Бастауыш. Құстардың туған жерге оралуы. Үй құстарын көктемде бағып, күту

gulbazarbekb000«Жаңа Ғасыр»  №175 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекпанова Гүлбазар  Ахаевна.

Күні         .2014      Пәні :  дүниетану   Сынып   1           Сабақ реті___________

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың мақсаты:    1.Білімділілік:  Оқушыларға көктем мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, балапандарына қамқорлығы жайында түсіндіру, құстардың түрлері туралы білімдерін толықтыру, үй құстарының ерекше жағдайлары жайында әңгімелеу

2.Тәрбиелік:  Құстарға қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеуұя жемшашар жасап көмектесу

  1. Дамытушылық:  Дұрыс түсініп оқуға, шығармашылық қиялын, ой – өрісін, есте сақтауын, ой қорыту, талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
  2. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту,іс-әрекетті,  бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып

қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар

5. Техникалық құралдар түрлері:____________________________

Сабақтың типі:аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы,  қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту

Сабақтың түрі:    сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу,  сырттай саяхат сабағы.

Скачать (PPTX, 560KB)

Сабақтың әдісі: 

1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық  жеткізу.

2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта  жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі.  Мұғалімнің оқушыға шығармашылық  тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

4. Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар  мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі

1.Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

2.Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайданылады.

3.Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  1. Ұжымдық форма –  ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы:   суретте сызбанұсқалар, слайдтарр,

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

1Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.

3.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі.

4.Сабаққа мақсат қою.

5.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

6.Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі

7.Оқушылардың білімін бағалау.

8.Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық
– Армысың, сұлу күн!
– Армысың, ашық аспан!
– Қайырлы күн, баршаға!

-Балалар жылдың қай мезгілі? Көктем

-Көктем несімен ерекшеленеді?

1-топ жылылық,2-топ төлдер ,3-топ, құстар, 4-топ гүлдер,5-топ мерекелер

2. Сабақ кезеңдері

1. Оралу

1-топЖануарлардың көктемгі тіршілігі .Құралай желі қалай аталған.?

2-топ Көктемгі қарбалас

3-топ Малдарды көктемде адам қалай бағып,күтеді?

4-топ Үй жануарларының төлдерін ата,пірлерін айт

5-топ Жабайы аңдармен  мапдардың көктемгі тіршілігін  салыстырып айт

3. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Есіңде сақта! Қанатты достар әдемі, Қорғайық достар, әлемді!

4. Мағынаны тану                Жұмбақ:

Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Туған жерге құстар топ-тобымен келеді. Күзде қалай топталса,көктемде де солай ұшып келеді.Туған өлкеге жету оңай емес. Көптеген қиындықтарға тап болады. Құстардың балапан шығаратын кезі. Орманда, жерде, шөпте, суда бос орын болмайды. Ең алдымен қя жасайды,сонан соң жұмыртқаларын туып қанатының астына жылытып балапан басып шыққынша күтеді. Құстар –тамаша ата-аналар.Олар балапандарын ерекше қамқорлықпен күтіп баптайды.

Құстардың ұя жасап ,жұмыртқа салған кезі олар үшін өте қиын да қауіпті.Себебі жұмыртқаға жау көп. Кез келген жануарлар: тиін , түлкі , қарға, сауысқан, мысық т.б. бәріде жұмыртқа көрсе, оны жарып уызын ішуден қашпайды.. Құстардың пайдасын түсіне білейтін балалар да аз емес. Олар құс ұясын бұзып, жұмыртқасын алып, құсты таспен атып, үлкен зиян келтіреді. Құстар өсімдікке зиянды жәндіктерді жеп, қаншама өсімдікті сақтайды. Әсіресе көктем кезінде құстар балапандарын қоректендіру үшін ертеден кешке дейін жем тасумен болады. Қараторғай бір тәулікте ұясына үш жүз рет жем әкеледі. Осыған қарап олардың қанша зиянды жәндікті құртатынын білуге болады. Бір ғана шымшықтың өзі балапандары мен қырық ағашты тазартады. Ал , бір қарлығаш бір жазда сан жетпес көп зиянды жәндітерді (бунақ денелілерді, олардың жұмыртқасы, маса, шіркей т.б ) жейді.
С е р г і т у с ә т і
Қане қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық

.Ой шақыру

5 Ұқсастық пен даралық   құстар ұқсастығы
Жабайы құстар – өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі
үй құстары – қолда бағылады, жұмыртқасы, мамығы
6. Ой қорыту

Ойын: «Құстарға көмек »
1.Құстар  балапандарын қандай азықпен азықтандырады?

2.Көктемде құстар қай жақтан оралады?

3.Қарлығаш ұясын қайда салады?

4.Үй құстарын ата ?

5.Үй құстары мен жабайы құстардың тіршілігін салыстыру

IV. Бекіту. Құстар дауысын тыңдау

Бағалау
Үйге тапсырма
:

1. мәтінді оқу
2. «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.

 

1-топ.Жануарлардың көктемгі тіршілігі .Құралай желі қалай аталған.?

2-топ. Көктемгі қарбалас

3-топ. Малдарды көктемде адам қалай бағып,күтеді?

4-топ. Үй жануарларының төлдерін ата,пірлерін айт

5-топ. Жабайы аңдармен  малдардың көктемгі тіршілігін     салыстырып айт

 

  1. Құстар  балапандарын қандай азықпен азықтандырады?
  2. Көктемде құстар қай жақтан оралады?
  3. Қарлығаш ұясын қайда салады?
  4. Үй құстарын ата ?

Үй құстары мен жабайы құстардың тіршілігін салыстыру

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.