Психоанализ – тұлғаның өзін-өзі тану құралы ретінде.

Жұманбаева Жаңыл.
Жамбыл облысы, Шу қаласы “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің психологы.

Жобаның презентациясын көшіріп алыңыз

Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани – адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту заман талабы.

Тұлғаның өзін-өзі тануы – үзіліссіз процесс. Мектептің алғашқы сатысынан бастап, білім беру мен тәрбие процесі жас ұрпақты әлеуметтендірудің балама негізін қалайды.

Тұлға дамуын жетілдіру өзіндік сананы дамыту арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін психоанализді қолдану ісі табысты болмақ. Психоанализдің қолданбалы әдістері кең мағынада тұлғаның өзіндік дамуын мақсатты, жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Психоанализ-тлғаның өзін-өзі тану құралы. Психоанализ «Псюхе» – жан, «анализ» – талдау деген мағынаны береді, яғни тұлғаның ішкі жан дүниесіндегі санадан тыс құбылыстарға терең талдау жасау.

Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі. Психоанализ терминін З.Фрейд 1896 жылы невроз этилогиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. З.Фрейд психоанализге мынадай сипаттама берген: біріншіден, басқаша қол жеткізбейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы; екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі; үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар.

Психоанализдің ерекшелігі. Психоанализ психотерапияның басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшеленеді. Бұл, сонымен талдаушының назарында «жақсы» және «жаман» жақтардан тұратын нақты адам болады деген сөз. Психоанализ өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй «алып тастауды» көздемейді, өйткені тәжірибе көрсеткендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Басты міндет симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну міне өзі мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез құлқының жауап тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт.

Психоанализ тамыры – бірінші тамыр, не болғанын міндетті түрде көру қажет, бос жерде ештеңе болмайды, ештеңе «нолден» басталмайды, екінші, цайтгаист, «уақыт жаны» дегенді білдіретін неміс сөзі, үшінші, автордың тұлғасы маңызды фактор немесе осы бағыттағы көшбасшы.

Психоанализ ең алдымен көптеген психологиялық қорғану арқылы санадан жасырынып жатқан, оған ұмытшақтықты қоса айтсақ, өз бейсанаңа, естеліктеріңе, сезімдеріңе, тілектерің мен көрген түстеріңнің құпиялы астарына жақындауға көмектеседі. Жанталдау нәтижесінде адам алғашқы рет өзі мен өзгелерді дұрыс түсіне бастайды және алғашқы рет өз мүддесін қорғау үшін әжептеуір әрекет жасай бастайды. Психотерапияның түрлі бағыттан қарауды біз психоанализден бастаймыз. Психоанализ тақырыбы жиі талас туғызады. Бұл сұрақ бойынша қарама-қарсы пікірлер бар. Біреулерін психоанализ адасуға әкеледі, және бұл барлық жамандықтан құтылу болып көрінеді: басқалары психоанализ негізі жыныстық бірлескен қарым-қатынас еркіндігі болып табылады Психоанализ жайлы жалпы ойларды білмейтін адамды ең бірінші телефон көрген және онымен қалай қолдануды білмейтін адамдармен теңестіруге болады

Психоанализге маңызды бейімділік өз жанын және басқа адамдардың жандарын түсінуге туа берілген ұмтылыс. Бұл үшін ешқандай білім мен тәсілдер көмектеспейді. Фрейдтің басты шарты болып, ғылымға бейсаналық түсінігін енгізді, көп уақыттық тәжірибелік іс әрекетінде анықтады. Фрейд өзін және басқаларды да мағынасыз уайымдаудан құтқарғысы келді, ең соңында көптеген психикалық аурулардан құтылғысы келді. Фрейд ойынша бейсаналық биологиялыққа тең келмейтін күшті сана, адам міндеті бейсаналық күшін интеллект күшіне бағындыру. Бұған бейсаналықты терең зерттеп және талдау арқылы ғана қол жеткізеді. З.Фрейдтің психоанализінің негізі осыда. Психоанализдің тұлға дамуына маңызын баяндауға тырысалық.

Тұлға деген кім? Дегенге көптеген ғалымдар әр түрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. Көбінесе тұлға деген ұғым әлеуметтік даму процесінде меңгерілген өмірлік және әлеуметтік маңызды сапалардың жиынтығы деп түсініледі. Тұлға қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәні болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам. Егерде тұлға түсінігінің пайда болуын қарастырып отырса, онда ол эвропалық тілмен персона деп аталды. Орыс тілінде тұлға сөзі өзінің бастауын «жеке» (личный) деген сөзден алады. Психология тұлғаны сөзді игерген, әлеуметтік байланыстарға түсетін адамның психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар тұлға адамның өзі емес. Философияда адамның маңыздылығы оның қабілеттерімен, өзіндік реттелуге, өзіндік шарттауға, не істеу керек екенін шешуге, қандай шартты таңдау керектігіне, ақылмен, қабілетпен әлеуметтік өзара әрекетке түсетін жағдаймен байланыстырылады. Тұлға өзара әрекет пен танымның әлеуметтік құралдарын меңгерген. Солар арқылы тұлға өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады, қандай болғысы келген идеялармен өзін өсіреді, түзейді. Тұлға тарихи, сондықтанда тарихтан тыс тұлға жоқ. Адамның тұлғасы жүз жыл бұрын өмір сүрсе де, ол екі жүз жыл бұрын өмір сүрген адам тұлғасынан, қазіргі жаңа адамнан айырмасы болады. Тұлға тарихи дамудың, әлеуметтік факторлардың құрылуының өнімі боып табылады, өз мәселесін қоғамға кіре отырып шешіп, тұлға болып қалыптасады.Фрейд бойынша тұлға әуелден ақ қақтығысқа түсетін инстанциялардан тұрады. Төменгі инстанция Ид биологиялық, инстинктің оянуын көрсетеді. Олар әлеуметтік нормалармен, тыйулармен қамтылған супер эго мен жаншылған. Эго осы инстанциялардың өзара әрекетін реттейді. Мінез-құлықта конфронтация тұлға мен қоғамның, мәдениеттің конфликтісі ретінде көрінеді.Өзін-өзі тану – бұл өзінің жеке басының және де интеллектуалдық ерекшеліктерін, өзекті қасиеттерін, мінез – бітістерін, өзінің басқа адамдармен қатынасын тағы сол сияқтыларды тани білу процесі. Соның негізінде өзін-өзі танудың мәні, құрылымы, механизмі жайлы сұрақтар туындай бастайды.

Психоанализді тұлғаның өзіндіктаным құралы ретінде қарастыра отырып, психикалық құбылыстардың өте күрделі құрылысын түсінуге үйретеміз.Тұлғаның өзіндік танымы ұғымына психологиялық сипаттама, өзін-өзі тану; өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түрде түсіну; адамның өзін-өзі тануы өз ой-пікірін, көзқарасын, іс-әрекетін, өзгелердің өзіне деген қарым-қатынасын саналы түрде сезіне білуден басталатыны; ал өзін танып білгеннен кейін, өзгелерді түсініп, өмірді танитын болатыны, сонда ғана алға қойған мақсаттарына жете алатыны баяндалды. Өзін-өзі тану арқылы адам шаттыққа кенеліп, жан дүниенің тепе теңдігі байқалады. Ал жан дүниенің тепе теңдігі адам денсаулығының кепілі. Жан дүниеің дұрыс болмайынша, адам бақытты болмайды. Сол жолда яғни бақытқа жетсең бір жолда өзін-өзі тану көмекке келеді, тіпті іштегі мұң, шеріңді ақтарып, айналадағы адамдармен бөлісесің, бейне бір арқаңнан ауыр жүк түскендей күй кешесің, осыдан кейін тіпті табиғатпен де тіл табыса аласың. Тұлғағаның бойына өзін-өзі тану түсінігін терең сіңіре отырып біз, жан-жақты дамыған, рухани адмгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.

Тұлға дамуын жетілдіру қазіргі қоғамда аса маңызды шарттардың бірі. Ол жаһандану процесіндегі планеталық санаға апаратын бірден-бір жол. Тұлғаның дамуы өзіндік сананы жетілдіру арқылы жүзеге асады. Бұл ретте тұлғаны психологиялық анализдеу аса тиімді әдіс болып табылады. Бірінші бөлімінде практикалық психологиядағы психоанализ әдісі туралы жалпы түсінік және оның қолданбалы маңызын негіздеу жолдары қарастырылды. Психоанализді тұлғаның өзіндіктаным құралы ретінде қарастыра отырып, психикалық құбылыстардың өте күрделі құрылысын түсінуге үйретеміз. Тұлғаның өзіндік танымы ұғымына психологиялық сипаттама, өзін-өзі тану; өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түрде түсіну; адамның өзін-өзі тануы өз ой-пікірін, көзқарасын, іс-әрекетін, өзгелердің өзіне деген қарым-қатынасын саналы түрде сезіне білуден басталатыны; ал өзін танып білгеннен кейін, өзгелерді түсініп, өмірді танитын болатыны, сонда ғана алға қойған мақсаттарына жете алатыны баяндалды. Өзін-өзі тану арқылы адам шаттыққа кенеліп, жан дүниенің тепе теңдігі байқалады.

Тұлғаның өзін-өзі тануын жетілдіру мақсатында психоанализді қолдану тиімді болып отыр. Психоанализдің өзі тұлғаның психикасын терең талдау болып табылады. Біз осындай тұлғаның өзіндік танымын анықтау мақсатында өзіндік танымға байланысты зерттеу жұмыстары тиімді болып табылды. Адамның өзін-өзі тануы барлық ғылым-білімнің ішіндегі төресі, ең маңызды, ең үлкені және бүкіл адамзат мәдениетінің ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Өзін-өзі терең зерттеп, түсінуге тырысқан адам ғана басқалармен, өзін қоршаған табиғатпен ынтымақты, үйлесімді үндес өмір сүре алады. Ал өзін зерттеуге ұмтылу дегеніміз, өз бойындағы жақсы, ұлағатты әдеттерді тәрбиелеп, мәпелеп өсіріп, ал көптеген қыңыр қылықтарға бой бермей мінезінің жаман жақтарын түзету бағытында бір сәтте дамылдамастан еңбектеніп отыру. Үнемі өзінің ішкі дүниесіне үңіле отырып, жан көріністерін бақылауда ұстау, ол үшін адам өзінің барлық іс-қимылын, ең алдымен ой санасын жүрекке, былайша айтқанда жан дүниесіне бағындырғаны дұрыс.

Жобаның презентациясын көшіріп алыңыз

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.