Жамбыл Жабаев, «Алғадай туралы әрбір ой», 7-сынып

asemtursyn000Тұрсынова Әсем Рахымбердіқызы Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр » № 175 гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

-Әрине,  Сүйінбай
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай .
Сырлы , сұлу сөздері ,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай
(Жамбыл Жабаев)

Сабақтың тақырыбы  
ЖАЛПЫ  МАҚСАТТАР Оқушыларға  Жамбыл ақынның  өмірінен деректер келтіре  отырып,  тақырыбы мен  ойын ашу,  оқушылардың  өзіндік  пікірін қалыптастыру.
ОҚЫТУ  НӘТИЖЕСІ Оқушылар  Жамбыл ақын  туралы танып біледі.   арнау және оның түрлері  туралы танып біледі . Ақын жайлы пікірі, ақын өмірінен деректер алады. Отансүйгіштікке үйренеді.  Туған – туыс, ата- ана , Отан, туған елге деген сүйіспеншілігі артады . Ақын өлеңінің   мағынасын түсіне отырып, сыни тұрғыдан өзіндік ойын дамытады.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР Өлеңмен таныса отырып, бата  өлеңінің  не   екенін таниды  .  Ақын  өлеңін тани  келе  ақын шығармашылығын  бағалай білу  керектігі жайлы  идеялары қалыптасады.
ТАПСЫРМАЛАР Жамбыл  кім? (постер)«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» ,Түртіп алу  стратегиясы, ой шақыру топтық жұмыс топтастыру, диалогтік оқыту, Ақынға хат, Идеялар картасы , Қазақ әдебиеті  жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау .
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:І. Ұйымдастыру:
1. Амандасу;
2. Сынып  оқушыларын түгелдеу;
3. Сынып оқушыларын  топқа бөлу.
2 мин
Үй тапсырмасы:  Өлеңді жаттау. Қосымша деректер ізденіс тапсырмасыІ топ.   Зерттеушілер өмірін зерттеуші
ІІ топ  Тарихшылар Жамбыл ақынның өміріндегі тарихи кездер
ІІІ топ Әдебиетшілер жалпы топтағы оқушылар өлең , жырларын, поэмалары туралы айту.

ІV. Топ сарапшылар барлық жұмыста, сарапқа салушылар.

І Өлеңді жаттау . Қосымша деректер ізденіс тапсырмасы.   І. Қызығушылықты  ояту сатысы:

– Балалар ,  Жамбыл Жетісудың қай атақты ақынынан бата алған ?

-Әрине,  Сүйінбай
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай .
Сырлы , сұлу сөздері ,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай
(Жамбыл Жабаев)

ІІ.  Жаңа сабақ.

Мағынаны тану:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына  барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.                                                                                                                    Мағлұмат беру. Ақынның алты ұлы болған: Қожамберді , Қожаш, Аққұлы, Ізтілеу, Алғадай , Тезекбай . Алғашқы екеуі ертерек қайтыс болыпты.  Соңғы төртеуінің  екеуі – Ізтілеу мен Алғадай әскер қатарына  алынады. Майданда Алғадайдың  көрсеткен ерліктерін айтып  бөлім бастығы хат жазғанда ақын қатты қуанады. Жәкең  өзге балаларым – бір төбе,  Алғадайым бір төбе дейді екен.  1943 жылдың жазында Алғадай  соғыста ерлікпен қааға ұшырауы туралы  хабар келеді . Қайғы ақынға аса ауыр соқты . Алғадай майданға аттанғанда осы «Аттандыру» атты өлеңі  шығады.  Баласы соғысқа атанғаннан жеті күн кейін әйелі Жәмеш босанып, ұл туады . Жәкең оның атын Қуаныш  қойған.                                                                                  1943 жылы Алғадай ерлікпен  қаза табады  Осы қайғылы хабарды естіртуге  Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов  келіп:

–          Ау, Жәке , көпті көрген батырымсың ,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың .
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті , бұл дүниеде адам күшті ,
Жүзге дейін көрдіңіз талай  істі .
Миуалы  бақ ішінде дарағы едің ,
Бір  жемісің жел соғып жерге түсті,- деген екен

Шығармашылық  жұмыс:  Тұрмыс-салт жырының  түрлерін соның ішінде жоқтау туралы  айтады. «Алатауды айналсам » атты  Жамбылдың  өлеңінің әнін  тыңдату Үнтаспадан тыңдайды.

Кітаппен жұмыс:                                                   Түртіп алу  стратегиясы                                                                                                       Өлең мәтініндегі сүйікті, түйін сөздерді  теріп жазу

Мүрде- өлген адамның денесі
Көзел – көркем, сұлу,
Саңлақ – елден ерек
Жабы – қазақ жылқысының  байырғы  қарабайыр түрі
Кәріп – соқыр, мүгедек
Топырағың торқа болсын- дүние салған адамға  айтылатын тілек
Темір өзек – жаны тозбайтын темірден жаралған пенде жоқ деген сөз.
Жұқарыңқы – жүдеу, азу

Өлеңді мәнерлеп оқиды

– Өлеңді қандай мәнермен оқимыз?
– Әр бөліміндегі  ақынның көңіл күйіне тақталу.
– Ақынның қайғысы қай жолдаррда берілген?
– баласын жоғалтқан әкенің қайғысын  қалай байқауға болады.

Сергіту     «Күн шуағы»

І . Зерттеушілер тобына
Өлеңдегі  ақын қайғысын тауып,  оның  көңіл күйіне тоқталу .

ІІ. Тарихшылар тобына
“Алғадай туралы ой ” мен “Атаның әлдиі ”өлеңін салыстыру.                                                            Кімге арналғандығын анықтау .

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан  әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
  2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ІІ. Тарихшылар тобына

Бұл өлеңді  неліктен жоқтау өлеңге жатқызамыз.

Жоқтау  деген не ?

3 мин 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

ІІ. Шығармашылық   Ой шақыру : Жамбыл атаға хат 5 мин
ІІІ..«Екі жақты түсініктеме  күнделігі»

Не таңқалдырады ? Неліктен ?

Өлеңді  мәнерлеп  оқып, мазмұнымен  танысады. Кестені  толтырады . Жұпта , топта  талқылайды .

2 мин
Өлең талдау

Т ақырыбы
Идеясы
Жанры
Көркемдік ерекшелігі
Өлеңнің құрылысы .
5 мин
ІV.Әдебиет жұмыс дәптерінен тапсырмаларды орындау .-Ақын өмірін мазмұндар   әрбрі  ой » өлеңінің көңіл күйін, мазмұнын қара сөзбен жазу . 3 мин
  1.  Идеялар картасы :   Топтық жұмыс: І топ.  І бөлімін : Ауыспалы мағынадағы , көркемдегіш құралдарын табу.

ІІ топ .  Жамбыл ақынның өлеңін қарасөзбен жазу .

ІІІ.  Осы өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, Жамбыл ата  хат  жазыңыздар.

5
VІ. Бағалау. Сынып оқушыларын бағалау «Ашық журнал» әдісі арқылы жүзеге асады . Жинаған ұпайларын  балл түрінде үлестіріп отыру . 1
Үйге тапсырма:Өлеңнен үзінді жаттау ,    Жамбыл ақын шығармашылығына  эссе немесе  өлең шығару Өлеңді жаттау . Қосымша деректер ізденіс тапсырмасы . 1

 

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.