Шын достық—таусылмас қазына (тс).

gulbazarbekb000«Жаңа Ғасыр»  №175 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекпанова Гүлбазар  Ахаевна.
Мақсаты: Шын достық туралы пікрлесе отырып,оқушылар арасында сезім қалыптастыру.Олардың арасында жағымды қарым –қатынас орнату,бірін-бірі сыйлауға,адал дос болуға үйрету
Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке шынайылыққы,адалдыққа тәрбиелеу
Оқушылар арасында достықсезімдерін дамытуға ықпал ету
Ұраны: «Дос көңілі- шарайна ,сындырып алма абайла»

Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру:
-Шаттық шеңберіне тұрып ,гүл шоғын  бір-біріне ұсынып тілек айту.

2.Кіріспе  Мұғалімнің сөзі

Өмірде өзіне сырлас,сыйлас таба білсін деп  бүгінгі сабағымызды «Шын достық-таусылмас қазына»тақырыбында өрбітеміз.Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерді білу,достықты қадірлей білуге үйрету,адал дос таба білуге үйрету.

Достық-адамның бірін-бірін  жаны қалып шын жақын көріп ,қалтықсыз сеніп,тілектес мұраттас болуы.Өмірге деген көзқарасы ортақ дүниетанымы деңгейлес ,әрі бір-бірін оңай түсінетін  жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық.Дос деген сенің басыңдағы

Кез-келген жағдайды басқалардан артық түсінетін ,яғни өзің сезгендей сезе алатын адам.

-Достық туралы ұлы философтар мен ақындар ой толғаса ,әншілер достық туралы керемет әндер шырқаған.

Скачать (PPTX, 367KB)

1-топ  достық туралы ақындардың өлең шумақтарынан үзінді айтады.

1-оқушы:
Не жетеді нағыз досқа асылға
Қуансада қайғырсада қасыңда
Қиналады сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң ұйықтамайды ол дағы.

2-оқушы:
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас
Араға көп өкпе сап табандамас
Көңілі татулықты іздеп тұрар
Жөнінде татулықтың шабандамас

3-оқушы:
Жақсының әрбір сөзін қайрамаңыз
Жасыған жездей қылып маймаңыз
Сыр алмаған біреумен дос болам деп
Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз

4-оқушы:
Дос емс достың сөзін көтермес
Салған жерде түбіне жетем десе
Не қылып дос атына қосылады
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе

5-оқушы:
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды
Жуырда түрткеніне жарылмайды
Жақсы –жаман айтардеп елемейді
Бақ-дәулет сол адамнан айырылмайды

6-оқушы:
Шын дос үшін алайда
Тік қатерге басыңды
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды

7-оқушы:
Достық- әдеп сыйласым,
Дос-өмірлік қимасың
Дос арыңдай қымбатты
Дос сезімі тым тәтті

8-оқушы:
Достық-игі жақсылық
Достық ниет жақсы үміт
Достық жасап адамға
Достаса біл әманда

9-оқушы:
Достық – өмір тірегі,
Достық – әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.

10-оқушы :
Достық деген таусылмайтын қазына
Көктемдеде солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көппен азына
Нағыз достар тіпті сыйда тілемес

2-топ Достық туралы нақыл сөздер айтады

1-оқушы: Жүргенде көп достық малданып
Алайда тек қалма оған алданып  (Әл Фараби)

2-оқушы: Өзіңе қарай дос таңда күшіңе қарай жүк көтер
(Жүсіп Баласұғын)

3-оқушы:
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң
Сыртыңнан жүрер өсектеп (Махамбет Өтемісұлы)

4-оқушы: Жолдасын таппаған ер азады
Басшысын таппаған ел азады.(Мұхтар Әуезов)

5-оқушы: Өрге жүзген өнегелі ісінен ,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен (Әл Фараби)

6-оқушы: Жаман дос көлеңке :басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса ,іздеп таба алмайсың
(Абай Құнанбаев)

7-оқушы: Жас күніңде кімді көрсең бәрі дос (Абай Құнанбаев)
8-оқушы: Жақсы жолдас сыр шашпас (Ақан сері )
9-оқушы: Адамзатта не тәтті-дос тәтті,аста тұз тәтті
(Сырым Датұлы)

10-оқушы: Жауға -жалынба,досқа –тарылма (Мұқтар Әуезов)

3-топ Достық туралы мақал-мәтел айтады.

1-оқушы : Досың үшін жан пида.
2-оқушы: Дұшпанға тастай қатты бол
Досыңа балдай тәтті бол

3-оқушы: Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды

4-оқушы: Жаман аттан аяғым артық
Жаман жолдасиан таяғым артық

5-оқушы: Дос жылатып айтады
Дұшпан күлдіріп айтады

6-оқушы: Ақуды атпа ,досыңды сатпа
7-оқушы: Жаман дос көлеңке
8-оқушы: Ағаш тамырымен
Адам досымен мықты

9-оқушы: Есепті дос айырылмас
10-оқушы: Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа

11-оқушы: Күлме досыңа,келер басыңа
12-оқушы: Досыңды жамандама
Бостан босқа қаралама
Ән: Жакежан Алтынай

Көріністер :
1-топ: «Алғашқы жауын жауғанша»

Дана мен Бота тату дос .Олар мектепке бірге барады.Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті.Дананың үстінде плащы бар.Бота көйлекпен ғана болатын.

-Плащыңды шеш екеуіміз бірге жамылыйық –дедіБота
-Шеше алмаймын үстім су болады- деді Дана
-Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсі құрғақ, сенің үсің неге су ?Неге бұлай?Екеуің бірге келмедіңдер ме?-деп сұрады
–Дананың плащы болды ,ал менде көйлке ғана -деді Бота
-Екеуің бір плпщты жамылалатын едіңдер ғой сендердің достықтарың алғашқы жауын  жауғанша екені көрініп тұр – деді мұғалім

-сұрақ екеуінің достығын қандай достықтың түріне жатқызар едіңдер?

2-топ:  Балам көңіл күйің жоқ қой досымен ренжісіп қалдым

Әкесі баласына: бір уыс шеге беріпті мына шегені досыңды ренжіткенде бөренеге қағарсың депті
Бала бірінші күні ақ бөренеге бірнеше шеге қағады.
Келесіде досын ренжітпеуге тырысады  шеге ні күнде сурып отырады
Күнннен күнге шеге азайып орыны қалады  .Атасыжарайсың балам досыңды ренжітпедің бірақ бұрынғы реніштің ізі қалды сондықтан досыңа ешқешеа ренжітпеуге көңілін қалдырмауға тырыс .

3-топ:
Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды

БИ :өзбек биі
1-топ Дос қандай?  күн шуағына жазады
2-топ Мақал мәтелдің жалғасын табу
3-топ Менің досым  эссе

Қорытынды :
-Барлығы бірге қолдарын жоғары көтеріп , «Дос болайық бәріміз» әнінің қайырмасын айтады.

-«Тілек қоржынына » досқа тілек жазу

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.
  • Досыңды қорлама.
  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

Досыңның кемшілігін кешіре біл

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.