І-топ.
Х+5=12                       2-х=5                         х-5=7

ІІ-топ
Х+5=13                       13-х=5                        х-5=8

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
Азайғышты қалай табамыз?
Азайтқышты қалай табамыз?

1 оқушы: Тәттімбет Қазанғапұлы 1815-1862 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ең көрнекті күйші-композиторы.Тәттімбет Қарағанды облысы Қарқаралы ауылында дүниеге келген. Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті» сияқты күйлері көпке танымал.Тәттімбет  күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізеді.

2 оқушы: Тәттімбеттің «Саржайлау» күйінің шығу тарихын әңгімелеу.

3. Дәулеткерей Шығайұлының ордасына кіру үшін Өрнек жазып және оның мәнін табамыз.. /тақтада орындату/

А+5                           а-5
А = 60; 64,9                  а= 65;   69;   14

1 оқушы: Дәулеткерей Шығайұлы 1820-1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы күйші-композиторы.Дәулеткерей Орал облысы,Орда  ауданында дүниеге келген.Дәулеткерей-атақты хан тұқымынан шыққан  төре.Дәулеткерей-күйші-композиторлығымен  қатар,ел билігіне де араласқан.Дәулеткерей күйлері-терең мазмұнды күйлер.Оның «Көркем ханым», «Қыз Ақжелең», «Құдамаш», «Қосалқа», «Жігер», «Салық өлген», «Топай» деген күйлері бар.

2 оқушы: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйінің шығу тарихын әңгімелеу.
4. Қазанғап Тілепбергенұлының ордасына кіру үшін   есеп шығарамыз.

№4 баған ауызша орындалады.
І-баған.
Тәрбиеші- 4- а
Мұғалім – ?,   20 адам артық.            ?   а
Шешуі: /4+20/ + 20 =  44 /а/
Жауабы: 44 адам.

1 оқушы: Қазанғап Тілепбергенұлы 1854 – 1927 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың күйші-композиторы.Қазанғап Арал теңізінің жағалауында дүниеге келген. Қазанғаптың «Ақжелең», «Ысырма», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару» деген күйлері бар.

2 оқушы: Қазанғаптың  «Көңіл» күйінің шығу тарихын әңгімелейді.

5. Ықылас Дүкенұлының ордасына кіру үшін

Мысалдарды орындаймыз. /Тақтада орындау/
Топтық жұмыс «Үндемес» ойыны түрінде өтеді.

/11-5/+4=
10-/11-6/=
10+ /31-5/=                            10+/41-5/=
0+ /51-5=                              /61-5/+3=
/41-5/+1=                              /81-5/+20=
/21-5/+10=                             /91-5/+4=

1 оқушы: Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы Қарағанды облысы,Жаңақара ауылында дүниеге келген қазақтың атақты күйші-қобызшы,композиторы.Ықыластың «Қасқыр», «Ықылас», «Кертолғау» , «Ерден», «Жалғызаяқ» сияқты күйлері бар.Оның «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлері де бар.

2 оқушы: Ықыластың  «Жез киік» күйінің шығу тарихын әңгімелейді.

  1. Дина Нурпейісованың ордасына кіру үшін математикалық диктант жазамыз.

1 сағ   =         мин                       1 дм  8 см  =     см
1 сағ 10 мин=      мин                      23 см  =     дм         см
1 сағ 30 мин  =     мин                     2 дм 4 см   =         см
1 сағ 25 мин  =      мин                    64 см =    дм        см

1 оқушы: Дина Нурпейісова 1861-1955 жылдар аралығында өмір сүрген күйші-композитор.Туып-өскен жері Батыс Қазақстан  облысының Жаңақала ауданы.Дина-Құрманғазының ең дарынды шәкірттерінің бірі.Динаның «Әсем қоңыр”, «Бұлбұл», «Науайы», «Қара қасқа ат», «Сегізінші март», «Тойбастар» деген күйлері бар.

2 оқушы: Дина мен Құрманғазы күйшінің кездесуі туралы әңгімелейді.

Дина апамыз сендерге сыйлық дайындаған екен.Тез  есепте немесе «Сыйлық ал» ойыны.Оқушылар домбыра суретінің сыртына жазылған өрнектердің мәнін табады.

10+6-3=                                 9+1+60=                            100-1-90=9
60-40+4=                           10+5-1=                                 80+5+4=89
100-10+3=                          65+3-1=
97-7+2=                            30+30-1=

Қорытынды:
1/ Қай күйдің  шығу тарихына байланысты көріністер  екенін тап.
2/Сәйкестендір.Күйшілер мен күй аттарын сызықпен қос.
Үйге тапсырма: 5. 68 бет
Құрманғазының күйі мен Динаның 1 күйін тыңдау. /Балжанның атасы орындайды/

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.